Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тері аурулары


Тері аурулары

Тері аурулары

Сынып: 8 А

Күні: 10 04 14

Сабақтың тақырыбы: Тері аурулары

Сабақтың мақсаты: дене гигиенасы,терінің әртүрлі аууларымен таныса отырып,олардың пайда болуы мен алдын алу туралы мағлұмат алу.

Білімділігі: Оқушыларды терінің   негізгі қызметтерімен таныстыру.

Дамытушылығы:  терінің қызметі туралы жалпы биологиялық түсініктерін дамыту,кітаппен жұмыс істеуге үйрету.Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілгі: өз денсаулығына дұрыс қарауға және жеке-бас гигиенасы ережелерін сақтауға тәрбиелеу

Сабақтың типі:   Жаңа сабақ

Сабақтың түрі:   Топтық жұмыс,ізденіс сабақ

Сабақтың жаңа технологиялық әдісі: АКТ,Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, презентациялар

Пәнаралық байланыс: медицина,қазақ тілі.

Сабақтың жүру барысы:

I. Ұйымдастыру.

II. Білімді өзектеу.

-         Қараңдаршы балалар! Мына мектеп формасымен қандай әдемісіңдер?

-         Бірақ өте өкінішті, себебі осы үстеріңе киіп отырған киімдерің жыртылады, жаңбыр тисе су болады тозады, жылдан кейін қысқарып қалады.

-         Шіркін,су болмайтын,жыртылмайтын,тар болып қалмайтын киім болса гой!

-         Бірақ бізде ондай киім бар емес пе?Мен не жайында айтып тұрмын?

-         Тері – біздің табиғи киіміміз және қорғанышымыз.Ағаш,жемістер – сыртқы қабығымен,ал жануарлар терісі мен жүні арқылы қорғанады.

-         Олай болса оқушылар ,алдыңғы сабағымызда біз «Терінің құрылысы мен қызметі» тақырыбын оқыған болатынбыз.Енді алған білімімізді өзектейік.

1.Сиқырлы сандықша.

Бұл кезеңде оқушыларға сыр сандықтан сұрақтар қойылады. Жауап берген топтарға тәттілер беріледі.

1.Тері қандай мүше?

2.Терінің қызметін атаңдар?

3.Тері қандай қабаттардан тұрады?

4.Терінің сыртқы  қабатының қызметі қандай?

5.Тері қандай ұлпадан түзілген?

6.Май және тер бездері қандай қызмет атқарады?

7.Тер дегеніміз не?

8.Терінің мүйізді түзілісіне не жатады?

Ой қозғау. Тері туындылары.

Ойлау қабілетін байқау үшін берілген сурет бойынша мағлұмат алу.

Дүние жүзіндегі ең ұзын тырнақты әйел. Ол Гиннестер рекорттар кітабына енген.Ол АҚШ-тың Солк Лайк Сити штатында тұрады.Есімі Ли Редмон.Ол тырнағын 30 жыл өсірген екен.Тырнағының ұзындығы  8.65 м.

III. Жаңа сабақ.  Тері аурулары.

Суреттер көрсетіледі де, оқушылар осы суреттерге  қарай отырып, бүгінгі өтетін тақырыптың атауын  шығарады.

Тақырыпты тапқаннан кейін топтық жұмыс жасайды.

Тапсырмалар.

  1. Постер қорғау.

I   Топ:   Безеу туралы сипаттайды.

II  Топ:  Саңырауқұлақтар туғызатын аурулар.

IIIТоп:   Қышыма қотыр

IVТоп:   Дене гигиенасы.

IV.Сабақты бекіту.

 Классификациялау.

Әртүрлі суреттер үлестіріледі. Сол суреттерді топтастырады.

 2.Тапсырма.  Тері сөзіне түбірлес сөздерді ,жазыңдар.

V.Қорытындылау.

Бүгінгі сабақ жайында алған әсерлерімен бөліседі.

VI.Оқушышларды бағалау.

VII.Үйге тапсырма.Тақырыпты оқу. Интернет желісінен тері аурулары туралы мағлұматтар жинау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен
Жорғалаушылар класы
Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы
Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері
Желілі жануарларды жіктеу, Қандауырша
Жарақаттанудың алдын алу Алғашқы көмек көрсету
Ішкі секреция бездері
Сипап сезу, дәм сезу және иіс сезу мүшелері
Сезім мүшелері
Жорғалаушылар класы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 6904 | Қосты: Альмира Рахимова Мелисовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык