Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 24705 |
|
|
|
Көшбасшы болуға ұмтыламыз
«Көшбасшы болуға ұмтыламыз»
Психологиялық тренинг
Мақсаты:«Жас ұлан» ұйымы мүшелерінің көшбасшылық қабілетін дамыту, көшбасшының ерекшелігі мен жауапкершілігін, оның этикалық нормаларды сақтауын қалыптастыру.
Ұйымдастыру.Психолог сөзі.
«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық».Н.Ә.Назарбаев
Көшбасшы(ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді)- нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі.
Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді.Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар.
Біздің Ғасырымыз жаңа технологиялардың дәуірі болуымен қатар, өзін-өзі тану мен бойындағы қасиеттерді дамыту Ғасыры болып табылады. Заманымыз секунд сайын өзгеріп отырғандықтан, жемісті әрі бақытты өмір сүру үшін адам баласы өмір бойы түрлі дағдыларды үйренумен болады.
Сізге осындай дағдыларды үйренуге мүмкіндік туғанын қуанышпен жариялаймын.
«Өзін- өзі таныстыру» жаттығуы.
Мақсаты: Өз «менін» қалыптастыру, көпшілік алдында өзін еркін сезінуі үшін.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады.Әр оқушы өз есімдерін және өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы:
- Өмір ағымынан қалмау;
- Әрдайым білімге талпыну;
- Әрқашан жақсылық жасау;
- Биікке ұмтылу т.б.
«Ой қозғау» жаттығуы.
Ең алдымен«Көшбасшы деген кім? Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы керек? Қалай көшбасшы болуға болады?» деген сұрақтарға жауап іздеп, Күн сәулесінің шуағына жазайық.
Түйін: Көшбасшы Күндей айналасына жылу береді.
«Менің бойымдағы сіздер білмейтін қасиет . . . » жаттығуы.
Мақсаты: жас ұландардың қабілеттері мен өнерлерін шыңдау.Оқушылар ортаға шығып өздерінің таң қалдыратын қасиеттерін ортаға салады.
Түйін:Бойымыздағы бар жақсы қасиеттерімізді бағалап, талантымызды талабымызбен ұштап, жігерімізді қайратымызға серік етіп, әрекет етсек, алынбайтын қамал болмайды.
Ақпарат «Талапқа сай көшбасшы».
Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар – табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық және т.б. Ең бірінші кезекте оның мінезі жақсы болуы тиіс.
Көшбасшының бойынан табылатын қасиеттер:
1. Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы сыныптастарын тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы болуы тиіс.
2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі бола білуі керек. Мысалы, мұғалім берген тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындау.
3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді.
4. Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезімен өзгелерге үлгі бола алады.
5. Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады.
6. Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғында нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық тұрақтылығы бар.
7. Психологиялық дайындық. Сыныптағы әрбір адамның пікірімен санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды.
8. Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып, армандап жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс баға береді.
9. Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа технологияларды толығымен меңгереді. Сыныпты басқаруда өзінің білімділігін де пайдаланады.
10. Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады.
11. Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі.
12. Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бірорындатұрмай, өзбетіншедамуменболады.
13. Өзгешеойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияғасәйкесөзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекшеболғанынқалайды.
Олайболса, іскесәт!
«Сіз көшбасшы болуға лайықсыз»
«Жақсылық тамшысы» жаттығуы.
Оқушылардың санына сәйкес алдын-ала дайындалған тамшы үлгісіндегіқиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді.Тақтаға тамшыларды іліп, әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсы істерін жария етеді.
- Балалар, әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен теңізге айналды.(Психолог тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек теңіз суретін апарып іледі). Яғни, әр адамның жаны жақсылыққа толы болса,жер бетінде бейбітшілік орнап,адамдар бақытты өмір сүреді.
«Жинақтаушы қол шапалақтау» жаттығуы.
Балалар, сендердің бүгінгі жұмыстарыңа рахмет айтамын. Бір - бірімізге қол шапалақтау арқылы алғыс білдірейік. Барлығымыз шеңбердің ортасына оң алақанымызды созамыз, оларды бірінің үстіне бірін қоямыз, әрі қарай сол алақандарымызды дәл осылай біріктіреміз де, бәріміз бірге «Біз біргеміз», «Біз көшбасшымыз» деп айтамыз
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |