Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сезім мүшелері және анализаторлар


Сезім мүшелері және анализаторлар

Сезім мүшелері және анализаторлар

Биология 8 сынып

№36 мектеп – гимназиясының  биология пәнінің мұғалімі

Рахимова Альмира Мелисовна

Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері және анализаторлар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: анализатор ұғымының мағынасн ашу , анализаторлардың өзара әрекеттерін қарастыру,сезім мен қабылдаудың адам өміріндегі және оның қоршаған әлемді тануындағы ролін түсіндіру.

Дамытушылығы. Оқушылардың негізгі түсініктерді бөліп, салыстыру біліктілігін дамыту,оқыту барысында өздігінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа,нақтылыққа,жауапкершілікке ,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:     Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:    Демонстрациялау, сұрақ-жауап ,СТО  

Көрнекілігі:  сезім мүшелерінің суреттері, түрлі-түсті орамалдар, әртүрлі жемістер,заттар,үлестірме қағаздар, презентация,интербелсенді тақта,штатив,пробирка,су

Пәнаралық байланыс:  психология,валеология

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру.

Амандасу, түгендеу,сабақ құралдарын тексеру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Жұптастырыңдар.

1

2

1.Орталық жүйке жүйесі

А.Ми

2.Шеткі жүйке жүйесі

Б. Жүйкелер

1.Вегетативті жүйке жүйесі

А.Адам еркіне бағындырылған

2.Сомалық жүйке жүйесі

Б.Адам еркіне бағындырылмаған

1. Симпатикалық жүйке жүйесі

А.Энергия жұмсалатын қарқынды жұмысістеу кезінде қосылады

2. Парасимпатикалық жүйке жүйесі

Б.Ұйқы және демалу кезінде энергия қорын қайта толтыруды қамтамасыз етеді

1.Симпатикалық жүйке жүйесінің қозуы

А.Қандағы қант мөлшерінің жоғарлауы

2.Парасимпатикалық жүйке жүйесінің қозуы

Б.Қандағы қант мөлшерінің төмендеуі

1.Парасимпатикалық жүйке жүйесі

А.Нейрондардың денешіктері ортаңғы мида,сопақша мида және жұлынның сегізкөз бөлімінде жатады

2.Симпатикалық жүйке жүйесі

Б.Нейрондардың денешіктері жұлынның кеуде және бел бөлімдерінде жатады

ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту.

І.  Ештеңе көрмеймін.

Сабақтың алдында әр партаға 2 орамалдан түрлі-түсті орамалдар: қызыл,сары,жасыл,көк  қоямын. Бір партада 2 оқушының 1-еуінің көзін байлауға,екіншісінің аузын байлауға арналған.

Мен сиқырлы жәшігімді аламын.Ол жәшіктің ішінді әртүрлі заттар орналасқан.Мысалы: алма,апельсин,карандаш,сағат,бор,ваза,кубик, ... т.б.

Әр партаға келіп аузы байланған оқушыға жәшіктің ішінен бір затты алуды ұсынамын да,оны көзі байланған оқушыға беруді тапсырамын.

Енді мен дауыстап мынадай сұрақтарды оқимын:

Бұл қандай зат? Сен бұл зат жөнінде не айтасын?

Бұл жағдайда қандай сезім мүшелері қызмет атқарады?

Ал сіз бұл жағдайда нені анықтай алмайсыз?

Бұл сұраққа көзі байлаулылар жауап береді.Себебі аузы байлаулылар жауап бере алмайды.Олар сұрақтардың жауабын тек қағазға  ғана түсіріп отырады.

І.Ештеңе көрмеймін...

Сұрақтарға жауап

  1. Бұл қандай зат?

2. Сен бұл зат жөнінде не айтасын?

3. Бұл жағдайда қандай сезім мүшелері қызмет атқарады?

4. Ал сіз бұл жағдайда нені анықтай алмайсыз?

 

Сонда біз бұдан ол затты сиапап сезу арқылы бірнеше қырларын сырларын айтуымызға болады, бірақ  түсін айыра  алмаймыз.

ІІ.Ештеңе естімеймін...

Келесі жұмысты демонстрациялау үшін ортаға  бір оқушыны өз еркімен шақырамын.Тапсырманы түсіндіремін: оқушы музыканың сүймелдеуімен билеу керек,бірақ  музыканы наушникпен тыңдайды. Ол музыканы тек қимылмен билеп көрсету керек.Ол лирикалы,көңілді ән болсын ол тек имылдайды.Оның нақты қандай ән екенін түсндіріп қоймау керек.

Сұрақтар интербелсенді тақтада көрсетіледі.

ІІ.Ештеңе естімеймін...

Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Биге қарап музыканың қандай екенін айыра аласыңдар ма?
  2.  Музыка қандай стилде: Классика ма, лирика ма, поп әлде джаз ба,т.б.
  3. Көз арқылы алған ақпаратымызды толықтай жеткізуге бізге не жетпейді?

 

Бұдан шығатын қорытынды көзбен көріп отырсақ та, естімегендіктен біз оның қандай музыка екенін айта алмаймыз.

ІІІ. Көреміз,естиміз,дем аламыз,дәм сеземіз.

Мұғалім үстелінде 2 штатив және сол штативте  3 пробирка болады.

1. Жай су

2.Азғана  тәтті дәмі бар су

3.Азғана  ащы дәмі бар су

4.Жай су

5. Азғана  тәтті дәмі бар су

6. Азғана  ащы дәмі бар су

Бір оқушыға ортаға шығуды ұсынамын.

Оқушы 1,2 және 3 пробиркадағ сулардың дәмін көреді,оның жай су, тәтті және ащы су екенін айтып береді.

Енді екінші оқушыны шақырамын.Ал ол болса көптен бері тұмауратып жүрген еді. Ал ол  3 еуі де жай су екенін айтты.

Ал тақтада аяқталмаған сөйлем беріледі:

Адамға салқын тиген уақытта немесе тұмауратқанда , тамақ дәмсіз болып сезіледі , себебі  .....

Оқушылар өз ойларымен бөлісті.

ІV Сабақты бекіту.

1.Топтастыру.

V. Қорытындылау.

1.Анализатор терминінің мағынасын түсіндір

2.Адам өмірінде анализаторлардың қандай маңызы бар?

3.Анализатор қандай бөліктерден тұрады?

4.Тітіркенуді қабылдау қалай іске асырылады?

VI. Рефлексия

Екі жұлдыз , бір тілек

VII.Оқушыларды бағалау.

VIII.Үге тапсырма. Тақырыпты оқу.

Парфюмерия саласындағы білікті мамандар иіссулардың барлық иістерін ажырата алады.Неліктен?  Сұраққа жауап іздеп келеді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сезім мүшелері.
Ми. Мидың сұр және ақ заттары, мидың қыртысы және ядролары, мидан шығатын 12 жұп жүйкелер
Жүйке жүйесі тарауы бойынша қайталау тапсырмалары
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері
Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторлары
Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлын
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 5978 | Қосты: Альмира Рахимова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык