|
|
«Математик – кәсіпкер» ойыны
Мақсаты: 1. Оқушыларды іскерлікпен дағдыға үйрете отырып, қоғамымыздың экономикалық заңдылықтары туралы түсінігін қалыптастыру, экономикалық білім беру. 2.Логикалық ойлауға және (капитал, құн, қаржы, банк, банкрот) экономикалық ұғымдармен таныса отырып, экономикаға байланысты ойлау әрекетін және жинақтылыққа, адамгершілік пен әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру.
1.Кіріспе бөлім
А.Банк және оның қызметі.
Ә.Банкрот ұғымдарына түсінік беру.
Б.Кәсіпкерлік туралы ой қозғау.
В.Оқушының ізденіс жұмысы.
Г.Егер мен кәсіпкер болсам.
2.Негізгі бөлім.
1 – оқшы: Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі ойын төрінде, математика елінде,
Математика тілінде, есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып.
Шабыт тасып шалқысып, есеппен ән салысып,
Көңілді ойын жасайық, жұмбақ шеруін шашайық.
Мұнда қызық табылар. Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.
2 – оқушы: Біреуінің жүрегінің түгі бар.
Біреуінің қоғамдық арқалап жүрген жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.
Енді банк қызметкерлерін ортаға шақырамыз. Ойынның өтілу тәртібімен таныстырамыз.
- Ойынға екі топ қатысады, әр топ банк басқармасы болып табылады.
- Банктің президенті, атауы болады.
- Әр топқа ойын барысында тапсырмалар беріледі.Әр тапсырманың қиындығына байланысты құны болады.
- Әр банктің бастапқы капиталы 5000000 теңге болады.
- Дұрыс жауап берген топтың банк есеп шотын тапсырманың қиындығына сәйкес қаржы түсіп отьырады.
- Топ дұрыс жауап бермеген жағдайда тапсырманың құндылығына сәйкес қаржы есеп шоттан кемиді.
- Топ дұрыс жауап берген жағдайда банктердің қаржысы соншаға артады.
- Банктегі қаржының ,яғни операциялардың дұрыс жүргәзәлуіне бақылау тобы жұмыс істейді.
- Үй тапсырмасы: мақал – мәтелдер сайысы(тек сандардан құрастырылған). 2 топ мақал – мәтел жарыстырады. Әр мақал – мәтелдәі құны 5000 теңге.
- Логикалық есептер. Әр топқа 2 тапсырмадан беріледі.(2 қызыл, 2көк карточка)
Қызыл түсті қағаздағы есептер: 1.Алтай, Әсет, Бекзат ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Бекзат Алтайдан, ал Әсет Бекзаттан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?(Әсет, Бекзат,Алтай), Есептің құндылығы 200000 теңге.
- Сымбат, Айгерім, Фариза үшеуі математика сабағынан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсысыңның бағаларың әр түрлі. Сымбаттың бағасы «3» емес, Фаризаның бағасы «3»-те, «5» - те емес. Сонда әркім қандай баға алған? Есептің құндылығы 20 000 теңге.(Сымбат – 5, Фариза – 4, Айгерім – 3)
Көк түсті қағаздағы есептер: Бес то,ыздықты пайдаланып, амалдар қолданып 10 санын жаз.(9 + 99/99 =10, 99/9 – 9/9 =10) Есептің құндылығы 10 000 теңге.
- Жұмбақтар сайысы: (цифрлардан құрастырылған). Әр жұмбақтың құндылығы 5000 теңге. 1. 100 мүйізі бар, үстінде киізі бар.(киіз үй)
2.Қос құлақты 100 тісті,
Жүзінен бір – ақ із түсті.(ара)
3.Екі қатар тал шарбақ,
Күндіз алыстайды, қабыспайды.
Түнде қабысады, жабыспайды. (кірпік)
- Бұлбұлдың екі құлақ бір басы бар
Салдырған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда
Салатын неше түрлі жорғасы бар.(домбыра)
- Бүтін сандар, бөлшек сандар,
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы,
Оң, теріс сан бәрі осында. (рационал сандар)
- КӨКПАР сайысы . Қазақтың өлшем бірліктерін түсіндіріп айтыңдар.
1 – тапсырма.
Сүйем.(бас бармақ пен сұқ саусақтың арасы)
2 – тапсырма: Құлаш.(Екі қолдың ұшы)
3 – тапсырма: Шақырым.(1000 метр немесе 1 км)
4 – тапсырма: Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?(10; 100)
- Тек қана 3 рет пайдаланып амалдар қолдана отырып, 30 санын өрнекте. (6*6)- 6 =30
- 9 м : * = 9 мм. (1000)
- Торсық атауы нені білдіреді? (қымыз құятын теріден жасалған ыдыс)
- Әбунасыр әл – Фарабидің өмір сүрген кезі.(870 – 950жж.)
- Ең терең көл? (Байкал)
5) Бәйге жарысы:
Бәйге жарысына банк президенттері қатысады. Бір минутта жауап берген сұрақтарына байланысты қаржы жинақтайды. Әрбір дұрыс жауап 1000 теңге.
Сұрақтар:
- 64 қай санның квадраты? (8)
- 100 жылдың басқа атауы? (1 ғасыр)
- Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (1800)
- Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Т.Әубәкіров)
- Түбір астындағы 49 – ң мәні? (7)
- Күріштің отаны? (Қытай)
- 5 санына кері сан? (1/5)
- Трапецияның орта сызығы неге тең?(Табандарының қосындысының жартысына)
- Ең кіші 3 таңбалы сан? (100)
- Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі? (теріс сан)
- Алғаш алтын адам табылған жер? (Есік қаласы)
- 9 * 7 неге тең? (63)
- Қырғызстанның астанасы? (Бішкек)
- Ешкі түлігінің пірі? (Шекшек ата)
- Қазақстанда неше қорық бар?(10)
- Биссектриса дегеніміз не? (бұрышты қақ бөлетін сәуле)
- Ең ұзын өзен? (Ніл)
- 52 – 5. (20)
Қорытынды бөлім.
- «Математиканың қажеті бар ма жоқпа?» пікір талас.
- Нарықтың бір құрылымы бәсекеге жарнама жасау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |