Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Қазына» танымдық сайысы.


«Қазына» танымдық сайысы.

«Қазына»   танымдық   сайысы.

Мақсаты.: 7 сыныпта   өтілген материалдар бойынша физика пәнінен алған білімдерін  қайталау жасау, олардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, бағдарламадан тыс материалдар арқылы білімдерін кеңейту, толықтыру. Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, өз бетінше ізденуге дағдыландыру. Физика ғылымына деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: топтың белгілері, топтың аты жазылған бүктеме.

Оқыту құралы: интерактивті тақта, компьютер,

Сайыстың өту барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі. 

Сәлемдесу, оқушылардың сайысқа дайындығын бақылау. Топқа бөлу, топ басшысын сайлау

2. Топтың  сәлемдесуі. ұраны, танысуы.

3. «Тұлғаны таны»  бөлімі

4. «Полиглот»  сайысы

5. «Көкпар» ойыны

6. Викториналық сұрақтар.

7. Физикалық  жұмбақтар

8. Теңдеудің дұрыс жолын тап.

9. Қорытынды , марапаттау

2.. Топтың сәлемдесуі,  танысуы.

Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді.

1-топ: «Коперник»     Ұраны: «Біз білімпаз ұланбыз!»

Сәлемдесуі : Сәлем саған «Архимед»

                   Тұрсаңдар бізбен таласа

                   Күш сынасып көреміз

                   Намысты бізде бермейміз

                   Шамаларың бізге жараса

                 1І-топ:  «Архимед» Ұраны: «Тек қана алға!»

             «Коперник » тобы сәлем саған

             Жарыста жет деп жеңіске

             Білімді сарапқа сап сайысамыз

             Жеңімпаз атанудан біз қашпаймыз

3 «Тұлғаны таны»  бөлімі. Бұл бөлімде ғалымдар: Г. Галилей, Коперник. Архимед, әл-Фараби, Паскаль, Торричеллидің суреттері көрсетіледі. Ғалымның туған жылы , ашқан жаңалығы туралы топ бойынша оқушылар айтып шығады.. (Әр ғалымға дұрыс жауап 10 ұпай беріледі.)

4. «Полиглот » сайысы.

Шарты :  3 тілде аудармасына -3 ұпай, 2 тілде аудармасына-2, 1 тілде -1 ұпай

Бұл бөлімде  табиғат , дене , зат, температура, қатты, сұйық, газ,  күш  сөздерін  үш тілде ( қазақ, орыс, ағылшын) аудармасын тақтаға жазады.

5. «Көкпар» ойыны

Шарты: Топтан 1 оқушы  шығып, сұраққа жауап береді. (2 минут уақыт беріледі.)

Бір ғана дұрыс жауап айтылады.

1-топ сұрақтары

1. Бір заттың молекулаларының , екінші заттың молекулаларының бос орындарына өзара өтуі  не деп аталады?  (Диффузия)

2. Газдағы немесе сұйықтағы  мөлшері кіші бөлшектердің ретсіз қозғалыстары. (Броундық қозғалыс)

3. Заттың химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі не деп аталады? (Атом)

4. Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын шаманы не деп атайды? (Қуат)

5. Берілген уақыт ішіндегі  орын ауыстырудың сол уақыт аралығына қатынасы не деп аталады? (жылдамдық)

6. Кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғандағы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтау құбылысы не деп аталады? (Инерция)

7. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші не деп аталады? (салмақ)

8. Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе  не деп аталады? (бірқалыпты қозғалыс)

9. Дене пішінінің немесе  өлшемдерінің  өзгеруі не деп аталады? (Деформация)

10 Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті  не деп атайды? (Архимед.күші)

1І-топқ сұрақтары

1. Табиғаттағы кез-келген  өзгерістер не деп аталады? (Табиғат құбылыстары)

2. Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгертуі.не деп аталады? (механикалық қозғалыс)

3. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш не деп аталады?

 (үйкеліс күші)

4. Белгілі бір бетке күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын физикалық шама не деп аталады? (қысым)

5. Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама не деп аталады?

 (заттың тығыздығы)

6. Сұйықтың беттік қабатында әрекет  ететін күш не деп аталады? (беттік керілу күші)

7. Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық  шаманы  не деп атайды? (Масса)

8. Денелердің Жерге тартылу күші не деп аталады? (ауырлық күші)

9 Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы не деп аталады? (механикалық жұмыс)

10.Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын дене не деп аталады? (материялық нүкте) 

6. Викториналық сұрақтар.

1. Дүниедегі ең жүйрік не ? (ой-қиял)

2. Көзіңмен көресің, бірақ ұстай алмайсың? (көлеңке)

3. Қай кезде аспан Жерден төмен тұрады? (Судан сәулесі көрінгенде)

4. Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауса, 72 сағаттан соң күн ашылып, шуақ түсе ме? (жоқ, түн мезгілі)

5. Электр поезы шығыстан батысқа қарай жүйткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел поезд түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді? (электр поезында түтін болмайды)6. Дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды ? (сабақ)

7. Жерден көтеруге оңай , бірақ алысқа лақтыруға  қиын.  (мамық, мақта)

8. Қалайша 10 метр сатыдан секіріп, жараланбауға болады? (сатының ең төменгі басқышынан секіру)

9. Адамның алғашқы көлігі не?  (Арба)

10 Македонский заманындағы уақыттың көрсеткіші немесе өлшеуіші. (тауық)

7. Физикалық  жұмбақтар

Көп болса асықпайсың

Мезеттен қашықтайсың

Асықсаң да аз болады,

Табасың мұны қайсың?        (уақыт)

 Жердің жүзін шарлайсың ,

Онсыз еш жерге бармайсыз,

Көлікпен де жаяу да,

Кейде оны таңдайсың        (Жол)

Қозғалысты сипаттар  шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты

Ол болмаса денелер қозғалмайды

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты.         (Жылдамдық)

 Әуеден күбі түсті

 Күбінің түбі түсті               (Күн күркіреуі)

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр

Дабылдатып дабылын ол қағып тұр

От жағып, дабыл қағып тұрғанында

Сабалап төмен қарай су ағып тұр.          ((Жаңбыр, найзағай))

 Біреудің бір ұлы бар және қызы

Біледі ол екеуін дүние жүзі

Ұйықтайды ұлы түнде , қызы күндіз

Жүргенде білінбейді басқан ізі.                (Күн мен Ай)

8. Теңдеудің дұрыс жолын тап.Күш                               м                         V

Тығыздық                     кг                        S

Жылдамдық                  м²                       m

Уақыт                            Па                       υ

Көлем                            Н                        p

Жүрілген жол               м                         ρ

Аудан                             Дж                     А

Қысым                           с                         c

Масса                             кг/м³                  s

Жұмыс                          м/с                      F

9.  Қорытынды ,  марапаттау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Архимед күші тақырыбына есептер шығару және қайталау
Интеллектуалды білімпаз
Жас физик
Күш. Деформация
Кинематика және динамика негіздерін қайталау
Ойлан, тап! ойыны
Масса және күш тарауын қайталау
Глоссарий
«Физика және табиғат» физикалық сайыс
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Күш
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 3376 | Қосты: Баймаханов Ғабит Сексенбайұлы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык