Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ пен қонақ


Қазақ пен қонақ

Қазақ пен қонақ

Сабақтың тақырыбы: Қазақ пен қонақ

Сабақтың мақсаты

1.Білімділік.  Оқушыларға жаңа материалды меңгерту. Оқушыларға қазақтың салт-дәстүріндегі қонақ рәсімін тереңірек таныстырып білімдерін кеңейту.Жалпы қазақ қонақжайлылығы туралы толық мәлімет беру.

2.Дамытушылық. Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін, логикалық ойлауын шығармашылық қабілетін дамыту, сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік.  Оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, салт-дәстүрлерді қастерлеп құрметтеуге баулу. «Қазақ пен қонақ» тақырыбы бойынша оқушыларды  ұлттық салт – дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгілікке, қонақжайлылыққа, сөйлеу мәдениетін дамытуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, мақалдар, суреттер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, әңгімелесі, өз ойларын талқылау, топтық жұмыс, бағалау.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.

1.Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.

2.Зейіндерін сабаққа аудару.

Оқушылар ортаға шығып, шаттық шеңберін құрып тұрады. (жүректен жүрекке бір-біріне жылы сөздер айтады)

«Күн шуағы»

Қол ұстасып бәріміз,

Жылылықты сезейік

Шуақ шашқан күндей боп.

Сабаққа біз кірісейік.

Оқушыларды топқа бөлу мақсатында әр түсті шарлар лақтырып, екі топқа бөлейік.

 Топ ережесі

1. Тыныштық сақтаймыз

2.Бір-бірімізді тыңдаймыз

3.Уақытты үнемдейміз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1.Грамматика: Етістік дегеніміз не? Етістіктің сұрақтарын ата? Етістіктің жіктелуі.

2. 4-тапсырма  «Кішіпейілділік» дегеніміз не?

3.Кішіпейілділікке  - ассоциация құрайық.

4.Қандай мақал білесіңдер

5.Эссе жазу «Кішіпейілділік», «Адамгершілік»

ІІІ.Өткен сабақты қорытындылай келе мақалдардың дұрыс аяқта

1.Бала тәрбиесі   ..... арлы бала

2.Тәрбие басы   ..... тәртіппен өскен тал артық

3. Әдепті бала   .....  тал бесік

4.Әдепсіз өскен адамнан   ....  бесіктен

Қорытындылай келсек: Абай атамыз айтқандай:  Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, Нұрлы сезім, Жылы жүрек  - осы қасиеттерді бойымызға сіңіре білсек, біз қайырымды, кішіпейілді, адамгершілігі мол жақсы адам бола аламыз.

ІҮ.Жаңа сабақ

Қазақ осы - айтатұғын желге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ақыл-тегіл, көл-көсір!

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - "өнер алды - тіл" дейтін.

Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін!

Қазақ осы - көргенінен танбайтын,

Той-думансыз оты түзу жанбайтын.

Қазақ осы - алудай-ақ алатын,

Ал беруден алдына жан салмайтын.

Қазақ осы - ашық жарқын қабағы,

Қонақ келсе шабылып бір қалады.

Байқа да тұр, саған да ол кетерде,

Ат міңгізіп, жібек шапан жабады

Қадір Мырза Әли

Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар.

Сұрақ:   -  қонақ деп кімді айтамыз?

-          Қонақ дегеніміз кім?

-          Қазақ халқы қонақты қалай күткенг?

       Иә. Дұрыс балалар! Тіпті әр халықтың қонақ күту дәстүрі бар. Олардың өзіне тән ерекшеліктері бар. «Қазақ қонақсыз болмайды» деп бекер айтылмаған.

-          Кім қонақ туралы мақал – мәтел біледі?

-          Қонақтың да түрлері болады, кім біледі қандай түрлері бар?

1.Арнайы қонақ

2.Құдайы қонақ

3.Қыдырма қонақ

4.Қылқыма қонақ

5.Құтты қонақ

6.Ерулікті қонақ

1.Арнайы қонақ деп – арнайы той жиындарымызға шақырылған туған – туыс, жолдас – жекжаттар, құдаларды айтамыз.

Сол кезде қазақ дастарханың жайып қонақққа дәм – тұзын ұсынған.

  1. Қандай қазақ халқының салт – дәстүрлерін білесіңдер?
  2. Қандай ұлттық тағамдарды білеміз?
  3. Қандай ұлттық ойындарымызды білеміз? – міне осындай тойларға арнайы қонақтар шақырылады.

Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Мақалдың мағынасын өз сөздерімен жазу. – 2 топтан екі бала – 1 мин (Әр топ қарсыластарын бағалайды)

Жаңа сөздермен жұмыс.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын жаңа сөздер арқылы талдау. Мәтінге ат  қою. – (әр топ ат қояды – қорғап шығады) – бағалау.

Сергіту. Оқушыларды тынықтыру. Математикалық ребус

Жағдаят: Постермен жұмыс. Екі топқа екі түрлі тапсырма.

  1. Ұлттық тағамдар қиындысын тауып, қазақ қонақты қалай күткендерін қорғап шығады.
  2. Ұлттық киімдерді киіп баяғыда ата-бабамыз қонаққа ұлттық киімдерімен барғандары туралы қорғап шығу.

Сол тапсырмалар бойынша постерге ойларын салып, топ басшылары қорғап шығу керек. (Әр топ қарсыласының сол постеріне  өз пікірлерін, критерийлерин, ұсынысын  жазады)

Жағдаят: 1-топ – диалог құрастыру

2- топ – дастарқанда өзін – өзі ұстауы

Қорытындылау:

  1. Қазақ қонағын қалай күткен?
  2. Қазақ қандай? – қонақжай, берекелі, дастарханы кеңге жайылған, қонағын құрметтеген, сыпайы, кішіпейіл, мейірімді болған
  3. Қалай ойлайсыздар қонақ күту оңай ма, әлде қиын ба?
  4. Қонақтың түрлерін ата?
  5. «Қонақ келсе құт» - дегенді түсіндір
  6. Арнайы қонақ дегеніміз қандай қонақ?

 

Үйге тапсырма: 4-тапсырма. Мәнерлеп оқу, 2-тапсырма сөйлем құрау

 

Рефлексия: Бағдаршам (тақтаға іледі)

Жасыл түсі – білдім, үйрендім

Сары түсі – қиындықтар кездеседі, бірақ жеңе білдім

Қызыл түсі – түсінбедім, үйренбедім

Бағалау: топтың бір – бірімен бағалау әдісі бойынша сабақтағы оқушылардың деңгейін бағалап шығу

С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп

Мектепке дейінгі шағын орталығы

Қазақ пен қонақ

10 «В» сынып /ашық сабақ/

Пән мұғалімі: Жанна Мажит

Ұзынағаш


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақ - қонақжай халық. Етістік
Қонақжайлық-игі дәстүр. Қос сөздер.
Қожанасыр мен ашқарақ
Қонақ Біріккен сөздер
Ұлттық ойындар
«Қонақ бөлмесі» 3 сыныбында «Менің шешем» 4 сыныбында
Қонақ келгенде
Қонақ үй мен демалыс бөлмесін жобалау ерекшелігі
Халқым менің қонақжай
толқындар
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 8636 | Қосты: Мәжит Жанна Мәжитқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык