Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ата баба дәстүрі ұрпаққа аманат


Ата баба дәстүрі ұрпаққа аманат

Ата баба дәстүрі ұрпаққа аманат

(6 – 7 – 8 сыныптар  арасында  өткізілетін  «Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа  аманат» сайысының  жүрісі.)

Мақсаты:

Оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу; Халқымыздың асыл - мұрасы халық ауыз әдебиеті жанрларын оқып үйренуге тәрбиелеу.

1- кезең: Таныстыру

2- кезең: «Салт – дәстүрді  білесіз  ба?»

3-  кезең: «Атадан  қалған  асыл  сөз»

4- кезең «Мақал  сөз – мәйегі»

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін   өткізгелі отырған «Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат»        атты сайыс кешімізге қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды таныстырып өтелік.

1-топ 6 «А» сынып  оқушылары  «--------------- »,      топ басшысы:

2-топ 7 «А» сынып  оқушылары, «---------------»,       топ басшысы:

3 – топ 8 «А» сынып  оқушылары, «-------------»,            топ  басшысы:

Енді сайысымызды бастамас бұрын, топтарымызға әділ бағасын берер әділ қазылар алқасымен таныстырып өтелік: 

Сайыс шарттары:

1 кезең  «Таныстыру»  бөлімі.  Әрбір  топ  өздерін  таныстырып  өтеді.

ІІ кезең «Салт-дәстүрді білесіз бе?»- бұл бөлімде сіздер ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап бересіздер.

ІІІ кезең «Атадан қалған асыл сөз»- бұл кезеңде ертедегі шешен, билердің сөздері оқылып, авторын табу сұралады.

ІV   кезең    «Мақал- сөздің мәйегі » - бұл кезеңде ұсынылған сөз бойынша көрсетілген уақыт аралығында мақал құрастыру қажет.

Амандасу салтымыз,

Есенбісіз жалпыңыз.

Бағалыны артына,

Қалдырған-ды халқымыз- дей отырып, «Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат» атты сайымызды бастаймыз.

Сайысымыздың

І  кезеңі  «Таныстыру»:

Әділ  қазылардан  топтардың  І  кезең  бойынша  жинаған  ұпай  саны  сұралады.

Мәнге толы қазағымның тірлігі,

Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.

Кеше ғана керексіз ғып тастаған,

Ғажап екен әдеті мен ғұрыпы- дей келе, сайымыздың 1І-кезеңі «Салт-дәстүрді білесіз бе?». 

  1. Жеті санына байланысты салт-дәстүрді білесіз бе? (жеті ата,жеті қазына, жеті нан, жеті күн)
  1. Балаға байланысты салт-дәстүрлерді атаңыз. (бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндетке отырғызу)
  1. Батаның қандай түрлерін білесіз? (Наурыз бата, жас отауға арналған бата, ас қайыру батасы т.б.)
  1. Ұлттық ойын түрлерін атаңыз. (соқыр теке, шертпек, ақсүйек, орамал тастау, сақина салмақ т.б.)
  1. Мүшел жасты атаңыз. (ер жете бастау, жігіттік шақ, ақыл тоқтау, орта жас, қарттық, кәрілік, қалжырау, шөпшек сүю, немене сүю)
  1. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңыз. (сәукеле, тұмақ, бөрік, кимешек, шапан, ішік, кәмзол, мәсі т.б.)
  1. Қазақ елінде ертеден келе жатқан мейрамдар бар? (ораза айт, рамазан айт, наурыз тойы, соғым басы, сабан той т.б.)
  1. Келін  түскенде  айтылатын  жыр? (Беташар)
  1. Ерулік  дәстүрі  туралы  не  білесіз?

    (Ерулік – ауыл  ортасына  жаңа  үй  көшіп  келсе,  қоныстанса,  сол  ауылдың  бұрынғы    
     адамдары  жаңа  үйге  «ерулік»  деп  ас  пісіріп,  тамақ  береді.)

  1. Жаңа  туған  сәбиді  қырқынан  шығару  дәстүрі  туралы  не  білесіз? (Ауылдың  жас  балаларын  жинап  алып  иткөйлек  ойнатады.)
  2. Ұзатылған  қызға  айтылатын  жыр?
  3. Үш  байлықты  атаңыз! Денсаулық,  ақ  жаулық,  он  саулық.
  4. Үш  арсызды  атаңыз!  Ұйқы,  тамақ,  күлкі.
  5. Үш  қадірсізді  атаңыз!  Жастық  шақ, денсаулық,  жақсы  жар.
  6. Үш  асыл!  Көз,  тіл,  көңіл.

Қырдан ескен самалы,

Салтымыз бар бағалы.

Ақ қағазға аталар,

Шешен сөздер жазады.

Сайысымыздың 3- кезеңі «Атадан қалған асыл сөз»

  1. Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма-

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өршіл болма-

Өскеніңді өшерсің.

Басына іс түскен пақырға,

Қастық қылма-

Қайғысы көшер басыңа.

Жанашыры жоқ жарлыға,

Жәрдемші бол асыға,

Қиын-қыстау күндерде

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп,

Жақыныңды басынба. (Қазыбек би)

  1. Дау мұраты – біту,

Сауда мұраты – ұту,

Қыз мұраты – кету,

Жол мұраты – жету. (Сырым шешен)

  1. Суалмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ,

Құйрығы суда тұрса да,

Уақытысы жеткенде,

Қурамайтын құрақ жоқ.

Дүние деген пәни бұл,

Баласы жоқта мият жоқ.

Бәрінен де қиын сол екен,

Артында жанған шырақ жоқ...   (Әйтеке би)

  1. Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

Әйелің жақсы болса,

Бірінші – иманың,

Екінші- жиғаның,

Үшінші – ырысыңның тұрағы ...   (Төле би)

  1. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, онан басқа нәрселермен оздым ғой деген нәрселердің бәрі - ақымақшылдық. (Абайдың 18 қара сөзінен)

Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Сайысымыздың 3-кезеңі «Мақал- сөздің мәйегі». Берілген уақыт ішінде ұсынылған   сөзге байланысты мақал-мәтелдер айту.

  1. 6 «А»  «Ана» сөзіне 1  минуттың  ішінде  10  мақал  айту  керек.
  2. 7 «А» «Төрт түлікке байланысты» 1 минут  ішінде 10  мақал
  3. 8 «А» «Отан,  туған  жер»  туралы 1 минут  ішінде 10  мақал

Біздің ата-бабаларымыз бүгінгі ұрпаққа кең байтақ даласын, қанатты сөздерін, адамгершілік қасиеттерін аманат етіп қалдырды. Біздің парымыз ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраны көздің қарашығындай сақтап, өзімізден кейінгі ұрпаққа тапсыру болу табылмақ.

«Бейнеу  орта  мектебі»  ММ

Ата – баба  дәстүрі – ұрпаққа  аманат!

Дайындаған:  Сармысова  Г. Е.

Қатысушылар: 6 – 7 – 8 сынып  оқушылары.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Салтым – асыл қазынам!
Ел үмітін ақтаймыз, ата салтын сақтаймыз.
Қазақ халық педагогикасындағы тәрбие ерекшеліктері
«Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат!» сайысы
Әжесі мен немересі
Жігіт сұлтаны.
« Ата –баба дәстүрі ұрпаққа үлгі»
Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 5946 | Қосты: Сармысова Гулзира Есентемиркызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык