Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бастауышым балбұлақ, Лаулап жансын шамшырақ


Бастауышым балбұлақ, Лаулап жансын шамшырақ

Бастауышым балбұлақ, Лаулап жансын шамшырақ

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Сыныптан тыс жұмыс

( Бастауышпен қоштасу ертеңгілігі)

«б» сыныбы

Бастауыш сынып мұғалімі Бейбитова Тулпан  Мараткызы

2013 жыл.

Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: Бастауышым –балбұлақ, Лаулап жансын шамшырақ

Мақсаты: оқушылардың бастауышта алған білімдерін қорытып тиянақтау.Дүниетанымдарын кеңейту.

Өз өнерлерін көрсету; ата-анамен ынтымақтастықта жұмыс жасау.Өзін-өзі басқару қабілеттерін көрсету. Өнерлі, ақылды, парасатты, әдепті, қайырымды болуға баулу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, интерактивті тақта, слайдтар, фотосуреттер. Барысы:

1-жүргізуші:     Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,

Мұндай күй болған сірә баршаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 «б» сынып оқушыларын ортамызға.

2-жүргізуші:         Армысыңдар, ұстаз қауым, ата-ана,

Құлақ түргін жақсы лебіз, батаға.

Келдік біздер 4 жыл бойы еркелеп,

Бастауыштың балалары, ата-ана.

1-жүргізуші:      Би биленіп ән айтылар аспандап,

Бірте-бірте көтерілді баспалдақ.

Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіңе,

Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ.

2-жүргізуші:      Барлық білім бастауыштан басталған,

Алғыс саған үлкендер мен жастардан.

Рахмет саған, алғаш ұстаз, апайым,

Еңбегіңді ойға тоқып қайтарам.

1-жүргізуші:     Риза болшы, ұстаз қауым ардақты,

Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты.

Жылдар жылжып айлар зулап өтсе де,

Бастауышты орта буын жалғапты.

1-оқушы: Көрмеген артық күліп, артық жүріп,

Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті қып.

Қоштасамыз біз бүгін бастауышпен,

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.

Айтыңдаршы, мақтанады текке кім?

Жұртқа аян талай сыннан өткені.

Мынау тұрған 3 қабатты зәулім үй,

Подстепный қазақ орта мектебім.

Ән: « Сәлем, саған,мектебім»

2-оқушы: Білімнің қайнар бұлағы,

Өнердің жарқын шырағы.

Тұрағы өзің, мектебім,

Шәкіртің асыл қырағы.

3-оқушы: Мектебім –мәңгі бапкерім,

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.

4-оқушы  Арманым сен алтын ұям мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Ән: «Қоңырау»

5-оқушы: Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.

6-оқушы: Ақылшы асыл ұстазым,

Өзіңе мен де ұқсармын.

Жеткенше қайрат, әл-күшім,

Биікке самғап ұшармын.

Ән: «Ұстазым»

7-оқушы: Дүниеде шаттанып шалқып жүрген,

 

Еліміздің дәстүрін, салтын білген.

Ата-аналарымыз бүгінде ортамызда,

Ұрпағына үлкен сенім артып жүрген.

8-оқушы:   Ардақты анам, асылым,

Бүгін сені жырлаймын.

Жырымның ең асылын,

Бір өзіңе арнаймын.

9-оқушы:    Әкешім, тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,

Ақылды балаларың оны білген.

10-оқушы: Ұмытпаймын еркелеткен күндеріңді,

Ұмытпаймын әрқашан күлгеніңді.

Әкешім, аман-есен жүре берші,

Қалаймын ұзақ өмір сүргеніңді.

1-жүргізуші: Анамызға, әкемізге, ата-әжелерімізге деген біздің көңіліміз, мейіріміз ұшан-теңіз. Оларға шат көңіл, денсаулық, бейбіт өмір тілеп, ән арнаймыз.

Ән: «Әкешім, анам.»

Ән; «Асыл әжем»

Көрініс:  «Өнерлі бала»

Қолдарында  шелегі бар 3 әйел демалуға отырады.

1-әйел: Менің ұлым ән салғанда бүкіл жұрт аузын ашып тыңдап қалады. Керемет өнерлі ұлым бар.

2-әйел: Әй, соны да айтасың ба? Менің ұлым спортты жанындай сүйеді. Өзі шымыр, қолымен жүріп, баспен айналғанда барлық жұрт оның өнеріне таң қалады.

1-әйел: - Сен неге үндемейсің?

3-әйел: Менің баламның ешқандай өнері жоқ.

Үш бала жүгіріп келеді.1-бала айқайлап ән салады, 2-бала секіріп түрлі қимылдар жасайды.

3-бала: -Анашым, мен сізге көмектесейін, -деп анасының шелегін көтеріп алып кетеді.

Аналар:- Ата, қайсымыздың баламыз өнерлі екен?- деп сұрайды.

Қария: - Қай бала? Мен тек бір баланы ғана көрдім.Ол-анасына көмектескен бала.Пайғамбарымыздың хадисіне лайықты іс атқарды.Бүкіл адам баласы аналарына көмек беруі тиіс деп жазылған Хадисте.

Ұялған әйелдер төмен қарады.

Ән: «Әкелерім»

Ән: «Әкем, анам»

Құттықтау сөз кезегі ата-аналар комитетінің мүшелеріне беріледі.

1-жүргізуші:

Менің елім –Қазақстан жүрегім,

Тек өзіңсің, Отан-ана тірегім.

Аман болсын елім, жерім, ұрпақтар,

Тәңірден осы менің тілерім.

2-жүргізуші:

Менің елім –Қазақстан, Отаным,

Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.

Мәңгілікке қымбаттысың туған ел,

Арта берсін абыройың, атағың.

1-оқушы:

Ежелден ата-бабамыз еркіндік үшін күресті. Елін жерін жаудан қорғап ұрпақтарына аманат етті.Ел көгінде алтын түстес күн мен еркіндік символы қыран құс бейнеленген көк байрағымыз желбіреп, елдігімізді асқақтатты. Қазақстанның жас ұландары өз елін мақтаныш тұтады.Қазақстанда жүзден  астам ұлт өкілдері тұрады.Біздің туған  жеріміз - Қазақстан. Арманым қазақ тілін бірінші орынға қоя отырып, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгергім келеді. Мен өскенде Қазақстанның гүлденуіне үлес қосатын қазақ қызы болғым келеді.

Қазақстан – Республикам мақтанышым,

сені жырлаймын мақтан үшін

Құдайым құттай маған жүрек берген

Лүпілдеп сені сүйіп сақтау үшін!

Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз»     

2-оқушы: Жыр арнадым еліме тебірене,

Үміт артам елімнің ертеңіне.

Тәуелсіздік алғалы 22 жыл,

Отаным жылдан-жылға көркеюде.

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын,

Елімде бейбіт, тыныш заман болсын.

3-оқушы:   Біз жас ұлан – Отан-ана өркені,

Үміт артқан болашағы, ертеңі.

Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп жайнатамыз өлкені.

Ән: «Егемен Қазақстан»  Орындайтын: Серикова Гаухар

1-жүргізуші:

Көрмедің артық күліп, артық жүріп,

Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.

Сабақ берген пән мұғалімдеріне арнау:

1-оқушы: Бізге шаттық әкелді,

Басшы болып әр істе.

Ұсынғаны адалдық,

Үйреткені адамдық.

«Өзін-өзі тану» пәнінен

Білім берген апайым.

Біз Гүлзада Тыныштыбайқызына тілейміз,

Бақыт, табыс, амандық.

1-жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі бастауыш сыныптың оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Жунусова Гүлзада Тыныштыбайқызына беріледі.

2-оқушы: Ағылшынды үйреткен,

Жақсы көрген бар жанды.

Самал апай ұстазым,

Еңбегі нәр пайдалы.

3-оқушы: Сайыс болса спорттан,

Шымырлылар жеңеді.

Қажет ағай ұстазым,

Шынықтырған денені.

4-оқушы: Пейзаж естен тандырған,

Натюрмортты сан қырдан.

Дамир ағай ұстазым,

Суреттерді салдырған.

5-оқушы: Орысшаны жалғайын,

Тақылдаса таңдайым.

Мақпал апай, Жаңылсын апай

Еңбек еткен әрдайым.

6-оқушы: Қызықтырып ән-күйге,

Бізді үйретіп келеді.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көп шәкірттің досындай

Махуд ағай  осындай.

7-оқушы:  Түрлі-түсті қағазды,

Қиып, орап сан бейне.

Кесте тігіп үйреткен,

Айнұр апайбелсенді.

8-оқушы: Бар білгенін аямаған,

Өз гүліндей аялаған.

Мың рақмет ұстаздарға.

Төрт жыл бойы нұрын төккен,

Аттандырған ақ тілекпен.

(Хормен барлығы:)

Ұстаз үмітін ақтаймыз,

Серт береміз шын жүректен.

1-жүргізуші:

Бүгінгі біздің қонақтарымыз да біз сияқты бастауышпен қоштасты ғой.Ендеше, қонақтарымыздың балалық шақтарын еске түсіртейік.

Бейнелеу өнері пәнінің мұғаліміне: Өзіңіздің алғашқы ұстазыңыз туралы айтып берсеңіз.

Музыка пәнінің мұғаліміне: Оқушы барлық пәнді бірдей ұната бермейді ғой. Сіздің ұнатпайтын пәніңіз болды ма, қай пән?

Дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне: Сіз дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болуды бала кезден армандадыңыз ба?

Еңбек пәнінің мұғаліміне: Сіз бала кезіңіздегі мектепте болған қызық жайтты әңгімелеп бере аласыз ба?

Пән мұғалімдеріне арналған ойын: «Әріптер тізбегі» (Мұғалімдер әріпті таңдайды, сол дыбыстан басталатын сөз айтады, қойылған сұрақтың ыңғайына қарай)

Сұрақтар.

1. Сіздің атыңыз кім?

2. Сіздің жақсы көретін қалаңыз?

3. Сіз қай әнді ұнатасыз?

4. Сіздің жасыңыз нешеде?

5.Сіз қай ақын-жазушыны білесіз?

6. Сіз осы топтың ішінен кімді жақсы білесіз?

7. Ұлттық ойындарды атаңыз.

8. Мерекелік бізге тілегіңіз:

1-жүргізуші:

Жадыраған жаздай жылы жаны бар,

Жақсылықтың шырағы боп жағылар.

Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған

Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.

(Пән мұғалімдеріне гүл шоқтары беріледі.)

1-жүргізуші:

Көлге айналған бұлақтың

Том-том болған кітаптың

Басы болған бастауыш.

2-жүргізуші:

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар мәңгі талай жылдарда.

1-оқушы: Ғалым болып қанша тарих жазсам да

Дана болып жаңалықтар ашсам да.

 Алғаш рет әріптерді танытқан

Алғаш ұстаз қадірімсің, қадірлісің, қашанда

1-жүргізуші:Алғашқы ұстазымыз Бейбитова Тулпан Маратқызына сөз кезегі беріледі.

Мұғалімнің сөзі:

Өздеріңмен адымдап аспандаймын,

Сендер барда ешкімнен жасқанбаймын.

Бастауышты бітірген мына сендер –

Ал мен тағы бір белестен асқандаймын.

Мен үшін бәрің бірдей, шырақтарым,

Орындалсын арман, тілек, талаптарың.

Самғаңдар биіктерге, қайырылмасын

Енді ғана қатайған қанаттарың.

Иә, иә, қатайды қанаттарың,

Тағы бір өтсем бе екен санап бәрін.

Мінекей, бүгін міне бәріңе де,

Қимастықпен қараймын ШӘКІРТТЕРІМ!

Қанаттарың қатайды,

Биікке енді самғаңдар.

Білім жолы – сара жол,

Ізденіңдер, талмаңдар!

2-оқушы:      Терең ойлы сөздеріңді    жаттаймын,

Үміт еткен сеніміңді ақтаймын.

Үзбей берген білімінмен сусындап

Жұмсақ жылы, үніңді есте сақтаймын.

3-оқушы:        Ұстаздарым қасиетті шынарым,

Арналады сіздерге бар жыр әнім,

Сіз бәйтерек, біз-жапырақ мәңгіге,

Сізден алдық тамырлардың құнарын.

4-оқушы:         Сізге айтар алғысымның шегі жоқ

Қадір тұтам ұстаз деген қауымды.

Үйреттіңіз барлық жақсы әдепті

Қадір тұтам ұстаз деген ұғымды.

5-оқушы:       Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есікті ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

Енді міне сағымдай өте шықты,

Төрт жыл уақыт аз ба екен кім біліпті

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел таныған , азамат бір-бір мықты.

6-оқушы:     Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

Қоссаңдар бірді екіге үш болады,

Деуші едің –білімменен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең іс болады.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

1-жүргізуші:

Ұстазым думан күнің құтты болсын,

Басыңызға  бақ дәулет ырыс қонсын.

Оқытып тәлім берген әр шәкіртің

Еліне еміреніп үлес қоссын!

2-жүргізуші:

Шәкірттерін білімді ғып бастаған

Еңбектеніп әркез тыным таппаған

Ұстазымыз шәкіртіне сенім артар

Тәрбиесімен білімін біздер үшін сақтаған.

Қош сау бол кешке келген көрермендер,

Сыйлаған құдіретті ұстаз даңқын.

Ән: «Мұғалім, ғазиз мұғалім»

1-2 жүргізуші:

Бастауышым –балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рақметімді жаудырамын.

Бастауышым-балбұлағым,

Лаулап жансын шамшырағың.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшты тау қыраның.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым –балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Хормен: Қош бол, балғын балалық,

Қош бол, сүйікті бастауышым!

Қорытынды: Оқушыларға диплом,ата-аналарға алғыс хат табыс етіледі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауышпен қоштасу.
​Бастауышым - балбұлағым.
Аттанайық, бала шақтан болашаққа
Қош бол, бастауыш
Бастауышпен қоштасу
Бастауышым - бақытты шақ, балдәурен
МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
«Бала шақтан – болашаққа!» бастауыш класпен қоштасу кеші
«Бала шақтан – болашаққа!» бастауыш класпен қоштасу
Қош бастауыш.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 18701 | Қосты: Тулпан Бейбитова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык