Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бастауышым - бақытты шақ, балдәурен


Бастауышым - бақытты шақ, балдәурен

Бастауышым - бақытты шақ, балдәурен

Бастауышпен қоштасу ертеңгілігі

Тақырыбы: Бастауышым- бақытты шақ, балдәурен

Мақсаты: оқушылардың төрт жыл білім алған бастауыш сыныппен қоштасып, ұстаздары мен ата-аналарына балалық алғыстары мен сүйіспеншіліктерін білдіруі,олардың талғам мәдениетін қалыптастырып, ұстаздарды,үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:безендірілген сынып бөлмесі,билбордтар,слайдтар.

Барысы:

1-жүргізуші:Бәрі есімде мектепке алғаш барған күн,

Күлімдеп бір нұр жүзіміз жанған күн

Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,

Шақырғаны алға бізді арман мың.  

2-жүргізуші:Әсем бөлме, терезелер жап-жарық,

Қойған дерсің шырағданнан жам жағып

Қара тақта аппақ парта қаз-қатар

Отырдық біз сипап бәрін таң қалып.

1-жүргізуші:Кіріп келді сыныпқа ұстаз күнді іліп,

Бөлме іші кетті лезде шын жылып.

Сәлем берді бізге ұстаз жымиып,

Бар шуылын балалардың тындырып.  

2-жүргізуші:Құрметті ұстаздар, аяулы достар, қадірменді ата-аналар!  Бүгін бізде қуаныш, бізде үлкен той. Біз бүгін төрт жыл бойы білім беріп  ой санамызды дамытқан, адалдыққа тәрбиелеп, білімнің сопағынан білімнің арнасына кең жол ашқан бастауыш сыныппен  қоштасқалы отырмыз.

1-жүргізуші:

Толқимыз толқып тұрсын баршаңыз да,

күй болған шығар баршаңызда.

Қол соғып қошеметпен қарсы ашақыралық

4-сынып түлектерін ортамызға.

2-жүргізуші:Қадамдарыңыз құтты болсын!Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырғандар еді.Енді міне бойлары да  ойлары да өсіп, егеменді еліміздің жарқын болашағын жасау мақсатында «Білімнің мініп тұлпарын» жоғары сыныпқа қадам басуда.Бүгінгі мерекемізді мерекемізді ашу үшін сөзімізді  білім беру бөлімінің меңгерушісі Жүнісова Гүлзада Тыныштыбайқызына береміз!

Дильназ:Көз салып қараңызшы бойымызға.

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға!

Жантөре:Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.

Осы сырды үйреткен төрт сыныбым.

Түстей болып мінекей артта қалдың!

Хор «Мектебіме» 

Дархан:Мектебім- мәңгі бапкерім,

Қарызбыз саған бәріміз

Өзіңе деген парызды

Ақтаймыз талай әлі біз.

Білімнің қайнар бұлағы,

Өнердің жарық шырағы,

Тұрағы өзің мектебім,

Шәкірттің асыл қырағы.

Ыстық мекен,алтын ұя мектебім,

Сен арқылы білім алып көктедім.

Достарыммен бірге жүріп, бір күліп,

Қарсы алдым жастық шақтың көктемін.

Н.Гүлназ  Қоңырау жыры

Қоңырау үні сыңғырлап                Мейірге толы мектебім,

Естілді жылы жаныма.                 Айқара ашқан құшағын. 

Күлкідей әсем сыңғырлап,           Балапаның боп бір сенің,

Бөбекті жиды маңына.                  Өзіңнен түлеп ұшамын.

Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла әні.

Нұрсапа:

Мектебім- алтын бесігім,

Айқара ашқан есігін.

Өзіңде жүріп естідік

Ұстаздың асыл есімін

Ыстық қой сенің құшағың,

Бүрлеген мен бір бұтағың.

болып ертең-ақ

Өзіңнен түлеп ұшармын.

Оқушылар ой бөліседі.

-Өз еліме мектебімнен алған білімімді жетілдіре отырып, қандай үлес қосамын?

1-жүргізуші

Мұғалім – ұстазысың балалардың.

Болашақ  ғалымдардың, даналардың

Өмірде сіздің алар орныңызды

Бірі де жеткізе алмас балалардың

2-жүргізуші:

Абзал жан бар биік тұлға, байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Ұмыт болмас өмір бойы ұстаздың

Ұйқысыз талай түнді қарсы алғаны,-дей отырып келесі өлең шумақтары алғашқы ұстазымызға арналады

Зульфия

Әр шәкірттің сезімі бір , әні бір,

Шаттық пенен қайғы-мұңда жаны бір

Балғын шәкірт жүрегінен жол тапқан

Ұстаз бенен мейірімнің мәні бір.

Ернар:Аттағанда мектептің босағасын

Алғашқы ұстаз жылытты шапағатын

Әліппені үйретіп, әдепті де,

Қуандырды әр бала ата-анасын.

Бақытты балалық шақ әні

Мира:

Үйретуден жалықпай өркеніңе,

Білім- теңіз дем бердің желкеніне

Анамыздай елжіреп шуақ төктің

Бір-бір үйдің еркесі мен тентегіне.

Жанатбек:

Біз бәріміз артқа тастап 4 жылды,

Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі

Пана болған,дара болған біз үшін

Жанымыздан артық дер ек біз сізді

Дильяра:

Әлі есімде мектепке келгеніміз,

Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз.(шығармасы)

Мұғалім ғазиз,мұғалім әні

Жанарбек:

Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақы тарттың,біртіндеп бауыр бастық,

Жүргеніңді ұнатып арамызда

Ұстаздардың ұлағатты сөзінен

Өмір бойы таусылмас нәр аламыз

Ұстаздардың мейірімді көзінен

Бізге деген жылылықты табамыз.

Аружан:

Күні кеше тосырқау қайда қалған,

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан

Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе

Жан дүниесін баланың жаулап алған?!

1-жүргізуші:Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі- ұстаз.Ол оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады

2-жүргізуші:Сол себепті небір ойшылдар да ,көк төсін шарлаған ғарышкерлер де , жүрек жұтқан батырлар да, қарапайым еңбек адамдары  да ұстазды пір тұтып қадірлейді.

1-жүргізуші: «Білімді бол, оқы, үйрен!» деп өсірді,

Жақсылыққа баулып та жүр неше түрлі

Бала үшін бәйек болған күні-түні

Құрметтейік ҰСТАЗ деген есімді, - дей отырып келесі әнімізді бастауыш сыныпты бітіруші түлектермен бірге ұстазымызға арнаймыз.

Ән  «Дос болайық бәріміз»

Ислам:

Бар баланың сенгені- өздеріңіз,

Сол сенімді ақтаумен өрледіңіз.

Құтты болсын, ұстаздар мерекеңіз,

Жана берсін жасампаз еңбегіңіз.

Айнұр:

Мінезі гүл жайнаған,

Білімі бойда қайнаған,

Ұлағатты ұстаздар

Бала қамын ойлаған

Өз шәкіртін ізім деп

Береді терең білім көп

Үйретуден шаршамай

Қарайды бізге күлімдеп

Ертіп ап ойдың жетегі

Қиялдап кейде кетемін:

Еңбегі ерен ұстазды

Қайтсем бақытты етемін?

Вальс биі

Асылтаң

Әр шәкіртке бола білген жанашыр

Бүгін от боп әр жүректе жанасың.

Сіз бергенсіз алғашқыда айырып,

Жақсылық пен жамандықтың арасын.

Айдархан

Ақыл.Сана.Сабыр.Талас-тартысу-

Мұғалімнің табиғаты жалпы осы

Демалысы:шәкірттерге хат жазу, 

Ал кәсібі от беру мен  от алу

Айбар

Қашан көрсең, бұл халықтың шат бәрі,

Қашан көрсең, күліп бара жатқаны.

Күлетіні: бақыттылық нышаны

Байлықтары шәкірттердің хаттары

Адема  

Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары

Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!

Мектеп көрген әдептілер айтпақшы

Мұғалімнен   шықпаңыздар жоғары!

2-жүргізуші:

Адамдыққа үйреткен,

Жамандықтан жиренткен,

Тілімізді ширатқан 

Ана тілі – данамыз.

Білу керек әр қазақ ана тілін,

Анадай мейірімді дара тілім.-демекші біз  «Ана тілі » сабағын сүйіп оқып қана қоймай,шығармашылықпен  айналысып, өлеңдер мен эсселер жазғанды ұнатамыз.

Эсселер:

1.Мен қазақпын

2.Менің достарым.

3.Ана тілім-дана тілім.

1-жүргізуші:

Оқи берсең ғылымды,

Артық болмас баршасы.

Матаматика-өмірде

Бар ғылымның патшасы

Ойланатын есеп шығартып

Төрт таңбаны білдірген,

Ғалымдардың мықтысы 

Математик-данамыз.

2-жүргізуші

Білу үшін жер шарын«Дүниетану»  өтеді,

Музыканы оқуға керек әннің жетегі.

Орыс,  ағылшын тілдері керегің 

Білгің келсе әр ұлтты.

Пән мұғалімдеріне жырымызды арнаймыз

Ағылшынша  ән айтатындар:Алталиева Дильназ  Косжанова Мира

1-жүргізуші:

Жарқылдап тойға келген асыл жандар,

Гүлдей боп көзімізге басылғандар

Қол жетпес арманда іске асырғандар

Ата-аналар, құрметті, асыл жандар

Моцарттың  Соната  шығармасын  Мусралимов Алим орындайды

Нұрбек:

Ата-ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ата-ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ата-ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ата-ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

2-жүргізуші

Сырымды менің бес саусақтай білетін

Біздер үшін бөлек жаны, жүрегі .

Қамқор жанды одан басқа көргем жоқ,

Біздер үшін бақыт іздеп жүреді.  

Өзбек биі    билейтіндер:  Сәрсенғалиева Айнұр, Серікова Салтанат

Салтанат

Қамқорым асыл ғазиз анам,

Жүресің көп жақсылық тілеп маған

Өмірде еш жамандық көрмей жүрші,

Тілерім осы ғана менің саған

Заңғарбек

Асқар тау әкешім бар, сүйенішім,

Ізгілік адалдықты сүйеді шын.

Қабақ шытса балалық қылығыма,

Ешқашан болмақ емес ренішім.

1-жүргізуші

Мен тілеймін ата-анаға

Өмір думан бақ әкелсін,

Азамат болып шығамыз біз

Сенетіндей халқым ертең.

2-жүргізуші

Достарымның өнері бар қаншалықты

Би билеп, ал біреуі ән салыпты

Сыныптасым құрбыларым әрдайым,

Арнайды әсем би сіздерге

Катюша биін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші

Жетекші боп балаңызға жүрдіңіз бе?

Бізді ойлап  көңіліңіз жүдеді ме?

Достарым тыңдаңыздар ана сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де,-дегендей құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.

2-жүргізуші

Ажырамай мектептен бір елі сіз, 

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз кезегін берелік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,-дегендей  сөз кезегі алғашқы ұстазымызға беріледі

Диплом, алғыс хаттар   оқушылар мен ата-аналарға табыс етіледі.

«Бастауышым- балбұлағым» әнімен ертеңгілік аяқталады.

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауышпен қоштасу ертеңгілігі

Тақырыбы   « Бастауышым- бақытты шақ,балдәурен.»

сыныбы 4-а

Өткізген: Ажмуратова.С.У.

16.05.2014


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауышпен қоштасу.
​Бастауышым - балбұлағым.
Бастауышпен қоштасу
Бастауышым балбұлақ, Лаулап жансын шамшырақ
МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау атты соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі
«Бала шақтан – болашаққа!» бастауыш класпен қоштасу кеші
«Бала шақтан – болашаққа!» бастауыш класпен қоштасу
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
Қош бастауыш.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4200 | Қосты: Ажмуратова.С.У. | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык