Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Математик-кәсіпкер» ойыны


«Математик-кәсіпкер» ойыны

«Математик-кәсіпкер» ойыны

Негізгі мақсаты:

  1. іскерлікпен дағдыға үйрете отырып, қоғамымыздың экономикалық заңдылықтары туралы түсінігін қалыптастыру, экономикалық білім беру.
  2. Логикалық ойлауға және «капиталды» өз білімдеріне жұмсай білуге үйрету.
  3. экономикаға байланысты ойлау әрекетін және жинақтылыққа, адамгершілік пен әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру.
  4. Азиада туралы мәліметтер алу.
  1. Ұйымдастыру кезеңі.

 Біреуінің жүрегінде түгі бар

 Біреуінің қоғамдық арқалап жүрген жүгі бар

 Біреуінің күмбірлеген күйі бар

 Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.

Әр банк қызметкерлерін ортаға шақырамыз. Ойынымыздың өтілу тәртібімен таныстырамыз.

  1. Ойынға екі топ қатысады, әр топ банк басқармасы болып табылады.
  2. банктің президенті, атауы болады.
  3. әр топқа ойын барысында тапсырмалар беріледі. Әр тапсырманың қиындығына байланысты құны болады.
  4. дұрыс жауап берген топтың банк есеп шотына тапсырманың қиындығына сәйке қаржы түсіп отырады.
  5. топ дұрыс жауап бермеген жағдайда тапсырманың құндылығына сәйкес қаржы есеп шоттан кемиді.
  6. банктегі қаржының яғни операциялардың дұрыс жүргізілуіне бақылау тобы жұмыс істейді.

ІІ.  Үй тапсырмасы, мақал-мәтелдер сайысы.

(тек сандардан құралған)

2 топ мақал-мәтел жарыстырады. әр мақал-мәтелдің құндылығы 3000 теңге.

ІІІ. Логикалық есептер.

Әр топқа 1 тапсырмадан беріледі.  Есептің құндылығы 10 000 теңге.

  1. Ежелгі грек есебі:

   - Пифагор, сіздің мектебіңізде неше оқушы бар?

  - Қазір айтайын, жартысы математикамен айналысады,   төрттен бірі –   табиғатпен, жетіден бірі логикамен айналысады және тағы үш әйел адам бар,- деп жауап берді.

Пифагор мектебінде неше оқушы бар?

28 оқушы

2. Жазғы лагерге үш дос демалуға келді: Абылай, Данияр, Шыңғыс.

Олардың фамилиялары: Серіков, Қуанышев, Ілиясов. Абылай – Ілиясов емес, Даниярдың әкесі - инженер. Данияр 8 сыныпта оқиды. Ілиясов 7 сыныпта оқиды. Серіковтың әкесі мұғалім.

Үш достың әрқайсысының фамилиясын анықта.

Данияр –Қуанышев, Абылай – Серіков, Шыңғыс – Ілиясов.

Көрініс

ІV. Көрермендер сайысы.

Оқушылар – акционерлер болғандықтан, олардың дұрыс жауабының құны 1000 теңге, бұл ақшалары қай банктің акционері сол банкке құйылады.

  1. Адамда қанша литр қан болады?
  2. балықшы 2 минутта 4 балық аулайды. Осындай 8 балықты неше минутта аулайды?  (Қармағына қашан ілінгенше)
  3. Кәсіпкер банкке 100 000 теңге салды. Бір жылдан кейін оның ақшасы 150 000 теңге болды. Пайда неше процентті құрайды? (50 процент)
  4. Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан ғалым кім? (Әл-Фараби)
  5. Қазақ халқы қай санды киелі сан дейді? (7 саны)
  6. Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады? (бұрыш)
  7. Қандай автомобильдің белгісі 4 шеңбермен белгіленеді? (Ауди)
  8. 7-қысқы Азия ойынадардың түрі қанша және оларды атап шық. 11 түрі бар: биатлон, фристайл, мәнерлеп сырғанау,
  9. Қазақстан Азия ойындарына қай жылдан бастап қатыса бастады? 1996жылдан
  10.  Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы, бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай?       Натурал сан.

V. Жұмбақтар сайысы.

   1. 100 мүйізі бар

      Үстінде киізі бар.  (Киіз үй)

  2. Бұлбұлдың екі құлақ, бір басы бар

      Салдырған сегіз жерден таңбасы бар.

      Бұлбұлды жолға салып айдағанда,

      Салатын неше түрлі жорғасы бар.  (домбыра)

 3. Доп емес, дөңгелек емес,

     Ұқсас бірақ достарым.

    Фигура ол ең негізгі,

    Дәл жауапты қостадым.   (шеңбер)

4. Бүтін сан, бөлшек сандар,

    Барлығы да бар онда.

    Бұл қандай сан айтыңдаршы

    Оң, теріс сан бәрі осында.   (рационал сандар)   

 5.  Шекер дейтін аққұтан

Бір қазыққа байланды?

 Ауызына тістеп қазығын

  Ол қазықты айналды.     (циркуль)

 6. Айналған теңдеу шешу құралына

4 саны араласқан құрамына.

Теңдеудің түбірлері нешеу деген?

Қандай сан жауап берген сұрағыма?  (дискриминант)

  1. Танымдық есептер. (әр есептің құны 10000 теңге)
  1. Бәйге жарысы.

       Бәйге жарысына банк прециденттері қатысады. әрбір дұрыс жауап 2000 теңге.

Халық банк:

  • Алғ. қысқы Азия ойындары қайда және қай жылы болды? 1986ж Жапонияда
  • 2011 жылғы Азиаданың бой тұмары қалай аталады? Ирби – барыстың күшігі
  • 7-қысқы Азия ойындарына қанша ел қатысады? 26 ел
  • 64 қай санның квадраты?  8
  • Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. 360
  • Түбір астындағы 49-ң мәні неге тең?  7
  • Трапецияның орта сызығы неге тең?
  • Ең кіші 3 таңбалы сан.  100
  • Қазақстанда неше қорық бар? 9
  • 6-қысқы Азия ойындары қайда және қашан болды? 2007ж Қытай

Туран Әлем банк:

  • Алғашқы Азия ойындары қайда және қай жылы болды? 1951жҮндістан
  • 2011 жылғы Азиаданың ұраны. Мақсаты бірдің –рухы бір
  • 7-қысқы Азия ойындарына спорт түрлерінің саны.  11
  • 81 қай санның квадраты?  9
  • Үшбұрыштың ішкі бұрыштырының қосындысы. 180
  • 7-нің квадраты неге тең?  49
  • Үшбұрыштың орта сызығы неге тең?
  • Ең үлкен 2 таңбалы сан.  99
  • Медиана дегеніміз не?
  • 7-қысқы Азия ойындарына қанша медаль сарапқа салынады?  69

Көрініс.

Қорытынды бөлім.

Бақылау тобына сөз беріліп, жеңімпаз банкті атап, марапаттайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
«Математик – кәсіпкер» ойыны
Математика әлемі!
Бағасы. Саны. Құны.
Несие және оның түрлері
Қалдықпен бөлу
Менің жұлдызды сәтім ойыны
Қысқаша көбейту формулалары
ХХІ ғасыр көшбасшы. Ашық сабақ
ХХІ ғасыр көшбасшы
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 2230 | Қосты: Маракупова Анар Габдылкаховна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык