Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Алынбайтын асу жоқ


Алынбайтын асу жоқ

Алынбайтын асу жоқ

Өзiн-өзтану сабағының жоспары

Мектеп: «Ә. Махутов атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ

Мерзiмі:12.11.2014ж.

10 сабақ

Тақырыбы: Алынбайтын асу жоқ

Құндылқ: Дұрыс іс-әрекет

Қасиеттер: Егер қаласа, адамның қолынан көп іс келеді.

Мұғалiмі: Карашулакова Айнагүл

Сыныбы:10

Оқушылар саны:8

Сабақтың мақсаты:

Әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерінтанып, оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу.

Міндеттері:

адам мүмкіндіктері туралы түсініктері туралы түсініктерін одан әрі тереңдету;

- әр оқушының өз мүмкіндігін танып, дамытуына ықпал ету;

- өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, оқулық, дәптер.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Шаттық шеңбері 
Мұғалім балалармен еркін қарым-қатына жасау мақсатында шеңбер құрыпбарлығы бірге «Ертегілер әлемі» әнін айтады.

Мұғалім адам мүмкіндігінің шексіздігін түсіндіру үшін оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарында берілген Бейбіт Сапар Алидің Тоқтар Әубәкіров туралы шығармасыныа алынған үзіндімен таныстырады. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Сабақта берілген ақпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында Лернардо да Винчидің «Егер адам қолынан келетін, істеуге міндетті нәрсесін жүзеге асыра алса, сол адамды бақытты және жарасымды деп атауға болады»,-қанатты сөзі қолданылады. Мұғалім дәйексөздің мағынасын оқушылармен талқылап, мағынасын түсіндіріп береді.

 

  1. Шығармашылық жұмыс.

     Оқушыларды өз мақсаттарын жүйелі іске асыруға үйрету маұсатында оқулықта төмендегідей тапсырма берілген.

     Бір күндік, бір апталық, бір айлық мақсатыңызды жоспарлаңыз, оларға жету жолдарың белгілеңіз.

     Тапсырма дәптерде орындалады.

 

  1. Әңгiмелесу

     Оқулықтың «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген төмендегі сұрақтар негізінде сабақтың екінщі сағатында балаларға қойған мақсатқа қалай жетуге болатыны түсіндіру мақстаында пікір алмасу ұйымдастырылады.

  • Кез келген адам арманы мен мақсатына жете ала ма? Неліктен?
  • Қойған мақсатқа қалай жетуге болады деп ойлайсыз?
  • Мақсатқа жетуде адамның өзгелерден алдындағы міндеттері мен парыздары кедергі бола ала ма?

 

 Жаңа ақпарат

Егер адам шын ниеттенсе, қолданып көп іс келеді. Қазақ халқында «Алынбайтын асу жоқ»,-деген қанатты сөз бар. Бұл қанатты сөздің астарында ізгі ниет, адал ой ойлап, талаптанып, еңбек еткен адамның жетпейтін жетістігі, алмайтын асуы жоқ деген ой бар.

     Өмірде әркім өзінің жолын табуға талпынып, жетістікке жетуді армандайды. Бірақ барлығы бірден біз ойлағандай тез болмайды. Олар еңбекқорлықпен, асқан табандылықпен, үлкен адамгершілікпен келеді.

     Қойған мақсатыңа, аңсағанарманына жету үшін ең алдымен мақсатың өзіңе және өзгелерге пайдалы, ізгі іске бағытталуы керек. Қойылған мақсат тиянақты түрде ойластырылуы және өз мүмкіндігіңе сәйкес болуы тиіс. Ең бастысы адамның жан-жақты ізденіп, білім алуы , адал, тынымсыз еңбектенуі және өзіне деген ішкі сенімінің берік болуы табысқа жетудің кілті болып табылады.

 

  1. Мәтінмен жұмы

Оқулықта Ш. Құдайбердіұлының шығармасы берілген. Мұғалім шығарманы оқытуда жетістіктің адамға көп еңбекпен, парасатпен келетінін ұғындыруы тиіс.

  • Өлеңдегі «Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ-

Осы болар таза ақыл өлді демек»-деген ойды қалай түсінесіз?

  • Адам қойған мақсатына қалай қол жеткізеді деп ойлайсыз?

 

  1. Сахналау

     Оқулықта оқушылардың логикалық ойлауын, өз беттерінше дұрыс шешім шығара білуге үйрету мақсатында төмендегідей тапсырма берілген:

  1. Ақылды оқушы;
  2. Жалқау оқушы;
  3. Даукес оқушы;
  4. Келісімге тез келетін оқушы;
  5. Бәріне және барлығына көңілі толмайтын оқушы.

 

  1. Түйіндеме

Оқулықтағы «Назар аударайық» айдарымен берілген ақпаратты мұқият қарап шығып, балаларға жадында сақтап алу тапсырылады.

 Істі игі ниетпен сәтті бастау жетістікке жартылай қол жеткенмен тең. Әркез қалайда оң нәтиже алатыыңына сен. Бұл сенім сені жетістікке жетелейді. Істелген ісің  кіші гірім болғанымен, істелмеген үлкен істерден жақсы. Бос әурешілікпен болмайтын істерді болдырамын деген болатын істерді істе. Әлі басталмаған іс сен үшін қараңғы жол. Одан сескеніп артқа тартсаң, ісің бастаусыз қалады. Ал шырақ болыпжана алсаң, жолың айдай ашылады. Қараңғыда шырақ, жарықта шуақ болғайсың!

 

  1. Тапсырма

Сабақта алған білімдерін қорытындылап, өз түйгендерін жүйелей білуге үйрету мақсатында оқулықта төмендегідей тапсырма берілген.

 «Егер қаласа, адамның қолынан көп іс келеді» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.

Оқушылар тапсырманы дәптерде орындайды.

 

  1. Жүректен жүрекке

Мұғалім сабақты қорытындылап, оқушылармен бірге үнтаспаға қосылып Т. Молдағалиевтің «Адам» өлеңін орындайды.

 

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Әдептен озбайық"
Еңбек – бәрін жеңбек
Ізденген жетер мұратқа
Қайсарлық пен батылдық
Көшбасшы болуға ұмтыламыз
Менің ұстазым
Салауаттылық - өмір негізі
Сабақтың тақырыбы: «Жаныңда жүр жақсы адам»
Жаныңда жүр жақсы адам
Салауаттылық - өмір негізі
Бөлім: Уроки / Өзін-өзі тану | Көрсетілім: 14920 | Қосты: Карашулакова Айнагуль | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык