Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Архимед күші тақырыбына есептер шығару және қайталау


Архимед күші тақырыбына есептер шығару және қайталау

Архимед күші тақырыбына есептер шығару және қайталау

Мақсаты:

Білімділік: Архимед күші, атмосфералық қысым, газ, сұйық, қатты денелердің қысымы туралы материалдарды пысықтау, бекіту, жүйелеу;

Дамытушылық: Өмірден, табиғаттан, техникадан, күнделікті    тіршіліктен мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, пәнге деген қызғушылығын арттыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, өз бетінше ізденуге, алғырлыққа, жинақы болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жарыс сабағы

Сабақтың типі: қайталау-пысықтау сабағы

Әдісі: жеке, топпен жұмыс, тест       

Пәнаралық байланысы: ағылшын, орыс тілдері

Көрнекілігі: сызбалар сызылған плакаттар, физик-ғалымдардың суреттері, тесттер, кеспелер, бағалау парағы, қанатты сөздер жазылған плакаттар.

 

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Негізгі бөлім

1. «Бәйге» жарысы

2. Полиглот

3. Ойлан, тап!

4. Сен білесің бе?

5. Физикалық тест

6. Топбасшылар сайысы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды түгелдеп, зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөліп, бүгінгі сабақтың мақсатын таныстырып өту. 

ІІ. Негізгі бөлім

  1. «Бәйге» жарысы

Бұл жарыста оқушыларға өткен тақырыптарды қайталап, пысықтау мақсатында оқушыларға эстафеталық білім картасы таратылады.  

Эстафеталық білім картасы

Физикалық шамалар

Математи-калық өрнегі

Өлшем бірлігі

Өлшейтін құрал

1

Жылдамдық

ν=l/t

м/с

Спидометр

2

Уақыт

t=s/ν

с

Сағат, секундомер

3

Масса

m=ρV

кг

Таразы

4

Көлем

V=m/ρ

м3

Мензурка, сызғыш

5

Ауырлық күші

Fa=mg

Н

Динамометр

6

Салмақ

P=mg

Н

Динамометр

7

Қысым

P=F/S

Па

Барометр

Картаны толтыруға 7 минут беріліп, жиналады да, әр дұрыс жауапқа 1 балдан есептеледі. 

  1. Полиглот

Полиглот бөлімінде физикалық шамалардың  белгіленуі беріледі, оқушылар осы физикалық шамалардың  қандай шама екенін тауып,  қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде плакатқа жазып, оны тақтаға шығып оқып береді.  

№1 

Физикалық шамалар

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын  тілінде

1

V

 

 

 

2

Fүйк

 

 

 

3

t

 

 

 

4

ρ

 

 

 

5

Fa

 

 

 

6

h

 

 

 

 

Жауаптар

Физикалық шамалар

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын  тілінде

1

V

көлем

объем

volume

2

Fүйк

үйкеліс күші

сила трения

the working power

(force power)

3

t

уақыт

время

time

4

ρ

тығыздық

плотность

the mass

5

Fa

ауырлық күші

сила тяжести

power weight

6

h

биіктік

высота

higher

7

s

жол

дорога

way

8

FА

Архимед күші

сила Архимеда

Archimedespower

9

l

ұзындық

длина

the long (length)

10

P

салмақ

вес

weight

11

ν

жылдамдық

скорость

the speed

12

S

аудан

площадь

square

Ағылшын тілі, орыс тілі мамандары оның дұрыс оқылуына қарап бағалайды. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балдан беріледі.

3. Ойлан, тап!

Әр топқа өткен тақырыптарға есептер шығарту мақсатында есептер жазылған  карточкалар таратылады. Ал қалғандары  сұрақтар жазылған карточкалар алып жауап береді. Есептер мен сұрақтар жауаптары 5 балдық жүйемен бағаланады.

4. Сен білесің бе?

Бұл кезеңде физик-ғалымдардың суреттері жасырылады. Әр топбасшысы шығып, сурет таңдап алады. Ондағы суреті шыққан ғалымның аты-жөнін, қай елдің ғалымы екенін, ғылым саласына қосқан үлесін айтып өтеді. (Әл-Фараби, Коперник, Ньютон, Паскаль)

5. Физикалық тест

10 сұрақтан тұратын тест таратылып алынады

Физикалық тест

  1. Деформация дегеніміз не?

     А) Дененің өзгеруі        

     Ә) Дененің тоқтауы, сынуы      

     Б) Дененің ағуы

В) Сыртқы күштің әсерінен дененің көлемі мен пішінің өзгеруі

  1. Атмосфералық қысым бойынша тікелей биіктікті өлшеуге арналған құрал ...
    А) барометр            

Ә) альтиметр      

Б) анероид        

В) барометр-анероид

  1. Ауырлық күші әрекет еткен сұйықтың қысымының негізгі формуласы
    А)Р=Ғ/S        

Ә)Р=gрh

Б)Р=gт         

В)Р=mV

  1. Пішіні мен көлемі өзгерген денені қандай дене дейді?

А) пластикалық    

Ә) деформацияланған    

Б) серпімді    

В) өзгертілген

  1. Күшті өлшейтін құрал?

А) танометр          

Ә) динамометр        

Б) альтиметр         

В) амперметр

  1. Ауырлық күші дегеніміз –

     А) салмақ түскендегі күш         

     Ә) механикалық күш

     Б) дененің Жерге тартылу күші    

     В) сырттан әсер етуші күш

  1. Тығыздықтың өлшем бірлігі

     А)м/с              

     Ә)м3                                            

        Б) сағ                       

     В) кг/м3

8. Бір дене екінші дене бетімен қозғалғанда пайда болатын күш ..... деп аталады

     А) ауырлық            

     Ә) серпімділік                                   

     Б) қысым                                        

     В) үйкеліс

  1. Нормаль қысым күшін  ....  әрпімен белгілейді.
    А) N                  

     Ә)R                            

     Б)                                   

     В)  

10. Гук заңын өрнектейтін теңдеу 

     А) Ға=mg

     Ә) Ғ=mN     

     Б) Ғ=kх       

     В) р=m/V

6. Топбасшылар сайысы  

Бұл кезең 5-ші кезеңмен қатар жүреді. Әр топтың топбасшысы шығып, тәжірибелер көрсетеді. Тәжірибе түрлері мынадай:

  1. Мензурка көмегімен денелер (тығыздығы белгілі 2 дене) көлемін өлшеу және осы анықталған көлемді және кестеден дене тығыздығын пайдаланып, дененің массасын анықтау.
  2. Таразы көмегімен дене массасын өлшеу және анықталып отырған шама бойынша дененің Айдағы және Жердегі ауырлық күшін табу.

ІІІ. Қорытынды

Оқушыларды бағалап, озып шыққан топты анықтап, мадақтау.

ІV. Үйге тапсырма:§55, 29-жаттығу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қазына» танымдық сайысы.
Жас физик
Күш. Деформация
Күш. Күш түрлері
Архимед күші
Архимед күші
Динамика негіздері тарауын қайталау
Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Күш
Архимед заңын тексеру
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 13534 | Қосты: Бекеева Гульжамал Мейркуловна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык