Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өнерлі өрге озар


Өнерлі өрге озар

Өнерлі өрге озар

Тақырып: Өнерлі өрге озар

Мақсаты:   Оқушыларды білімділікке, біліктілікке тәрбиелеу.

Өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілін құрметтеу.

Көпшілік алдында қысылмай, еркін сөйлей білуге, тез ойланып, шешім қабылдауға бейімдеу.

Оқушыларды өз салт-дәстүрін білуге тәрбиелеу.

Сайыс акт залында өтеді.

Сайыс  VI кезеңнен тұрады:

 «Таныстыру».

2. Үй тапсырмасы. Салт-дәстүрден көрініс.

3. «Атадан қалған асыл сөз».

4. «Кім шапшаң».Тыйым,ырым сөздер

5. «Өнерліге өріс кең» сайысы.

6. «Мақалдың жалғасын тап» сайысы

7. Топ басшылардың сайысы.

1үргізуші:

-Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы! Наурыз салтанаты!

Наурыз – жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні – жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен теңелер мезгіл – наурыз айының 22 жұлдызына сәйкес келеді.  Бұл – қыс бойғы қар көбісі сөгіліп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңаратын шақ. Бұл күні аталарымыз «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы болар» деп, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын.

Осы ұлыстың ұлы күніне орай «Өнерлі өрге озар» сайысын  тамашалайық!

2үргізуші:

Сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырамыз:

1.Брусевич Т. А.

2.Кусаинова А. Ж.

3.Буенбаева С.Н.

1үргізуші:

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіндер қадірменді қонақтар,

Жайнаған мына біздің төрімізге.

2-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін сақтамақ.

Ел намысын қорғамақ,

Өнерлілер шықсын ортаға.

Бүгін «Жеңімпаз» атанбақ.

1-жүргізуші:

Қыздар тобын таныстыру міндетім

Қызғалдақтай көңіл шіркін гүлденсін

Қыздарыңның өнеріне сүйсініп

Қол соққанда мына зал бір сілкінсін.

2үргізуші:

Бұл күнде ұмыт болған әдет-ғұрып

Кім көрген сұлулықты жарастырып

Жаңғыртып сол дәстүрді бүгін біздер

Қоялық жігіттерді таныстырып.

1үргізуші:

Қайсысы күйші,кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек,кім жылдам?

Таланттарын табайық!

1- жүргізуші:

Салт-дәстүрлер тамаша

Қайта құрдық тамаша

Жарысқа өнер көрсетіп

Андрей    келді сайысқа.

2үргізуші:

Біздің Майрам   қыздардың білімдісі

Биік тұрмақ қашанда білім күші

Бақыт күшін күресіп туған елді

Болашаққа бастайды бүгін ісі.

1- жүргізуші:

«Білік-күші-бірді жығар»деген бар,

Білімдігін бөгет емес терең жар

Арыстандай айбатты Ниязбек

Бата беріп қолдап жібер дос жаран!

2 жүргізуші:

Тәрбиелі ибалы

Білім нәрі жиғаны

Татьянаның  бойында

Жеті өнер жинағы.

1- жүргізуші:

Өнерлі жан жұлдыз болып жанады.

Өмір көштен өз орнын болады.

Бұл сайысқа жеңіске жетеміз деп

Алдарына келді міне Азат

2- жүргізуші:

Қазақ қызы деген атқа лайық

Аружанға  біз де мойын бұрайық

Іс-тігудің, тоқудың да шебері ол

Кесте тігіп,ою ой деп сұрайық

1- жүргізуші:

Талаптыға ашылатын қақпасы

Өнер деген ер жігіттің жақтасы

Нұрқасым деп ат қойыпты әкесі

Қуаныпты ауылдағы отбасы.

2- жүргізуші:

Ашса жырдың ажарын

Өлең жазып озарым

Ксения атты қызымыз

Қозғалмастай салмақты.

1- жүргізуші:

Пайғамбар, әулие қолдасын

Сәтті күні бастайық бұл жол басын

Кезі бұл осы топты танылатын

Жекпе-жекке шақыратын Константин

2- жүргізуші:

Өз тобымды таныстырдым мінекей

Қошеметпен қол соғайық халайық

Әншілігі сайыста көрінетін

Генриеттаға қол соғып бір қарайық.

Ұлдар тобының аты: «Сұңқар», ұраны: Сұңқар құстай әрқашан биіктерден көрінеміз».

Қыздар тобының аты: «Жұлдыз», ұраны «Ата-салты ұмытылмай қала берсін,қазақ тілі жұлдыздай жана берсін».

 1-жүргізуші: Қазір сіздердің назарларынызға 11 «а» сынып оқушысы  Шумячкин Владилав  қазақтың күйін орындайды.

2-жүргізуші:

Болсақ дейміз біз де шебер өнерпаз.

Ер жігітке жетпіс жеті өнер де аз

Ұлдарымыз Төлегенге ұқсасын

Қыздарымыз Жібек сынды төсін наз.

Енді сайысымызды бастайық.Үй тапсырмасы. Салт-дәстүрден көрініс.

(2 группы покажут элементы традиции)

1үргізуші:

Өнер-ағып жатқан бұлақ, Ілім – жанып тұрған шырақ демекші үшінші, яғни «Атадан қалған асыл сөз» сайысына көшейік.

  1. Жеті жұт.(1. Құрғақшылық 2. Жұт (мал қырылу) 3. Өрт 4. Оба (ауру) 5. Соғыс 6. Топан су 7. Зілзала (жер сілкіну)).
  2. Жеті жоқ.  1. Жерде өлшеуіш жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллада бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.
  3. Жеті ғашық. 1. Ләйлі-Мәжнүн 2. Фархад-Шырың 3. Таһир-Зуһра 4. Арзу-Қамбар 5. Уәлик-Ғарра 6. Уәки- Күлшаһ 7. Жүсіп-Зылиқа
  4. Жеті қазына. 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік тазы (ит).
  5. Жеті қат көк. 1.Луна 2. Солнце 3. Венера4. Меркурий 5. Марс 6. Сатурн 7. Юпитер
  6. Жеті ғалам. 1. Шығыс 2.Батыс 3.Оңтүстік  4. Солтүстік 5. Аспан (жоғары ғалам)

Жер (орта ғалам) 7. Жер асты (төмендегі ғалам).

1-жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті.

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтың сайысында.

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, дегендей оқушыларымызды бағалау үшін әділ қазыларға сөз берейік.

2-жүргізуші: Ал сіздердің назарларыңызға «Қаражорға биі» орындаушылар-... Уберская Марина, Рудова Татьяна, Цорн Генриетта

1-жүргізуші: Біздің сайыскерлер қазақтың тыйым,ырым сөздеріне де жетік. Келесі сайыс «Кім жылдам».Қыздар мен ұлдар тобы 1 минуттың ішінде тыйым,ырым сөздерді айтып шығуы тиіс. Ал сіздер,қазылар алқасы, санап отырыңыздар.

2-жүргізуші: Қазылар алқасы қорытынды жасағанша, мен көрермендермен сайыс өткізейін. Кім салт-дәстүрді жақсы біледі?

1. В обычаях казахского народа при рождении ребенка до сорока дней старались его никому не показывать. По истечении срока малыша купают и готовят ему колыбель. Обряд укладывания в колыбель называют бессікке салу. Купание осуществлялось естественно в теплой воде. Вопрос: что добавляли в воду, чтобы уберечь ребенка от болезней? (соль ложили в воду)

2. Особое место занимает в жизни казахов свадебный обряд. По традиции он длится долго и проходит в несколько этапов. В средневековье, вплоть до конца XVIII века, девушка, бывало, и не видела своего жениха, так как родители уже принимали решения за нее. В одном из этапов в день своего знакомства в знак своего согласия девушка должна была подарить своему жениху подарок. Как вы думаете, что это за вещь или предмет  дарения? (Платок)

3. Когда переговоры заходили в тупик, то вместо речи смысл  решения доносили предметы. С помощью двух предметов, один из которых книга, объявите войну. (Нож в книге).

4.Характерной  для кочевого казахского быта была и посуда. Например, саба – емкость конической формы из кожи, используемая для приготовления и хранения кумыса, шубата. Для перевозки кумыса существовала другая емкость – суйретпе, а емкость до 3-4 литров называлась...? (Торсық).

5. На юге Казахстана  праздник Наурыз дополнялся чествованием алого цветка. Этому нежному созданию природы посвящались айтысы, молодежные хороводы, спортивные игры. Какому цветку был посвящен этот обряд? (тюльпан).

1үргізуші:

«Өнерліге өріс кең» Өнер сайысы деп аталады. Бұл сайыс бойынша әрқайсысы өз өнерін көрсету керек.

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Сайыскер төмен көрінбес,

Сайыста жүрсе қалыспай деп өнер сайысын тамашалайық.

Сайыстың шарты мынадай. Екі топ  өз өнерлерін көрсетеді.

Қыздарға:

Қыздардың өнерлері – Қазақтың қоржының ою өрнектермен әсемдеу.

 Жігіттердің шеберлегі – Қамшы өру.

1-жүргізуші: Қыздар мен жігіттер сайыстарын аяқтағанша  сіздердің назарларыңызға 9 «б» сынып оқушысы Нағашбек күй орындайды.

2-жүргізуші – «Мақалдың жалғасын тап» ойыны.

Мақал сөздің – мәйегі,

Жалғасын сен аташы.

Тоқсан ауыз сөздің де

Түйіні бар тобықтай.

Сөз сиқырын сездің бе,

Мағынасын толықтай.

«Мақалшыл бала» атансын

Жауап берген қорықпай!

Ал жігіттер тобы бастаңыздар

1-жүргізуші:  Ал енді сіздердің назарларыңызға топ басшылардың сайысы.

Жігіттер топ басшысына қойылатын сұрақтар.

  1. Атқа мінгенде пайдаланатын  қандай бұйымдарды білесіз?
  2. Жылқы малының 5 жасқа дейінгі аттарын атаңыз.
  3. Ата өнері немесе ата кәсібін атаңыз
  4. Биенің сүті,түйенің сүтін атаңыз

2-жүргізуші:Ал енді қыздар топ басшыларына сауалдар қойылады.

1.Мереке-жиындарды атаңыз.

2.Кәделерді білесіз бе? Білсеңіз атаңыз.

3.Ана кәсібі қандай?

4.Жөн-жоралғы туралы не білесіз?

1-жүргізуші:

Бойларында от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

Қазылар алқасы қорытынды шығарғанша сіздердің назарларыңызға өлең. Орындаушы- 9 «А» сынып қыздары.

Ал енді сөз қазылар алқасына беріледі.

Назарларыңызға көп рақмет, келесі кездескенше қош сау болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат!» сайысы
«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» жеңгелер мен арулар сайысы
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.
Қазақшаңыз қалай?
«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән-би байқауы
Жарасымды отбасы
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
Наурыз - думан
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 16132 | Қосты: Анар | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык