Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру.


Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру.

Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және

орын ауыстыру.

Сабақтың тақырыбы:  §15. §16. Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру.

Сабақ мақсаттары:

Білімділік:  Материялық нүкте, қозғалыс траекториясы, жол және орын ауыстыру кинематикалық ұғымдарын қалыптастыру.

Дамытушылық: Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қортындыларын жасауға жетелеу.

Тәрбиелік:  күнделікті өмірде кездесетін арақашықтарды өлшеу әдістерін анықтап өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ меңгеру

Құралдар: интербелсенді тақта, флипчарт беті, маркерлер, түрлі-түсті фломастерлер.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық жұмыс

Оқыту нәтижесі:

Сілтеме: оқулық

 

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

 

 

 

3 мин

 

ОЖТ

Сәлемдесу . Сыныпты түгендеу

 

 

 

Психологиялық дайындық

/оқушылардың сабаққа қызығушылығымен көңіл-күйлерін көтеру үшін мына өлең жолдарын оқып, оқушылардың назарын өзіме аударып, шаттық шеңберіне шақыру./

Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ- үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісім- тіршілік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.

Интербелсенді тақтадан «Дене жаттығулары» бейнеролигін көрсету, оқушылармен бірге жаттығу жасау

 

Сәлемдеседі

Сынып старостасы сыныпты тізім бойынша түгендейді.

Оқушылар шеңберге тұрады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнероликте көрсетілген жаттығуларды оқушылар істейді.

 

ІІ. Алған білімдерін тексеру

 

8 мин

Білу

ТжДБО

Диалогтік оқыту

СТО

АКТ

 

Балалар сендерге «Күннің жылдық қозғалысы. Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары» тарауы бойынша әр топқа сөзжұмбақ құрастырып келу болды. Ал кәне балалар әр топ өз сөзжұмбақтарын интербелсенді тақтаға шығарып, бір-бірімен алмасып, дұрыс жауабын іздеңдер

 

«Күннің жылдық қозғалысы. Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары» тарауы  бойынша сөзжұмбақтарды топтар бір-бірімен алмасып, дұрыс жауабын іздейді, одан кейін топ бір бірін тексереді.

ІІІ. Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты игеру

8 мин

Түсіну

ОБжК

ОЖЕСОжО

СТО

Диалогтік оқыту

Бүгінгі біздің  тақырыбымыз «Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру». 1, 2 топтарға тақырып бойынша тапсырмалар беру.

 

 

Одан кейін оқушыларды тағы да топтармен орындарын ауыстырып, яғни 1, 2 сандарға бөлу.

Әр топқа флипчарт , маркер, түрлі түсті фломастер таратылады.

 

Әр топ өз міндеттерін орындайды. берілген материалды оқып, жұппен, топпен өзара талқылайды

 

 

Оқушылар дыбыссыз қадам жасап, 2 топқа бөлінеді.

 

 

10 мин

Қолдану

ОЖТ

ОБжК

ТжДБО

 

Тақырыпты топта талқылап, флипчартқа «Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру» тақырыбын түсіреді. Әр топ жасаған флипчарттарын қорғау

 

Тақырыпты оқып, топта талқылап, флипчартқа түсіреді топ.

Флипчартты қорғайды.

 

 

7 мин

 Талдау

ТжДБО

АКТ

СТО

Диалогтік оқыту

Топпен жұмыс

Презентациядатақырыпбойынша сұрақтар:

I топ

1. Материялық нүкте деген не?

2.  Төмендегі жағдайлардың қайсысында денені материялық нүкте деп есептеуге болады: а) ұшақ Астанадан Мәскеуге сапар шекті. Ұшақ «өлі тұзақ» фигурасын жасап жүр; ә) конькиші жарыс мәресінен өтті. Мәнерлеп коньки тебуші еркін жаттығу орындауда;

б) ғарыш кемесінің қозғалысын Жердегі басқару орталығынан бақылайды. Екі ғарыш кемесі түйісу сәтінде

3. Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз?

4. Мына денелер: метро эксалаторында тұрған адам; трамплиннен секірген шаңғышы; тігін машинасының инесі-Жермен салыстырғанда түзу сызықпен қозғала ма, әлде қисық сызықпен қозғала ма?

II топ

1. Орын ауыстыру деп нені айтады?

2. Орын ауыстыру қандай шама?

3. Футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамамен 12 км жүгіретіні анықталды. Осы қашықтық орын ауыстыру ма, әлде жолдыі ұзындығы ма?

4. Жолаушылап қайтқан автомобиль жүргізушісі есептеуіштің көрсетуі 300 километрге артқанын көрді. Бұл нені білдіреді: автомобильдің жүрген жолы ма, әлде орын ауыстыру ма?

Әр топ  ішінде өз сұрақтарын талқылап, сұрақтарға нақты жауап іздейді. Сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV.Рефлексия. Сабақты қорытындылау

 

5 мин

Синтездеу

СТО

ОүБжОБ

ОЖТ

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

ОүБжОБ

СТО

 Сабақты қорытындылау.

Мен не білемін?

Мен не үйренгім келеді?

Не ұнады?

Не үйрендім?

Нені істей алмадым?

Мен не істеуім керек?  сұрақтарына сүйеніп стикерге

 пікір жазу,  өз еркімен оқығысы  келген 2-3 оқушыға оқыту.

Оқушылар сендер өздерінді, жұпты, топты қалай бағалайсыңдар?

 

Әр топтан оқушылар сабақты қорытындылайды жалғастырады.

 

 

 

 

Әр топтағы оқушылар стикерге жазып, жазғандарын оқиды

 

 

Оқушылар өзін −өзі, жұпты, топты бағалайды

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жай бөлшектер тарауын қайталау
Күннің жылдық қозғалысы. Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары
Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы
Инерция.Күш - денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Архимед күші. Денелерлің жүзу шарттары.
Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол
Глоссарий
Материялық нүкте. Қозғалыс троекториясы. Жол және орын ауыстыру
Практикалық жұмыс: Жол, орын ауыстыру және бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы дененің координатасы
Бөлім: Уроки / Қысқа мерзімді жоспар | Көрсетілім: 3006 | Қосты: Тәшібаева Кәмшат Еркінжасқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык