Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құстар айтысы Үнді ертегісі


Құстар айтысы Үнді ертегісі

Құстар айтысы Үнді ертегісі

Шығыс Қазақстан облысы

Абай ауданы М.Әуезов атындағы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі: Нұрланқызы Найла

Сабақтың тақырыбы: Құстар айтысы Үнді ертегісі

Түрі:   Аралас

Типі:  Жаңа білімді меңгерту

Сыныбы:  3

Пәні:  Ана тілі

Пән мұғалімі: Н. Нұрланқызы

2013-2014 оқу жылы

Сабақтың мақсаты:

I.Оқушыларға достық, ынтымақ, бірлік жайында айта отырып, ертегіні түсініп оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа ,әрі нақты әңгімелей білуге үйрету.

II. Үлкенді сыйлау, құрметтеу,әдептілікке , инабаттылыққа тәрбиелеу.

III.Оқушылардың білімімен, біліктілігін бақылау,сөздік қорын жетілдіру,шығармашылық қиялын,жан-жақты ойлауға үйрету қабілетін дамыту.

Жаңа технология: Дамыта оқу

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап,әңгімелеу,топтау,сахналық көрініс,диалог

I. Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

Жақсы көңіл-күй қалыптастыру

Сіздей жақсы балалар,

Ай, жұлдызға пара-пар

Біз сабақты бастаймыз,

Зейін қойып тыңдаймыз.

Сабақтың ұраны:

Біле бер, қанша білсең тағы тіле,

Жетерсің мақсатқа біле, біле.

Адамның күлкісі- әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріңдер.Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше, сабағымызды бастайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру./сұрақ- жауап арқылы /

1. Әңгіменің авторы кім?

2. Ол жайында не білесің?

3.Бала Ермекті өнерге, әнді түсінуге жетектеген  кім?

4. Мәтіннен сызбада берілген сөздерге қатысты сөздердітауып жазу.

III. Жаңа сабақ.

1. Кіріспе.

- Бүгін біз сендермен Құстар айтысы деген үнді ертегісімен танысамыз. Балалар, жалпы ертегілер нешеге бөлінеді?   -Жақсы.

Біз 1-2-3 сыныптарда қандай ертегілермен таныстық?

Олар қандай ертегілердің түріне жатады?

IV. Шығармашылық жұмыс

1. Кітаппен жұмыс

-Қазір екі топ ертегіні оқып шығып, екі бөлікке бөлеміз.Бірінші бөлік "Ынтымақ", екінші бөлік "Ала ауыздық"деп алып сахналық қойылым көрсетеміз. Әр топ өздерінің дайындаған қойылымдарын көрсетеді.

- Өте жақсы ,отырамыз.

Мен сендерге осы ертегіге байланысты үйден мақал -мәтелдер ізденіп келуге бергем, қазір бірінші топ ынтымаққа байланысты,екінші топ ала ауыздыққа байланысты мақал-мәтелдер айтамыз.

IV. Дәптермен жұмыс

1. Ала ауыздық кірген жерде ешқандай береке болмайды.

2. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,Төртеу түгел болса төбедегі келеді.

3. Ынтымақ түбі- бірлік.

4. Бірлігі жоқ ел тозады,

    Бірлігі күшті ел озады.

V. Сергіту сәті

VI. "Мәтін бөліктері" ойыны

Бірінші топ Ынтымық жайлы, екінші топ Ала ауыздық жайлы шағын әңгіме жазады.

VII. Бекіту сұрақтары:

1.Бұл ертегі ертегінің қай түріне жатады?

2.Ертегіден өзіңе қандай сабақ алдың?

3. Ертегідегі оқиғаға байланысты қандай мақал-мәтел білесің?

VIII. Үйге тапсырма беру.

/Құстар айтысы/  мазмұндау/

IX. Бағалау./топ басшыларының көмегімен


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Айтыс. "Біржан Сара" айтысы
"Қаңбақ шал" ертегісі
"Қарабатыр" ертегісі 4 сынып
Құстар айтысы (Үнді ертегісі).
Төлдер айтысы (ертегісі).
Құстар біздің досымыз
«Мақал мен мәтел», «Нақыл сөз» тақырыптары бойынша
6-ға көбейту және бөлу кестесі
Заттың атын білдіретін сөздер. "Сауысқан мен көкек"
Құстар айтысы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2643 | Қосты: Нұрланқызы Найла | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык