Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақтың шешендерінің көрнекті өкілдері Төле би


Қазақтың шешендерінің көрнекті өкілдері Төле би

Қазақтың шешендерінің көрнекті өкілдері Төле би

9-сынып. Қазақ әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың шешендерінің көрнекті өкілдері Төле би

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Қазақ шешендерінің көрнекі өкілдерінің бірі -Төле бидің  шешендік ой-толғамдары, сөйлем құрылысы мен сөздік құрамы, мазмұны, көркемдік әсерлілігі мен стилі туралы тереңірек таныту.

Дамытушылық : Би-шешендердің шешендік ой-толғамдары, сөйлем құрылысы мен сөздік құрамы, мазмұны, көркемдік әсерлілігі мен стиліне қарай талдай білуге , өз ойын еркін жеткізе алуға төселдіру.

Тәрбиелілік : Елінің болашағын ойлайтын ұлтжанды , жанашыр тұлға бола алатын, әділдікті жақтай білуге баулу

Сабақтын түрі:аралас  сабақ

Сабақтын типі: әдеби-танымдық,шығармашылық , зерттеушілік

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, жинақтау, мәнерлеп оқу, жатқа оқу,СТО, ішінара ізденіс, ой толғау, топпен жұмыс

Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, бейне –сюжет.

Пайдаланылған әдебиеттер: Төле би шешендік сөздері,  шешендік сөздер жинағы

 Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы , қазақ тілі

Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі

   Топқа бөлу(тілшілер,тарихшылар, әдебиетшілер)

2. Білімді жан - жақты тексеру

1.Шешендік сөздер дегеніміз не?

2.Дүниежүзіне әйгілі шешендерді атаңдар.( Афина шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон, орыс шешендері А.И.Урусов, А.Ф.Кони, Ф.И.Плевако т.б)

3.Қазақтың шешендік өнерінің тарихы . Кестені толтыр.

                Кезеңдері

              Би-шешендер

 

4.Шешенге не қажет?

5. Шешендік  сөздердің түрлері қандай ?

6. Шешендік дауларды ата?

7. «Түгел сөздің түбі бір ,түп атасы  ....... кім ?»( Майқы би )

8.  «Аяз би» ертегісіндегі шешендікті танытатын үзіндіні айт

9. Шешендік сөздерді зерттеп, жинақтаған ғалымдар кімдер ?

10. Қазіргі шешендік өнердің түрлері қандай ?

11.Қазақтың үш биі

12. «Риторика » дегеніміз не ?

Ой шақыру .

Шешен  адам қандай тұлға ?

Бүгінгі сабағымыз  Төле Әлібекұлы (1663-1756) –қазақтың Тәуке,Болат, Әбілмәмбет,Жолбарыс, Абылай хандар тұсында  мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі екенін кеңінен таныта отырып, Төле би өз халқының шешендік- поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі,сауатты адам бола білгенін, 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында  таныла бастағандығы туралы ой қорытындымызды жасау. Ол үшін үш топқа төмендегідей тапсырма беріледі.

II . Мағынаны таны

 Тарихшылар

  Әдебиетшілер

          Тілшілер

Төле бидің ел басқару  қызметі

 

Төле бидің төрелігі , шешендік тапқырлығы

Төле бидің мақал –мәтелдері , нақыл сөздері

Абылай ханның ел басқару кезінде

Түлкі дауы

Арғымақ баптап не керек,

Жабы қуып жеткен соң,       
Ағайын-туған не керек,

Аңдысып күні өткен соң.
Бес күн жалған өтеді,

Қасқа көл дауы

«Ата тұрып ,ұл сөйлегеннен без...»

   Ұрыншақ ат жаз жарға,
    Қыс қарға жығар.
   Тұмау түбі құрт болар, 


     Ақылдың түбі құт болар.
 

 

 

 

 

Көріктіні алма, тектіні ал

Мақтаншақ жігіт жисаң

Жөнінен шығарсың

 

1- тапсырма : Қай шешендік сөзден алынған ? Мазмұнын толықтыр.

—    Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, батыр болып найзаң тимесе жұрттан ала бөтен үйің күйсін деген, бізге кейінгілер осыны айта ма деп ойлаймын,-дейді.Сонда Ормамбет:

—    Екі би, айтқан сөзің жарасады, еншіге әр кімдер-ақ таласады, бұл Қасқа көл орта жүздің көлі еді, айтқандарың қиянатқа жанасады. Қанағатсыз билерді қабан деген, қамшылатқан жүйрікті шабан деген, біреудің ақысына зорлық қылса, ақыретте мұндай істер жаман деген,— дейді.

—    Ей ,Ормамбет, сен бізге Қасқа көлді беріңіз, Қасқа көл рас сізге жақынырақ. Бардан пайда, жоқтан залал деген, не берсе қайырын тілеп көріңіз.

2 -тапсырма :Берілген үзінді қай толғаудан алынған. Көркемдігін анықта

Жал-құйрығы қалың деп  

Жабыдан айғыр салма,

Жаугершілік болғанда,

Жағдайлап мінер ат тумас.

Жақының үшін  

Жақсының жағасынан алма,

Жерің тарылар.

3 -тапсырма : Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығын жеңуде Төле би шешуші рөл атқарғаны тарихтан белгілі. Төле би өз дәуірінде белгілі батырлар мен билердің, тіпті хандардың бір сыпырасына акылшы болған. Сол би мен батыр, хандарды атаңдар .

4 -тапсырма :   Шешендік сөздің мазмұнын толықтыр .Мәні неде ?

- О, би ата, он үште отау иесі демес пе, Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске? Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа, Алакөз болу ағайын адамға лайық па? - деп, бір тоқталады да, төрде отырған биге былай деп сауал қояды:

- О, игі асқар тауымыз, Әділ ме осы дауымыз? Жар астында тұрғанда, Жасырынып жауымыз?

5 -тапсырма :Үзінді мазмұнына қарай ел бірлігі туралы 2-3 мақал-мәтел жаз.

 - Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты    шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:

- Бұдан   не түсіндің, балам? - дейді.

Сонда.  Төле бала:

- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау даоп-оңайалады дегеніңіз ғой.

- Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.

6 -тапсырма :  Үзіндіде қандай дәстүр көрініс тапқан.

 - Сол қызыңды бері шақыршы? Ошақ басында самаурын қайнатып, шешесіне қолқабыс тигізіп жүрген Данагүл үйге енеді. Төле би бастың құйқасын қасқалап кеседі де, бір кұлағын, тіліп, таңдайын алып қызға береді де, мынадай тілек айтады:

- Шырағым, құлақ    бергенім - бас ием бол дегенім. Тіл мен таңдай бергенім - іштегі құпиямды айттырмай тауып, шешіп отыратын шешен бол дегенім, - депті.

Ой толғау .

Төле бише

 Меніңше

 

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса,ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім

Досыңа өтірік айтпа –

Сенімің кетер.

Дұшпаныңа шыныңды айтпа ,

Түбіңе жетер

 

 

Қорыта келгенде ,өзінің саналы өмірінде Төле би бабамыз шындық, әділдік жолында қыруар қызмет атқарады. Сөйтіп, ол халқының бірлігі, тірлігі, тұрмысы, салт-сана дәстүрі үшін бүкіл ғұмырын арнады. Сол үшін де туған елі оны төбесіне көтеріп, кұрметтейді, шешімі  мүлтіксіз жүзеге асып жатты. "Төбе би", "Әулие ата", "Қарлығаш әулие" деп атап кетті.

Төле  бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақылдары ел арасына мол таралған. Төле бидің өмірі, ел басқарудағы қызметі, ол айтып кеткен билік сөздер жөнінде кезінде Шоқан Уәлиханов, Россияның А. Левшин, Г. Потанин, А. Диваев және совет дәуірінде Б. Адамбаев, Ә. Мәметова, М. Қалдыбаев және осы еңбектің авторы, т.б. фольклоршы, тарихшылар да жинастырып, зерттеген. Қазақстанның мемлекеттік архиві мен Ғылым академиясындағы қолжазбалар қорында ел арасынан жинақталған мате- риалдар да баршылық. Халық аузында хатқа түспеген, жинала  қоймаған  Төле би мұралары әлі де аз емес. Оларды мұқият жинастырып, зерттеу, кітап  етіп  халықтың өзіне қайта ұсыну болашақ міндетіміз.

Бағалау.

Үйге тапсырма : Қазыбек бидің шешендік сөздерін оқып келу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш арыстың үлгілері
Қазақ билері.
Қазақ халқының шешендік сөз өнері
Қазақ билері
Қазақ билері
Шешендік өнер
Қазақтың би-шешендері
Төле бидің төрелігі. Халқыңа адал бол
Шешен билер. Ашық сабақ
Шешендік сөздер
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 13654 | Қосты: Тусупова Торғын Бекенқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык