Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Адамның денсаулығына бәрі де әсер етеді


Адамның денсаулығына бәрі де әсер етеді

Адамның денсаулығына бәрі де әсер етеді

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресеновка орта  мектебі

Қазақ тілінің мұғалімі: Осипова Алтын Медебайқызы

8 сынып

Сабақ тақырыбы: Адамның денсаулығына бәрі де әсер етеді

Сабақ мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың есімше,  сөйлемнің тұрлаулы мүшелері  тақырыбы бойынша білімдерін қайталау;

2. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын дамып, қолдана білуге үйрету;

3. Тәрбиелік: балаларды денсаулықтарын бағалап, оны сақтауға  баулу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, топпен жұмыс

Көрнекілігі: сөзжұмбақ, гүл, «Кім тапқыр»ойыны, әуен, презентация слайдтары

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) амандасу

Ә)түгендеу

Б)кезекшімен сұхбаттасу

 «Жылы лебіз стратегиясы»:

- Қазір мына гүлді бір-бірімізге ұсына отырып, мақтау айтып, жақсы тілек жолдаймыз. Мысалы мен: «Алина, сен сондай сүйкімді қызсың. Жүзіңнен күлкі кетпесін. Достарың көп болсын...»

Оқушылар бір-біріне гүл сыйлай отырып,  жақсы қасиеттерін айтады.  Осы кезде әдемі әуен жіберіледі.

2. Өткенді қайталау.Үй жұмысын тексеру.

- Есімше деген не? Мысал келтір.

- Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата.

- Бастауыш дегеніміз не? Мысал.

-  Ал баяндауыш туралы кім айтады?

3. Жаңа сабақ.

- Балалар, мына сөзжұмбақты шешу  арқылы бүгінгі негізгі сөзді тауып аламыз.  Ал қанекей, кірісейік. (1-слайд)

  1. Офи циант
  2. Лапша
  3. Хлеб
  4. Молоко
  5. Каша
  6. Вода
  7. Плов
  8. Посуда
  9. Сахар

- Сонымен біздің бүгінгі сабағымызда денсаулық, денсаулықты қалай сақтау керек, денсаулыққа не әсер етеді деген сұрақтарға жауап беруіміз керек. Ендеше бүгінгі мына интерактивті тақтада жазылған жаңа сөздерімізді  сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар (2-слайд):

Бағыну-подчинение

Мөлшер –норма

Сақтау- соблюдать, сохранять

Ережелер- правила

Сапа-качество

Тәбет- аппетит

Тәулік кесте- суточный график

Құнарлы- питательный

Қомағай-прожорливый

Жаңа сөздерді мұғаліммен бірге жеке, топпен қайталайды. Осы сөздермен сөз тіркестер, сөйлемдер құраймыз.  Мысалы: ережеге бағыну, денсаулық сақтау. Біз ережелерге бағынуымыз керек. Мен денсаулығымды сақтаймын...

-         Келесі мәтінмен жұмыс істейміз. Оқулықтың 73 бетіндегі мәтінді ашып, оқимыз. Мәтін мазмұнын ашатын бірнеше сұрақтар құрастыруымыз керек.

-         Енді 2-тапсырмадағы тамақтану ережелерін қолдана отырып, денсаулық сақтау туралы әңгіме құраңдар. Мысалы: Тамақтану мезгілін денсаулық сақтау үшін керек. Денсаулыққа құнарлы тағамдар жеу қажет. ...

4.Сергіту сәті.

«Кім тапқыр» ойынын ойнату. ДЕНСАУЛЫҚ сөзінен тағы басқа сөздерді құрастыру керек. Балалар кезектеп шығып, өз сөздерін жазады. Мысалы:

Денсаулық: ақ, ауыл, сақ, дақ, уық......

Ойында көп сөз тапқан жеңеді.

-         Балалар, келесі 3-тапсырманы орындаймыз. Мәтіннен есімшесі бар сөйлемдерді тауып дәптерге көшіріп жазамыз.  Сөйлемдердегі тұрлаулы мүшелерін анықтаймыз.

5. Ой қозғау. Әңгімелесу.

-          Балалар, сендер денсаулық туралы қандай мақалдар білесіңдер?

-         Ас – адамның арқауы, Тазалық – денсаулық кепілі мақалдарын қалай түсінесің?

-         Денсаулыққа не әсер етеді?

6. Сабақты қорытындылау.

-  Балалар, бүгінгі сабақта жұмыстарыңмен білімдеріңді көрсеттіңдер. Сонымен, бүгінгі сабақта не түйдіңдер?

- Денсаулыққа не әсер етеді?

- Денсаулық туралы қандай мақалдар білесіңдер?

Нені білдім?

Нені үйрендім?

Нені білгім келеді?

- Балалар, егер сендерге ұнаса,мына белгіні ; ал ұнамаса ; ешқандай әсер алмадым дегендер мына белгіні алады.

7. Оқушыларды  бағалау.

8. Үйге тапсырма беру.

Денсаулық - басты байлық  деген тақырыпта шағын шығарма жазу;

Мақалдар тауып, жаттау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бала психологиясы
Дені саудың – жаны сау.
Денсаулық – зор байлық
Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.
Табиғат-денсаулық мекені
Денсаулығыңды жасыңнан сақта
Денсаулық - мен білетін бірден-бір сұлулық
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Бақыт дегеніміз – денсаулық
Адам өміріне не қажет?
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 1992 | Қосты: Өсіпова Алтын Медебайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык