Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз


Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз

Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз

Айбасова Күміс Маралқызы

Қопа орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Хромтау ауданы

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы: Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз

Сабақтың мақсаты:

1)    Білімділік: оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;

2)    Дамытушылық: ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға,тұжырым жасауға үйрету,есте сақтау қабілетін жетілдіріп,сөздік қорын молайту;

3)    Тәрбиелік:оқушылардың бойына құқықтық,патриоттық,адамгершілік тәрбиені сіңіру; құқықытық мәдениетін көтеру.

Әдіс-тәсілдер:баяндау, сұрақ-жауап, ойландыру

Көрнекі-құралдар:интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, плакат

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық даярлық.

ІІ Негізгі бөлім

  1. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

2. «Бәріміз бірге» ойыны (Басталған сөйлемдерді барлық оқушы бірге хормен аяқтайды.)

    - Біздің мемлекетіміз –

   - ҚР мемлекеттік тілі –

   - Мемлекеттік рәміздер –

   - Біздің елордамыз –

   - Біздің президентіміз –

  - Біз тұратын облыс –

  - Біз тұратын аудан –

  - Біз тұратын ауыл –

2. Кіріспе сөз: - Мінекей, балалар, біздің барлығымызға ортақ қаншама нәрсе бар! Сондай-ақ біздің бәрімізге ортақ ережелер мен тәртіп бар. Ол ережелер мен тәртіптер жиынтығы Заң деп аталады. Яғни біз барлығымыз бір заңға бағынамыз.Ол Конституция деп аталады. Бұл заңда біздің құқықтарымыз және міндеттеріміз көрсетілген. Құқық – бізге рұқсат етілген, істеуге болатын нәрселер, ал міндет – біз істеуге, орындауға тиіс нәрселер. Мысалы сендер қазір мектепте білім алып жүрсіңдер, бұл – сендердің құқықтарың, оған ешкім шектеу қоя алмайды. Сонымен қатар сендер орта білім алуға міндеттісіңдер. Міне осындай біздің көптеген құқықтарымыз бен міндеттеріміз жинақталған заң -  Конституция болып табылады. ҚР Конституциясы - заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол 1995ж. 30 тамызда қабылданды. Заң – жалпы тәртіптік шара. Құқық – мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы.Конвенция – балалар құқығы туралы шарт. 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ  «Бала құқығы туралы» Конвенция қабылдады. Бұл құжат бала-ның жан-жақты өсіп жетілуіне,болашағына жол ашатын бірден-бір құжат. Осы ұйымға мүше болған Қазақ елі  де осы құжатқа қол қойды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін , балалар туралы түрлі мәселелерді шешу мақсатында 2002 жылы 8 тамызда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды.

3. Слайд арқылы балалрды құқықтарымен және міндеттерімен таныстыру.

4. Балаларды екі топқа бөліп, топтық жұмыс жүргізу.

    1-топ: «Әділет» тобы

-         Осы өмірде бәріміздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар. Олар заңмен қорғалған. Біз Заңды құрметтейміз. Біздің Заңымыз – әділ заң. Сондықтан біз өз тобымызды «Әділет» деп атадық. Әділетті адам - ақ ниетті, адал жан. Сол себепті біз ақ түсті таңдадық.

    2-топ: «Азаттық» тобы

-         Адамға ең қымбат нәрсе – еркіндік, бостандық. Өйткені азат адам еркін жүріп-тұрады, көптеген құқықтары болады. Сондықтан біз тобымызыды «Азаттық» деп атадық. Азат адам көк аспандағы қыран құстай еркін, сондықтан біз көк түсті таңдадық.

 

1-тапсырма: «Кім көп біледі?»  (Әр топ 5 сұраққа жауап береді.

 «Әділет» тобына қойылатын сұрақтар:

  • Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы не деп аталады?
  • Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесіңдер?
  • Балаларға жағдай жасап, қамқорлық көрсету кімнің міндеті?(Отбасының, мемлекеттің)
  • Заң деген не? (Жалпы тәртіптік шара)
  • Конвенция деген не? (Балалр құқығы туралы шарт)

«Азаттық» тобына қойылатын сұрақтар:

  • Бала деп неше жасқа дейінгі адамды айтады?»  (18 жас)
  • Заң бойынша мемлекеттің бір мүшесі (азамат)
  • Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын ұйым (БҰҰ)
  • Оқушы ретінде қандай міндеттерді білуге тиіссің?
  • Балалар құқығы туралы Конвенцияны қандай ұйым қабылдады? (БҰҰ)

2-тапсырма: «Суреттер сөйлейді»  (Оқушылар суреттер бойынша құқықтары мен міндеттерін айтады)

3-тапсырма: «Құқық театры»  (Бір топтың балалары ыммен, қимылмен құқықтардың бірін көрсетеді, екінші топ қандай құқық екенін айтады.)

4-тапсырма: «Заңды жақсы білесің бе?»   (Оқылған жағдаяттарды тыңдап, құқық бұзушылық болса - қызыл түсті, керісінше болса -  көк түсті көтереді.)

o   Марат қала сыртындағы қоқыстан алтын сақина тауып алады. Оны ешкімге көрсетпей үйіне әкеліп қояды. Ол құқық бұзды ма, яғни қылмыс жасады ма?

o    4 сыныптың оқушысы Асқар автобуста жол ақысын төлеген жоқ. Билет тексеруші билет немесежолбилетінкөрсетудіталапетті. Асқардыңқолындабіріншісіде, екіншісіде болғанжоқ. Билет тексерушіАсқардан айыппұлтөлеуінөтінді. Билет тексеруші құқық бұзды ма?

o   - Жұмысқа кетіп бара жатырмын, үйді жинап, ыдыстарды жуып қой, - дейді анасы
– Ертең маған бақылау жұмысы, уақытым жоқ, – дейді баласы. 
– Оған дайындалып үлгересің, үйді жинап қой, шашып тастап кетуге болмайды,-дептапсырадыанасы. 
Сонда баласы:

o   – Балалар құқықтары туралы Конвенцияның баптарына сай мен білім алуыма кедергі келтіретін барлық жұмыстардан босатылғанмын. Ол менің құқығымды шектейді, – дейді. Баланың өз құқығын осылайша қоғауы дұрыс па?

o   Бір оқушы бір оқушыға «Ертең 200 теңге әкеліп бересің,әкелмесең басқаша сөйлесеміз», - деп күш көрсетті. 

o   Түнгі көшеде балалр айқайлап өлең айтып келе жатыр. 

o   Мектеп оқушылары біреудің бақшасынан жүзім ұрлады. 

o   Самал сыныптасының қаламын рұқсат сұрап алды. Ол құқық бұзды ма?

5- тапсырма: «Менің құқықтарым» жобасын жасау. 

-         Балалар, сендер өз құқықтарыңды біліп алдыңдар. Ендеше қазір сендер мына суреттер мен плакатты, бояуларды пайдаланып, «Менің құқықтарым» деген жоба жасайсыңдар.

ІІІ Рефлексивті-коррекциялаушы бөлім

Сұрақ-жауап  арқылы сабақты қорытындылау.

«Бағдаршам»: Балалар өз көңіл-күйлерін, сабақтан алған әсерлерін дөңгелектермен көрсетеді: жасыл дөңгелек – өте жақсы, сары дөңгелек – жақсы, қызыл дөңгелек – орташа.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құқық білу-еркін өмір сүру
Құқықтық мемлекет
«Мен және менің құқығым»
«Мен және менің құқығым»
«Мен және менің құқығым»
Заңды білсең, балдырған. Ақиқат шығар, алдыңнан.
Құқықтық тәрбие беру
Жасөспірім және заң дөңгелек үстел
Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы
Ата-ана және бала құқығы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 8758 | Қосты: Айбасова Күміс Маралқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык