Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Санды 3-ке көбейту кестесі


Санды 3-ке көбейту кестесі

Санды 3-ке көбейту кестесі (қайталау)

А. Жексенбаева

Ататүрік атындағы № 17 мектеп – гимназиясы

Түркістан қаласы.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:

Кестелік көбейту және бөлу ережелерін қайталай отырып, 3-ке көбейту және бөлуді үйрету, ұғындыру. Көбейту кестесін құруды, көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануға үйрету.

2. Дамытушылық:

Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін өздігінен жұмыс істеу дағдысын, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Білім, білік, дағдыларын кеңейту, қиялын, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік:

Оқушылар өзгенің пікірін тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу, белсенділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ойын, математикалық диктант, логикалық сұрақтар.

Пәнаралық байланыс: ана тілі

Көрнекілігі: көбейту кестелері, үлестірмелі қима қағаздар, көбейту кестесіне байланысты суреттер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Ал, кәнекей, балалар,

Бері қарай қарайық.

Қажет құрал, кітапты,

Алдымызға алайық.

Алаңдамай басқаға,

Сабаққа назар салайық.

Дұрыс есеп шешімін,

Мұқиятпен табайық.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

№ 7. Өрнектер құр, мәндерін есепте.

4*3 =                     12/3= 4                       12/4 = 3                    3*4 = 12

5*3 =   ...                   ...                                  ....                         ...

6*2 =   ...                   ...                                   ....                        ...

7*2 =   ...                   ...                                   ....                        ...

8*2 =   ...                   ...                                   ....                        ...

III.  Өткен сабақты пысықтау.

- Балалар, біз өткен сабақта санды 2-ге көбейту кестесін өтіп, есептер шығардық. Қазір соны қалай меңгергендеріңізді білу үшін сұрақтар қойып өткенді еске түсіреміз.

- Көбейту амалына кері амал?

- Көбейтудің компоненттерін ата?

- Бөлудің компоненттерін ата?

IV. Жаңа сабақ

Санға байланысты даналық сөздер ары-беріде біздің қазақта ғана болса керек. Бабалар қалдырған осынау даналықты ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап жеткізу біздің борышымыз. Бүгін алдарыңызға "үш" санына байланысты сөздерді әкеліп отырмыз. Жеті саны туралы айтып өттік. Қазақ ырымдап, жақсылыққа балаған төрт, бес, тоғыз, он бір, қырық сандары туралы алда тағы да мәліметтер беретін боламыз. 

1. Үш жұрт:

Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт   

2. Үш байлық:

Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық.

3. Үш қуат:

Ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.

4. Үш арсыз:

Күлкі арсыз, тамақ арсыз, ұйқы арсыз.

5. Үш қадірлі:

Ырыс қадірлі, бақ қадірлі, дәулет қадірлі.

6. Үш қадірсіз:

Жастық шақ қадірсіз, денсаулық қадірсіз, жақсы жардың қадірін білмеу.

7. Үш жамандық:

Қан төгу, кесі ақысын жеу, ескі жұртты бұзу.

8. Үш тәтті:

Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.

9. Үш ақиқат:

Қымбат – шындық, арзан – өтірік, дауасыз – кәрілік.

10. Үш қуаныш:

Алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, жақсы ісіңнің өшпеуі.

11. Үш биік:

Билік, дәулет, даналық.

12. Үш тұл:

Қайратсыз ашу тұл, тұрлаусыз ғашық тұл, шәкіртсіз ғалым тұл.

13. Үш кедейлік:

Кежірлік, еріншектік, ұйқы.

14. Үш бақытсыз:

Жаман ат, жаман қатын, жаман көрші.

15. Үш көз:

Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ.

16. Үш тоқтам:

Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық.

17. Үш қасиет:

Өліде әруақ, малда кие, аста кепиет.

18. Үш тағылым:

Мейірімнен сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесапат.

19. Үш зая:=====

Ақымаққа айтқан сөз зая,

Қараңғыға телмірген көз зая,

Болмашыға қайрылған өмір зая.

20. Үшке тоқтау қыл:

Өмірге тоқтау қыл, өлімге тоқтау қыл, көңілге тоқтау қыл.

21. Үш мақтаншақ:

Қатынын мақтаған, атын мақтаған, асын мақтаған.

22. Үш жүйрік:

Көңіл жүйрік, тіл жүйрік, қол жүйрік.

23. Үш жаман:

Тастарманда қатын жаман, көшерменде жұрт жаман, жұтағанда қыс жаман.

24. Үш жау:

Шайпау болса қатын жау, қыдырмаш болса қызың жау, тілазар болса ұлың жау.

25. Үш жетім:

Ер алмаған қыз жетім, қаз қонбаған көл жетім, шалғыны жоқ жер жетім.

- Балалар, 3 саны туралы мәліметтерді біледі екенсіңдер. Ал енді көбейту мен бөлу жағдайларын қарастыра отырып, көбейту мен бөлуді үйренеміз.

- Балалар, көбейтудің үш қасиеті бар.

Оқулықпен жұмыс.

№1

7*3= 7* 2 +7 =                    21/3 = 7

8*3= 8*2+8 =                      24 / 3 = 8

9*3 = 9*2+9=                      27 / 3 = 9          

Топпен жұмыс

№ 2 есеп

1 – топ а)  7*3 = 21                  Жауабы: 21 кітап бар

2-топ     ә) 21/3=7                     Жауабы: 7 кітаптан бар

№ 3 есеп

1 – топ а) 9*3 = 27                   Жауабы: 27 оқушы отырды

2- топ  ә) 27/3 =9                      Жауабы: 9 оқушыдан отырды.

 Математикалық диктант

7*3 =                         9*3 =                      3*7 =                             3*9 =

70*3 =                       90*3 =                    3*70 =                           3*90 =

8*3 =                         1*3 =                      3*8 =                             3*1 =

80*3 =                       10*3                       3*80 =                           3*10 =

Математикалық ойын

2*2=     *2 =     : 4 =     +10 =     : 6 =

3*2 =         + 4 =     : 2=       *2=     : 5 =

Логикалық есептер

1-топ

1. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
2. Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
3. 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?

4. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

 2- топ

1. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?

2. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
3. Бір айда 5 жексенбі бола ма?

4. Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?

 3-топ

1. Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
3. Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
4. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?

ХІ.Оқушыларды бағалау.

ХІІ. Үйге тапсырма: 239 бет  № 7


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
3-ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау.
Разрядтан аттап жазбаша көбейту, бөлу.
Көбейтудің жазбаша тәсілдері. Жазбаша көбейту алгоритмі. 43х3, 143х3
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу. Өткенді пысықтау.
7 – ге көбейту және бөлу кестесі
6-ға көбейту және бөлу кестесі
6-ға көбейту және бөлу кестесі
2-ге көбейту және бөлу кестесін қайталау
2 -ге көбейту және бөлу. Есептер шығару
3 санын қосу және азайту
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 4388 | Қосты: Жексенбаева Ақмарал Әсілқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык