Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол


Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол

Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол

Атырау облысы.Құрманғазы ауданы. С.Н.Имашев атындағы орта мектебі

Физика- математика пәні мұғалімі Рауила Харисова

Физика 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Материялық нүкте. Қозғалыс  траекториясы. Жол

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,сабақта алған білімдерін
пайдалана білуге үйрету,білімдерін байқау-бақылау;

Дамытушылық: Жаңа сабақтың ұғымын енгізу,білім дағдыларын дамыту, ізденіске ұмтылдыру;

Тәрбиелілік: Шапшаңдыққа, бірігіп жұмыс жасауға,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,проблеманы іздеу,жеке ізденушілік.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, үлестірме карточка, семантикалық карта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. «Кім көп біледі?»

ІІІ. «Сәйкесін тап»

ІҮ.  «Кім тез»

Ү.  «Білім шыңына өрлейік»  жаңа сабақты түсіндіру

ҮІ. «Білгенімді зердеме тоқу» жаңа сабақты пысықтау

ҮІІ.  «Физикалық  тілде»

ІІ. «Кім көп біледі?»

  1. Табиғат  құбылыстары  деп нені айтамыз?
  2. «Физика»  атауы нені білдіреді және оны ғылыми негіздеген ғалымдарды атаңдар.
  3. Физиканың негізгі мақсаты неде?
  4. Қандай физикалық ұғымдарды білесіңдер?
  5. Астрономия нені зерттейді?
  6. Табиғатты зерттеудің кең тараған ғылыми әдістері қандай?
  7. Зат құрылысының  МКТ-ның  Ломоносов  тұжырымдаған  қағидалары қандай?
  8. Физикалық шамалар дегеніміз не?
  9. Диффузия деген не?
  10. Заттар қандай күйде бола алады және өздеріне тән қасиеттері қандай?
  11. Механикалық  қозғалыс деп нені айтамыз?
  12. «Планета» деген  сөз нені  білдіреді?
  13. Қандай  планеталарды білеміз?
  14. Птолемейше  Әлем жүйесінің құрылысы  қандай еді? Ол қандай жүйе деп  аталды?
  15. Коперник теориясы бойынша Әлемнің құрылысы қандай? Ол жүйе қалай аталады?

ІІІ. «Сәйкесін тап» бөлімі.

Физикалық дене

Автомобиль қозғалысы, мұздың еруі, доптың ұшуы

Физикалық зат

Киімге сепкен әтір иісінің ауаға жайылуы

Физикалық құбылыс

Геоцентрлік жүйе

Диффузия

Құстың ұшуы, доптың домалауы, арбаның қозғалуы

Механикалық қозғалыс

Гелиоцентрлік жүйе

Птолемей құрған жүйе

Мыс, фарфор, су, темір

Коперник құрған жүйе

Ұшақ, кітап, қалам,қасық,өшіргіш

ІҮ.  «Кім тез »

0,8 м =  80  см                                       40 см  = 0,4  м

2,9 дм  = 0,29  м                                   0,25 м    = 2,5 дм

380 м  =   0,38 км                                  0,35км   =  350  м

Ү.  «Білім шыңына өрлейік»

Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.

Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қозғалыс траекториясы деп аталады. Поезд жүретін темір жол –поездың, тас жол –автомобильдердің, ұшақтың артында қалған тұманды із-ұшақтың, соқпақ жол- жаяу адамның қозғалыс траекториясын көрсетеді. Қозғалыс траекториясының пішіні әр түрлі  санақ денесіне қатысты түрліше болады. Қозғалысты түзусызықты немесе  қисықсызықты деп бөледі. Мысалы:  шеңбер бойымен, парабола бойымен қозғ.

ҮІ. «Білгенімді зердеме тоқу»

1/ Төмендегі жағдайлардың қайсысында денені материялық нүкте деп есептеуге болады:   а) ұшақ Астанадан Мәскеуге сапар шекті.    б) конькиші жарыс мәресінен өтті. Мәнерлеп коньки тебуші еркін жаттығу орындауда.   в) ғарыш кемесінің қозғалысын Жердегі басқару орталығынан бақылайды. Екі ғарыш кемесі түйісу сәтінде.

2/ Мына денелер: метро эскалаторында тұрған адам; төмпешіктен секірген шаңғышы; тігін машинасының инесі- Жермен салыстырғанда  түзу  сызықпен қозғала ма, әлде  қисық сызықпен  қозғала ма?

Жаңа сабақты пысықтау.

  1. 1.      Бүкіл материалық дүниеге тән  қасиет… 
  2. а) қозғалыс        б) санақ  денесі       в)  тыныштық           г)  салыстырмалы

2. Санақ  жүйесі дегеніміз:

а/  санақ  денесі       б/   координат   жүйесі        в/   уақыт өлшейтін  жүйе        г/   санақ  денесімен  байланысқан  координата  жүйесі мен сағат

3.Қозғалыс  траекториясы  деген не?

а/  жеке  молекуланың  қозғалысы    б/  жылдамдыққа қарсы  қозғалыс  в/  қозғалыс   бағытын  анықтамайтын         г/  бір  нүктеден екінші  нүктеге   дененің орын   ауыстырғандағы  сызығы.

4.Дүниенің  гелиоцентрлік  жүйесін жасаған ғалым  кім? 

а/ Аристотель        б/ Гиппарх           в/  Птолемей            г/ Коперник

5.Жердің  Күнді айнала қозғалуын қарастырғанда қай кезде Жерді материялық нүкте деп есептеуге  болады?

а/ Жыл мезгілінің өзгеру  уақытын қарастырғанда    б/ Жыл мезгілінің  ұзақтығы  тәулікпен өлшегенде   в/ Жер мен  Күннің ара қашықтығы метрмен  анықталғанда   г/  Жыл  мерзімінің ұзақтығын  секундпен  анықтағанда

6.Көзбен  көруге  болатын  планета:

а/  Юпитер                  б/   Уран                   в/  Нептун                г/  Плутон

7. Юпитер- қазақша  аты.

  а/  Қоңырақай        б/  Есекқырған          в/   Аңырақай            г/  Болпан

8. Астрономиялық  бақылау  үшін  қолданылатын аспап

а/ термометр           б/  таразы            в/  секундомер            г/  телескоп

9.Коперниктің «Аспан сфераларының айналуы» туралы деп  аталатын еңбегі қай жылы жарық көрді?                

а/  1543             б/  1503            в/  1563            г/  1643

10. Әлем  кеңістігінде не бар болса, соның бәрі не деп  аталады?                                                                                   а/  материя         б/  физикалық  дене           в/  зат              г/   материялық  нүкте

ҮІІ. «Физикалық  тілде»  

  1. Әр заттың …… – сол  заттың  ерекшелігін сипаттайтын  ең ұсақ  бөлшегі.
  2. Молекулалар мен  атомдардың  ретсіз  қозғалыстары  салдарынан  жанасып  тұрған заттардың бөлшектерінің бір-біріне өтіп  таралуын ….  деп  атайды
  3. Дененің  немесе  заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық   шама  …… деп   аталады.  
  4. Дене молекулаларының қозғалыс…. неғұрлым үлкен  болса,  оның….  да  соғұрлым  жоғары  болады.   
  5. Пішіні мен  көлемін  сақтау-  …. денеге тән  қасиет.    
  6. Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін  елемеуге  болатын  денені ……   деп  атаймыз. 
  7. Дүниенің  центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл  жүйе…. деп  аталды.

1. молекуласы

2    диффузия

3.  температура

4.   жылдамдығы,  температурасы

5.      қатты  6.,    материялық  нүкте7.    гелиоцентрлік жүйе

Ә. Жеке оқушылармен жұмыс. Үлестірме карточкалар арқылы.

Б. Топтық жұмыс. Семантикалық карта. 

V.  Рефлексия «Бас бармақ» әдісі

Толық түсіндім     Түсіндім, бірақ көмекті қажет етем.    Түсінген жоқпын (нашар түсіндім)   

Рефлексия қорытындысы бойынша келесі сабақта қосымша жұмыстар жүргізіліп отырылады.

VІ. Бағалау. Марапаттау.

Үйге  тапсырма:  §22


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым.
«Қазына» танымдық сайысы.
Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру.
Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Глоссарий
ФИЗИКА ҒЫЛЫМЫНА САЯХАТ
Материялық нүкте. Қозғалыс троекториясы. Жол және орын ауыстыру
Механикадағы күштер
Қозғалыс – материяның ажырамас қасиеті. Материалдық нүкте. Санақ жүйесі
Молекулалардың қозғалысы.Диффузия
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 10253 | Қосты: Рауила Харисова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык