Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қонақжайлық-игі дәстүр. Қос сөздер.


Қонақжайлық-игі дәстүр. Қос сөздер.

Қонақжайлық-игі дәстүр. Қос сөздер.

Сабақтың тақырыбы . Қонақжайлық-игі дәстүр.Қос сөздер.

Сабақтың мақсаты :

1. Білімділік : қос сөздер туралы түсінік беру. Жасалу жолдарын түсіндіру.Оқушыларға халқымыздың игі дәстүрлерін ізгі қасиеттерді, иннабатылық іскерлік дағдыларын,салт- дәстүрлерін бойына сіңіру.

2. Дамытушылық :  жаңа сөздермен таныстыру,олардың мағынасын түсіндіру, ой-өрісін  кеңейту, дүниетанымын , этика- эстетика  талғамдарын, ойлау қабілеттерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік .  оқушыларды жан- жақты , білімді болуға ,салт- дәстүрлерді құрметтеуге , сақтауға,қонақжайлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі . жаңа

Сабақтың әдістері : баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру,қызығушылықты ояту стратегиясы

Көрнекілігі :  слайд, тест, оқулық

Сабақтың барысы .

І  Ұйымдастыру бөлімі

А ) амандасу

Ә) сабаққа зейін салу

Б) сабақтың барысымен таныстыру

- Балалар, алдыңғы сабақта не туралы әңгімеледік ?

ІІ Үй жұмысын тексеруге арналған тест сұрақтары

ІІ Үй жұмысын қайталауға арналған сұрақтар : 

1.Келген қонақты қай жерге отырғызамыз ?

А ) төрге    Ә ) босағаға          Б)     диванға

2. Үйге келген қонақты кім қарсы алу керек ?

А)  баласы     Ә)   үй иесі      Б)  көршісі

3. Неліктен үй иесі есікті өзі ашып, жабады ?

А) береке     Ә )  көңіл       Б) құт

4. Алдымен қонақтарға не беріледі ?

А) сусын      Ә )   ет      Б)  су

5. Қонақтарға шайды кім құйып берген ?

А) әжесі       Ә)  анасы      Б ) бойжеткен

6.Қонақтар  көңілді отыруы үшін үй иесі не істейді ?

А) билейді      Ә )  ән айтады     Б ) әнші-ақындарды шақырады

7. Жолы үлкен, сыйлы қонақтарды қалай күтетін болған ?

А) ізгі ниетпен     Ә ) көңілсіз    Б)  амалсыздан

ІІІ Жаңа тақырыппен жұмыс

Мұғалімнің кіріспе сөзі :

Көптеген ғасыр барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет- ғұрыптарымен , салт- дәстүрлері үй ішіндегі отбасымен және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарым- қатынастарды  қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

Ой қозғау ( қызығушылық ояту кезеңі )

Салт-дәстүр дегенді қалай түсінесіңдер ?( традиции )

Әдет- ғұрып ( обычаи)  қалай түсінесіңдер ?  Слайдтан көрсету

Дәстүр -латынша жапсыру, жалғастыру - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және өнегелі өнер болып табылады.

Әдет-ғұрып- дәстүрге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ тәртіп салт-сана.

  • Бүгін сабақта қазақ халқына тән бір қасиет туралы әңгімелейміз. Ол қонақжайлық туралы. Қазақ қонақты құдайдай сыйлайды. Сендер ата- аналарың үйлеріңе  қонақ келеді десе , ата аналарың қалай дайындалады екенін білесіңдер.
  • Сөздікпен жұмыс :
  • Сөздікпен жұмыс
  • Ақ ниет-чистые помыслы
  • Қабаққа қарау-смотреть на настроение
  • Бұлжымас-неизменный
  • Дәм- тұз ұсыну- предложить еду
  • Тектілік- радовитость,знатность
  • Қарғау- проклинать
  • Ұлттық әдеп – национальная традиция
  • Ерсі қимыл -  неловкое движение
  • Ғайбат айтпау- не клевать

 № 2 тапсырма 38 бет( сөздерді бірнеше рет қайталау,  мағынасын түсіндіру )

Мәтінмен жұмыс ( 38-39 бет )

1. мәтінді түсініп оқу

2. Қазақ халқы тағамды қалай бағалағанын, құрметтегенін қандай сөздерден  түсінуге болады ?

Грамматикалық  тақырыпты түсіндіру

Қос сөздер дегеніміз – сөздердің қосарланып, немесе  қайталанып    айтуынан  жасалған сөздер.

Мысалы :  жан- жануар, ата- анадай,

                                             Қос сөздер ( кесте  арқылы түсіндіру )

 

Қайталама                                                                             қосарлама

  Тапсырма

Мәтін ішінен қос сөздерді табу

Сабақты бекіту

№ 4 тапсырма «Қазақ пен қонақ» атты өлеңді мәнерлеп оқу

Ән «Қазақтарды шетелдік қонақтармен таныстыру»

Мақал- мәтелдермен таныстыру

Қонақ туралы мақал-мәтелдер

Қонақты асыңа тойғызбасаң  да ,

Ақ ниетіңе тойғыз.

Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

Қонаққа барсаң бұрын бар, бұрын барсаң  орын бар.

Қонақ табағыңа қарамайды, қабағыңа қарайды.

                              Қазақтың қонақжайлық туралы айтқан пікірлермен таныстыру

Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда,қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».

Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады.

    XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальд та былай деп жазды: «Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне  кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз ұйықтай беруіне әбден болады».

Сабақты  Н. Ә Назарбаевтың сөзімен қорыту

Н.Назарбаев  өзінің халыққа ұсынған “Қазақстан -2030” ұзақ мерзімді еңбегінде Қазақстанның 8 артықшылығын көрсеткенде, соның біреуі “қазақстандықтардың байсалдығы мен төзімділігін, олардың кеңпейілдігі мен ақжарқындығын” атаған. Дәстүрді сақтау, ұлықтау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау біздің парызымыз.

 Бағалау

Үйге тапсырма. Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын басқа халықтардың әдет-ғұрыптарымен салыстырып, қосымша материалдар жинақтау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Салтым – асыл қазынам!
Қазақ - қонақжай халық. Етістік
Ата-бабаларымыздан қалған салт- дәстүрдің бірі - « Ерулік»
Қазақ пен қонақ
Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
Қазақ - қонақжай халық
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ардақтайық!
Қонақ келгенде
Халқым менің қонақжай
Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6385 | Қосты: Назарова Гулсин Иманмаликовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык