Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сан есім



Сан есім

Қазақ тілі

6-сынып

Сабақтың тақырыбы Сан есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сан есім туралытүсініктерін қалыптастырып ,сан есімдерге сұрақтар қою,олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау.

Дамытушылық:   Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру,өз бетінше жұмыс істей білуге,тіл байлығын,ой өрісін,іскерлік дағдыларын,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік Оқушыларды алғырлыққа,тапқырлыққа,достыққа адамгершілікке  тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап,баяндау,ой қозғау.

Түрі: Аралас сабақ.

Көрнекілігі:  Сөзжұмбақ,суреттер сызбалар,сандар,мультимедия

Сабақтың жүрісі:  I.Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық.

Бүгінгі сабақтағы ұранымыз: «Жақсы оқу,үлгілі болу»

Сабақтағы мақсатымыз: «Енбектену,4-5 ке қол жеткізу»

II.Үй тапсырмасын сұрау.

-Үйге қандай тапсырма берілді?527-жаттығу .Айжан екінші сыныпта оқиды.Ол күйсандықта жақсы ойнайды.Сабақты да төрт  пен беске оқиды.Ол- өнерлі де,әдепті оқушы.

Жаңа сабақ:

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, қанша? Неше? Нешеу? Нешінші?тәрізді сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейді.Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты.Екі мың он екінші жыл біз үшін ерекше жыл

IV. Жұмбақ шешеміз.

Барлығымыз бірігіп,ойланып мына жұмбақтардың шешуін табуымыз керек.

1.Тық-тық етеді

3.Білім менен тәлім

Уақытты көрсетеді. Парақты ашқанда

IV.. Жаттығу жұмысы.

Оқулықпен жұмыс.528-жаттығу

Шартын оқыту,өзбетімен жазуын айту.

V.Тақтамен жұмыс.

(жеке оқушымен жұмыс)

Жеті атасын білген ұл,

Жеті жұрттың қамын жер.

1)мақалдың  мағынасын сұрау:

2) Жеті саны қандай сан? 
3) 7 саны туралы не білесіздер?
528-жаттығуды тексеру:
1) сан есімді табу.
2) Қос сөзін екі сөзімен ауыстыруға болады.
3) Жұбы жазылмайды.

VII.Сөздік диктанты.

Бес,алты,жеті,он,жиырма,тоқсан,он сегіз,жиырма үш,елу төрт,алпыс алты,жетпіс жеті.

Сұрақтар:

1.математика пәнінен көп таңбалы сандарды оқып,жазып,салыстырып жазамыз.

2.Жазған сандардан 1 таңбалы санды атаңдар.

3.Екі таңбалы сандарды атаңдар:10,20,90,18,23,54,66,77

4.Сонымен қатар үш таңбалы сандарды оқып жатырмыз.Мына сандардың онд.бірл.жүзд.айта қояйық

VIII.Ой қозғау.

Сұрақтар :    1.Қазір жылдың қай мезгілі?

2.Көктем айлары   қай айлар?

3.Мамыр айында қандай мерекелер бар?

1-мамыр -    Достық,ынтымақ,бірлік мерекесі.Қазақстанда 100-ден астам ұлттар тату-тәтті өмір сүруде.

9-мамыр -  Жеңіс күні.Биыл Ұлы жеңіске-67 жыл толады екен

X. Ойын: «Өз орнын тап»

 I топ                                      II топ

Тәтті              жар                             Екінші                   дәптер  
Тік                 жер                             Тоғыз                    сынып
Суық             қант                            Жиырма                қай
Сұр               су                                Алтыншы              балық
Тегіс             қоян                            Төрт                       орын

Сұрақтар:

1) I –топ бойынша қандай сөз таптары берілген?

2) Сын есім сөзд. Қалай сұрақ қоямыз?

3) Зат есім сөзд. Қалай сұрақ қоямыз?

4) Қай сөз табы, қай сөз тобымен байланысып тұр?

1) II топ бойынша қандай сөздер берілген?

Сан есім, зат есім.

2) Сын есім сөздерін оқып, сұрақ қойяқ? (неше? нешінші?)

3) Зат есім сөздеріне сұрақ қояйық? (не?)

4) Қай сөз табы, қай сөз табымен байланысты тұр екен?

Олай болса, Венн кестесі арқылы сан есім мен сын есімнің ұқсастығы мен айырмашылығын білеміз.

Сын есім                                                                       Сан есім

Заттың түсін,                     сөз таптары                   Заттың санын

сапасын білд.                     зат есіммен                     білдіреді. Неше?

Қандай? Қай?                        бай/ды                           нешінші? Қанша?

XI «Кім тапқыр?» екен өлең есеп шешейік.

Айдын көлге жұп аққу

Ұшып келіп қонысты

Үш қаз және екі үйрек

 Жүзіп жүріп жолықты

Қарсы алуға оларды

Төрт балапан шығысты

Жауабын тез айта салшы

Барлық құс нешеу болысты?

2+3+2+4=11

Алдымда

Әкем, анам бар

Білмесеңдер біліңдер

Әпкем, көкем бар
Өзім бармын, інім бар
Қанша болдық бәріміз?
Қанша болдық біліп ал.   (6 адам)

XII. Тест

1. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
      а) Қашан? Қайда?
      ә) Кім? Не?
      б) Неше? Қанша?

2. Зат есімнің көпше түрін тап?
       а) Өсімдік
       ә) Ағаштар
       б) Дәптер

3. Сын есім қандай сөз табымен байланысады?
       а) Етістікпен
       ә) Сан есіммен
       б) Зат есіммен

4. Сан есімді тап?
       а) Елік, емен
       ә) Елу, жетеу
       б) Бүгін, ертең

5. Қайсысы сын есім?
       а) Дала, құм
       ә) Жүйрік, әдемі
       б) Ертең, биыл

6. Нешінші сұрағына жауап беретін сөзді тап?
       а) Жиырма
       ә) Сегіз
       б) Алтыншы

Сабақты қорыту.

Қандай сөз таптарын білеміз?

Затесім  →  Етістік  →  Сын есім  →  Сан есім

1.  Затесімтуралы не білеміз?
2. Затесім. жекеше, көпше
3. Жалқыесім, жалпыесім

1. Етістікдегеніміз не?
2. Етістікқұрамынақарайнешегебөлінеді?

1. Сын есімдегеніміз не?
2. Сын есімқандайсөзтабыменбайланысады?

1. Сан есімдегеніміз не?
2. Сан есімқандайсөзтабыменбайланысады?

Үйгетапсырма беру.

532 – жаттығу

Бағалау

Бүгінгі сабағымыздың басында айтып кеткен ұранымыз бен мақсатымызға байланысты көптеген оқушылар жақсы жауап беріп, белсенділіктерін көрсетті


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сан есім
Сан есім
Сын есім
Сан есім
Сөз таптары
Сан есім
Сөз таптары
Сан есім туралы түсінік
Зат есім
Сан есім
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3976 | Қосты: Рахметкалива Бахит Садиховна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык