Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ғұндар



Ғұндар

Пән аты:  Қазақстан тарихы

Сыныбы: 6

Тоқсан

 2014 жыл

45минут

Пәні: Қазақстан тарихы

Сынып      6

Сабақтың аты

Ғұндар, ежелгі ғұндар тарихы қытай деректерінде Мөде шаньюй – ғұн мемлекетінің негізін салушы, ғұндардың мемлекеттік құрылысы, ғұн тайпаларының бірігуі

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

1.Ғұндардың тарихы туралы мәлімет беру

2.Ғұн мемлекеті неліктен  екіге бөлініп соғысты мәнін түсіндіру

3. Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

1.Ғұндардың тарихы туралы білетін болады

2.Соғыс салдарының мәнін түсінеді

3.Топта бірлесіп жұмыс жасайды

Негізгі  идеялар

Б.з.б 1 мыңжылдықта қазіргі Монғолияның  оңтүстігінен  Каспий өңіріне дейінгі Орталық  Азияның кең- байтақ   кеңістігін әртүрлі  тайпа мекендеген.Қытай  деректерінде  «ғұн»  атауы  б.з.б  3 ғасырдың  аяғында  пайда  болды.  «Ғұн»  сөзі  «гун руң , хун ю »  т.б Қытайлар ғұндардың  басшысын  «шаньюй»  деп атаған.

Тапсырмалар

  1. Келісу - келіспеу стратегиясы.

2.Топтық жұмыс(Мықты болсаң тауып көр,Постер қорғау)

3.Жұптық жұмыс(Тарихи диктант, Ойлан тап)

4. Жеке жұмыс(Тест)

5.Деңгейлік тапсырма

 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру  кезеңі

Шаттық шеңберінде тұрып, бір-біріне жылы тілек айту.

1.1.  Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу (2-минут) назарын сабаққа аудару

1.2. Топқа бөлу (  сынып  екі  топқа бөлінеді) Оқушылар  қима қағаздарды құрастырып, сол бойынша  топтасады. ( 2 -минут)

Ізгі арманын, үмітін

Бабалардың жалғаймыз!

Білім көкжиегінде

Жалындаймыз, самғаймыз! (хормен айту)

А) Психологиялық дайындық

«Өз елінің тарихын білмеген адам, басқа елдің тарихын біліп жарытпас» (хормен айту)

“Айтылғанды қалпына келтір” ойыны.

Оқушыларға көптеген сөздерді баған түрінде ұсынамын.

қазақ

ғұндар
атасы
арғы
халқының

Бұдан кейін айтылғанды қалпына келтіруді тапсырамын. Кім бұрын орындаса, сол жеңіске жетеді. Тақырыпқа көшуден бұрын: ”Ғұндар – қазақ халқының арғы атасы“ деген сөйлемді сабақтың эпиграфы етіп алынатынын айтып өтінемін.

Одан кейін жаңа сабақ басталады. Оқушылардан күннің атын, сабақтың тақырыбын жазып қоюларын сұраймын.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.  Келісу - келіспеу стратегиясы.

1. Тарих – өткенді және қазіргіні зертттейтін ғылым.Иә. Жоқ.
2.  Қазақстан – көп ұлтты ел.Иә. Жоқ.
3. Қазақстан – әлемдегі ең үлкен мемлекет.Иә. Жоқ.
4. Ғұндар – қазақтардың арғы атасы. Иә. Жоқ.
5. Ғұндар – Азиядан Шығыс Еуропаға дейінгі аумақты мекендеген
ежелгі халық.Иә. Жоқ.
6. Ғұндар 24 руға бөлінді.Иә. Жоқ.
7. Алтын адам “ Алматы облысынан табылған.Иә. Жоқ.
8. Ғұндар көшпелі өмір сүрді.Иә. Жоқ.
9. Ғұндарда әскери өнер жоғары дамыды. Иә. Жоқ.
10. Ғұндар киіз үйлерде тұрған жоқ.Иә. Жоқ.
11. Ғұндардың өмірінде аңшылық та маңызды орын алды.Иә. Жоқ.
12. Тарихтағы аты әйгілі “Ұлы Қытай қорғаны” ғұндардан қорғану үшін салынған.Иә. Жоқ.
13. Мөде шаньюйді қытай деректерінде Маодун деп атайды.Иә. Жоқ.
14. Ғұндар ағаш үйлер де салды.Иә. Жоқ.
15. Полихромдық әдіс ғұндарда болған жоқ.Иә. Жоқ

Жаңа сабақ 

Қызығушылығын  ояту.

Электронды оқулықпен жұмыс. (Ғұн мемлекеті)

II- Топтық жұмыс  Джиксо ІІ   Сіздің тобыңызда 5  рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және      бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

таныса отырып, екі  топқа  бөліп жеке, жұппен, топпен мәтінді оқып талқылайды.1 топ: Ғұндар тарихының ерте кезеңі, Ғұндар мемлекетінің құрылымы,ІІ топ Ғұндар мемлекетінің  Ғұн тайпаларының бірлестігі.   Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді

Бақылаушының  бағалау парағы  (әр топқа 1-минут).

18- 20 балл                              17-15  балл                       14 –одан да төмен балл     

Оқшының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Ғұндарды білуі

Топтық жұмысға араласуы

Жұптық жұмысқа араласуы

Балл

 

  1. Жұптық жұмыс  (Тарихи диктант ) (10- минут)

Мәтінді толық талқылай отырып, берілген тапсырманың орнын толықтырып жазба түсіреді.

1.Ғұндар туралы дерек беретін........

қытай деректері 

2.Ғұндар кезеңін қамтитын аралық.....

 б.з.б. ІY ғ.-б.з. ІІІ ғ.

3.Ғұндар Қытайдың Хан әулетінің негізін қалаушы ...........жеңіп, өздеріне бағынышты етті.

Лю-Банды

4."Жер дегеніміз - мемлекеттің негізі, оны қалай береміз" деген ғұн басшысы......

Мөде

5.Олардың әрқайсысына  ......... –нан атты әскері болған.     10000

 6.Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген ежелгі тайпа...

ғұндар

7.Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша.............  3 қанатқа бөлінген

Ойлан тап!

Жұптық бағалау жүргізіледі.

1.Б.з.б.3 ғ. Қытай деректерінде кездеседі.

2.Б.з.б 209 ж- Мөде басқарған ғұн державасы пайда болды. Л.Н.Гумилев

3.б.з.б ІІғмен І ғ Қазақтанның оңтүстік батысы мен Арал бойына ғұн тайпаларының келе бастауы

4. 300 – Ғұндар мен Қытай елінің арасындағы соғыс қимылдары

5. 24- Ғұндар 24 руды басқарған.

6. Б.з.Б 55 ж - Ғұндардың екіге бөлінуі

7.60,100 метр сайын қорғанға күзет мұнаралары қойылған.

8. 10- Қорғанның биіктігі.

ІY. Дәптермен жұмыс.

1..Шаньюй аспанұлы деген мағына береді

2.Қытайлар ғұндарды хунну деп атады

  1. Оқушылардың шығармашылық  зерттеу жұмыстары. (Әр оқушы ғұндар тақырыбы бойынша оқулықтан тыс зерттеу жұмыстарын айтып шығады.) Мадақтау. Жылы шырай таныту.

Сабақты бекіту.     VІ-Жеке жұмыс (Кесте)(5-минут)

  1. Қытай деректерінде "ғұн" атауының пайда болған кезі

А) б.з.б. ІУ ғ .В) б.з.б. У ғ. Ортасы  С) б.з. І ғ.   D) б.з.б. І ғ. Басы   Е) б.з.б. ІІІ ғ. аяғы

2. Қытай деректеріндегі ғұн басшысы лауазымы:

А) "Гуньмо    В) "Күнби"        С) "Хан"         D) "Патша"       Е) "Шаньюи"

3. Ғұндар туралы дерек беретін

А) парсы жазбалары  В) иран жазбалары   С)рим жылнамалары       D)византия деректері            

Е)қытай деректері

4. Ғұн державасының негізін қалаған

А)Мөде     В)Мұқан        С)Аттила        D)Бумын      Е)Чжи-Чжи

5. "Жер дегеніміз - мемлекеттің негізі, оны қалай береміз" деген ғұн басшысы

А)Чжи – Чжи        В)Мұқан          С)Аттила    D)Бумын       Е)Мөде

6. Шығыстанушы Л.Н.Гумилевтің мәлімдеуінше ғұн державасының пайда болған мерзімі

А)б.з.б. 306 ж.    В)б.з.б. 420 ж.      С)б.з.б. 509 ж.    D)б.з.б. 109 ж.    Е)б.з.б. 209 ж.

7. Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген ежелгі тайпа

А)сақтар     В)қаңлылар     С)ғұндар      D)сарматтар       Е)үйсіндер

8. Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша

А) 2 қанатқа бөлінген         В) бөлінбеген    С) 3 қанатқа бөлінген

D) 5 қанатқа бөлінген         Е) 4 қанатқа бөлінген

9. Ғұн шаньюйінің жақын туыстары иеленген лауазым

А)"Тархан"    В)"Сұлтан"        С)"Түменбасы"    D)"Жабғу"     Е)"Уәзір"

10. Ғұн мемлекетіндегі ру саны

А) 14              В) 9        С) 7        D) 12         Е) 24    

  Өзін-өзі бағалауы

Жауаптары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

Е

Е

Е

А

Е

Е

С

С

С

Е

ҮІІІ.. Қорытынды   Мағжан Жұмабаев «Пайғамбар»

Ерте күнде жоқ бар еді түн туған,

Қап-қараңғы түн ішінде Күн туған.

Отты Күннің сәулесінен от алтын

Отты көзді,отты жанды Ғұн туған.

Ерте күнде отты Күннен Ғүн туған,

Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам,

Жүзімді де, қысық қара көзімді

Туа сала жалынменен мен жуғам.

Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,

Мен – Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар.

Мен келемін, мен келемін, мен келем –

Күннен туған,Ғұннан туған пайғамбар.

Рефлексия (5минут)

Кейінгі тапсырмалар

Ғұндар,Мөде шаньюй – ғұн мемлекетінің негізін салушы, ғұндардың мемлекеттік құрылысы, ғұн тайпаларының бірігуі

Кейінгі оқу

«Аты әлемге әйгілі болған ғұндар»  эссе жазу.

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ғұндар
Мөде – Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұн мемлекеті
Ғұндар тарихы Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихының ерте кезеңі
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Мөде- Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы
Ғұн тарихы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 14850 | Қосты: Андакулова Аккенже Бодыковна | Ілмек сөздер:
avatar
• 1 декабря 2014 06:20
Сабағыңыз өте мазмұнды және оқушылар үшін түсінікті құрылған.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык