Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Менің отаным - туған өлкем!».


«Менің отаным - туған өлкем!».

«Менің отаным - туған өлкем!».

Тақырыбы: «Менің отаным - туған өлкем!».

Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін дамыту. Өз туған өлкемізді танып білуге, жақсы көруге, өз еліне, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Суреттер, слайд, карта.

   Қызмет

    кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы

Қолдарын кеуделеріне қойып,  «Менің Қазақстаным» әнұранымызды шырқаймыз. 

 

Балалардың барлығы әнұранды шырқайды.

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдас

тырылған-

Ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді әнұраннан бастаған себебіміз бүгін біз, Отанымыз-Қазақсан және туған өлкеміз Әуликөл селосы туралы айтамыз.

Суретпен жұмыс.

-Балалар біздің республикамыз қалай аталады?

-Біздің отанымыздың президенті кім ?

-Қазақстан республикасының рәміздерін атаңдаршы?

- Қазақстан республикасының бас қаласы, астанасы қай қала?

Біз қай тілде сөйлейміз?

Жарайсыңдар.

Балалар жана біз елкен отанымыз туралы еске түсірдік. Ал енді өзіміздің туған өлкеміз Қостанай облысы, Әуликөл селосы жайлы айтамыз.

Балалар біздің тұрып жатқан жеріміз, туған өлкеміз қалай аталады?

Ендеше туған өлкеміз Әулиекөл туралы шағын бейне көріністі тамашалайық.

 

Назар аударып, тыңдайды.

 

 

 

 

 

Қазақстан республикасы

 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Әнұран, Ту, елтаңба

 

Астана қаласы

 

Ана тіліміз-қазақ тілінде

 

 

 

 

Қостанай облысы, Әулиекөл аданы

 

 

 

 

Рефлексті-

түзету

 

Әулиекөл өлкесімен таныстырып, өтемін және әнұраның тыңдаймыз.

Мынау Әулиекөл селосының бірнеше мекемелері, орталығы, аудандық кітапханасы, мектептері, емханасы, екі балабақшасы т.б. әртүрлі көптеген мекемелері бар.

Ал балалар сендер келіп жүрген қандай балабақша?

Балалар біз Әулиекөл селосында туғандықтан осында тұрамыз, білім аламыз, өскенде туған жерімізде жұмыс жасаймыз.

Сергіту сәті:

Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Қолдарынмен көк тіреп,

Кигіз үйді құрайық.

Есік қағып, Білімпаз ата қонаққа келеді.

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

Білімпаз ата:-Балалар 16-шы желтоқсан тәуелсіздік мерекесі жақындап қалды. Ал сендер туған өлкелерін, өз отандарын Қазақстан республикасы жайлы не білесіңдер?

Мен сендердің ақыл мен білімдерінді тексергелі келдім!

Жүргізуші: Келіңіз ата қонақ болыңыз.

Білімпаз ата:- Балалар отан туралы, еліміз, жерімізтуралы не білесіңдер?

Жүргізуші: Ата біздің балалар сіздің сұрағынызға тақпақ арқылы айтып береді.

 

 

Білімпаз ата:- Қазақстан республикамыздың қандай рәміздері бар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімпаз ата:- Балалар біз қай тілде сөйлейміз?

Замира:

Әркім тілін сүйеді,

Қадірлейміз мұны біз.

Қазақ тілі киелі-

Мемлекеттік тіліміз.

Білімпаз ата:- Біздің мемлекетіміздің негізгі ата заңы жайлы не білесіңдер?

Білімпаз ата:- Балалар сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Жүргізуші: Балалар ұлттық ойын «Қыз қууды»  ойнайық.

Жүргізуші: Білімпаз ата! Біздің балалар «Менің отаным» әңгімесін сахналап қойып көрсеткісі келеді.

Білімпаз ата:- Жарайды тамашалайық.

Білімпаз ата:- Жарайсыңдар балалар ақылды, білімді балалар екенсіңдеріне көзім жетті.

Мен сендерге естелікке жұлдызшалар сыйлаймын. Жұлдыздай жарқырап тек беске оқыңдар! Ал енді менің қайтатын уақытым болды. Қош сау

болыңдар!

Мақал жаттаймыз.

Отан оттанда ыстық.

Отан сүю отбасынан басталады.

Жүргізуші: Балалар біз отанды қалай жақсы көреміз?

Жан-тәнімізбен, жүрегімізбен жақсы көреміз.

Ендеше балалар қағаздағы жүрекшелерді қиып алайық!

Жүргізуші: Балалар қолымыздағы жүректерді алып шеңберге тұрайық. Осы жүрегімізбен туған өлкемізге отанымызға жылы сөздерді білдірейік.

Қортындылау.

Жүргізуші: Шын жүректен жылы сөздер айттық енді осы жүректерімізді картаның бетіне орналастырып қояйық.

 

 

 

 

Назар салып, тыңдайды.

 

 

 

 

 

Әуликөл «Айгөлек» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

Қайталайды, мағынасына қарай қимыл-қозғалыс жасайды.

Балалар атамен амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аружан:

Ен даласы егін жапқан,

Бар баласы бақыт тапқан.

Менің жерім, туған елім,

Күн сәулелі Қазақстан.

 

Әнұран, Ту, Елтаңба.

 

 

 

Алина:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Аяна:

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй,

Елтаңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Фариза:

Барша халық таныған,

Біздің үміт тілекті .

Шырқалғанда әнұран

Шаттық кернер жүректі.

Шәмші атаның сазды үні,

Жігер беріп қайратты.

Бәрімізді мәз қылып,

Жаңғыртады аймақты.

-Қазақ тілінде

 

 

 

 

Алмира:

Келе жатыр керім күн,

Қалық сүйіп қалаған.

Ата заңың елімнің

Құрметтейді бар адам.

Қыз қуу, ,Арқан тартыс, сақина тастамақ т.б.

 

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

 

Әмір мен Бекарыс шағын көріністі қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар Білімпаз атамен қоштасады.

 

 

 

Мақалды сурет арқылы жаттаймыз.

 

 

 

 

Балалар қайшымен жүректерді қиып алады.

Балалар менотанымды сүйемін, тілімді сүйемін, туған жеріміз гүлдене берсің,

Туған өлкемді жақсы көремін, Отанымыз биіктерден көрінсің, ата-анамды, туған жерімді жақсы көремін. Астанамыз гүлдене берсің.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Отаным-атамекен
«Жаса,жайна ,Қазақстан!»
Менің Отаным - Қазақстан.
Мен Отанымды сүйемін
Менің Отаным Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Қазақстан-менің Отаным
Менің отаным – Қазақстан!
Қазақстан-ортақ үйіміз
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 21805 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык