Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әнші әңгімесіндегі әнші Әмірқанның бейнесі


Әнші әңгімесіндегі әнші Әмірқанның бейнесі

Әнші әңгімесіндегі әнші Әмірқанның бейнесі

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: «Әнші» әңгімесіндегі әнші Әмірқанның бейнесі (2сағаты)

Сабақтың мақсаты:Жарыс ойын арқылы алған бiлiмдерiн тереңдету, тиянақтап бекiту. Эстетикалық сезiмдерiн жетiлдiру. Өнер адамын, шын өнердi бағалай бiлуге, ұлттық салт-дәстүрдi қадiрлеуге баулу. Алғырлыққа, шапшаңдыққа үйрету. Шығармашылыққа бағыттау, ой-өрiсiн дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену  

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, дидактикалық материалдар  

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Музыкалық аспаптардың түрлерін қолдана отырып, оқушыларды үш топқа бөлу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Сұрақ-жауап арқылы (әр жауапқа 1ұпай)

-                   Ж.Аймауытов кім?

-                   Ж.Аймауытов қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

-                   Ағасының есімі кім?

-                   Шығармалары ең алғаш қай жылы басылды?

-                   Қай жерлерден білім алды?

-                   Қандай қызметтер атқарды?

-                   Жазықсыз тұтқынға нешінші жылы алынды?

-                   Ж.Аймауытов қай жылы ақталды.

Үйге берілген мәтінді үш бөлікке бөліп, ат қою тапсырылған. Әр топтан үзіндіні сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.Әміре Қашаубаев (1888-1934) – атақты әнші, актер әрі музыкант. 1888 жылы туған. 12 жасқа толғанда Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, ол жас әншіні той-жиындарда ән салғызады. Әміре 1921-24 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес-аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті. 1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды. 1925 жылыПарижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. 1934 жылы 6 желтоқсанда ауыр сырқатқа шалдыққан әнші оқыстан қайғылы қазаға ұшырады

ІV. Салыстыру.  Әншілердің ән айтудағы ерекшеліктеріне тоқталу.

Әмірқан қалай ән айтады?

Естай қалай айтады?

Әмiрқан
әндi ескектете,
желпiндiре,
желiктiре,
құлшындыра
айтады.

Естай әндi күжiлдеп,
ызбарланып, тiстенiп, 
шытынап айтады.

Ұқсастықтары

Екеуi де әнді ышқындыраайтады. Екеуі де әнші.

V. Шығармашылық жұмыс. Екi топ өнер туралы мақал-мәтелдердi, асыл сөздердi айтып жарысады.

1. Өнерлі өрде озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.

2. Өнерлі өрге жүзер.

3. Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.

4. Өнерліге өлім жоқ.

5. Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

6. Бай болмасаң бай болма,

    Өнер, білімге сай бол.

7. Өнерді үйрен,

Үйренде жирен.

VІ. Мәтінге тілдік талдау.

Берілген сөйлемдердегі асты сызылған сөздердің орыс және ағылшын тіліндегі аудармаларын айту.

- Жетiшатыр - жақсы қ а л а.(город – city)

- Үй қыдырған көлең-көлең а қ жаулық. (белый – white)

- Әмiрқан қ о л ұстасып, сыпайы амандасып отырды.(рука – hand)

-  Жаз шықса пароход, паром, желқайық, жасыл арал, 
қалың о р м а н.(лес – forest)

- Наурыздан кейiн бiзбен д о с болып кеттi. (друг – friend)

- Бір әнін бір а т беріп үйренсең обалы жоқ. (лошадь – horse)

- Енді байқасам әжептәуір ә н екен. (музыка – music)

- Ән туралы әңгіме қылдық. (разговор –  conversation)

VІІ. Жазбаша жұмыс.

1-тапсырма. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жазу.(домбыра, қобыз, шертер, жетіген, асатаяқ, дауылпаз, даңғыра, дабыл, шаңқобыз, сыбызғы, сазсырнай, мүйіз  сырнай, үскірік, ұран).

2-тапсырма. Халық композиторларынан кiмдердiң есiмiн атар едiңдер? (Абай, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Кенен Әзірбаев, Әсет Найманбайұлы, Естай Беркімбайұлы, Нартай Бекежанов, Шәмші Қалдаяқов).

VІІІ. Білімді бекіту. Тақырып бойынша сұрақтар қою. Түсінбеген сұрақтарына жауап беру.

ІХ. Қорытынды. «Екі жұлдыз, бір тілек». Әмірқанның бойындағы екі жақсы қасиет. Әмірқанға тілек.

Х.Бағалау. Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

ХІ. Үйге тапсырма беру. «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбына шығарма жазу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мақалдар жинағы.
Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Музыка және қолданбалы өнер. Қазақтың атақты әнші-күйшілері
Музыка және қолданбалы өнер Қазақтың атақты әнші - күйшілері
ТҰЛА БОЙЫ ТҰНҒАН ӨНЕР БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ (1834-1897)
Әміре - ән көгінің айнасы
Әміре - ән көгінің айнасы
Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 3534 | Қосты: Мухаметжанова Индира Ерболатқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык