Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары, басымдылықтары


Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары, басымдылықтары

 

Менің педагогикалық ұстанымым:  мәні, құндылықтары, басымдылықтары

Қалаубаева Зейнеп Бекмолдақызы, 

«Мектепке дейінгі шағын орталығы

және гимназия сыныптары бар 

№21 жалпы білім беру орта мектебі»

ММ-сі тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі

 

Мұғалім  болуды бала кезімнен армандадым,  қазақ  әдебиеті пәнін өте жақсы көрдім, әдебиетші болғым келетін...  1988 ж Гурьев педагогикалық институтын бітіріп келгеннен кейін, Маңғыстау облысының  Маңғыстау ауданында тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі болып еңбек жолымды бастадым.  Менің педагогикалық ұстанымым ,    «Білім алу мен білім берудің өзара  үйлесімділігі, ынтымақтастығы: түпкі нәтижеге жету кепілі » .  Менің пайымдауымша  мұның мәні:  оқушы мен мұғалім әрекеттерінің  мақсаты, мазмұны  өзара үйлесіп, табысқа жету, тұтас бір жүйеге айналу дегенді білдіреді.    Атақты Авиценна науқастың халін сұрағанда , ол «халім нашар» деп жауап береді. Сонда ғұлама былай деген екен: «Ендеше мен сені емдеп жаза алмаймын, себебі сен ауруыңмен бір жақсың , мен жалғызбын. Сен менімен бірге болсаң, маған сенсең , біз ауруды жеңеміз».   Білім алушы мен білім берушінің мақсат-мүдделері  бір болған  жағдайда жалпы және түпкі нәтижелерге жету мүмкіндігі ұлғая береді деп ойлаймын. Білім беретін мектеп, мұғалім  « Бұл маған керек, бұл менің қолымнан келеді» деген ойды оқушы бойына сіңіруі қажет деп ойлаймын.  Білім алғысы келетін оқушыға мектеп, мұғалім  және ата-ана толық жағдай, мүмкіндік жасау қажет. Оқушы да, мұғалім де мектепке қарай асығып, білім алу мен білім беруді өмірлерінің осы кезеңіндегі мәніне айналдырса, екі тарап үшін де нәтижелі болмас па?  Оқушы өз білімінің нәтижесін көріп, мадақтауға ие болып, ата-анасының,  жұртшылықтың, жолдастарының алдында беделге ие болады. Өзіне ризашылық сезімі пайда болады, мақтаныш ұялайды, өзіне деген сенімі артады.  Бұл тек оқушыда ғана емес, мұғалімде  де  пайда болады. 

Жалпыадамзаттық  құндылықтардың  мақсатқа ұмтылушылық, жігерлену сияқты сәттерін бастан кешіреді.   Белгілі бір нәтижеге жеткен оқушы да, мұғалім де  өз іс-әрекетіне риза болушылық сезімін бастан кешіреді.  Басымдылық  жақтарына келетін болсақ,  берген білімнің  сапалылығы,  білімді өмірде қолдана білу ,  мектеп түлегінің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігін ұлғайту,  әр түрлі білім додаларына қатысу нәтижелерінің мектептен кейінгі сәттерінде оң ықпал етуі сияқты жағдайлармен  байланыстыруға болады.  Екінші жағынан, екі тараптың да жауапкершілік  деңгейлерінің жоғарылығы әрдайым бірінші орында тұруы керек деп ойлаймын. Мен  қоғамдық пәндер мұғалімі ретінде  оқушыларға  « мен міндеттімін»  деген  тіркес  «мен құқылымыннан»  бірінші тұруы керек деп оқытамын.  Міндетін  білетін адам  құқыққа  қайшы әрекетке бармайды.  Білім алу  құқығын жүзеге асырып жатқан білім мекемелерінің  ішкі тәртіп ережелерін орындауға міндетті екеніміз естен шықпау керек деп есептеймін. Мұғалім  оқушымен дос бола білуі,  әзілдесе білуі, түсінісе білуі  және ең бастысы, түсінгісі келуі керек . Мен,  оқушы біреудің айтуымен, ескертуімен, қадағалауымен емес өзі түсініп, қажет екенін ұғынып  әрекеттенсе екен деген ойға ден қоямын.  Әрине бұл орайда,  оқушыға оң ықпал ететін орта,  жағдай жасалу қажет.  Ата-аналар  өз перзенттерінің  өмірі үшін жауапты екендігін, тек материалдық қажеттіліктерін  өтеумен ғана шектемеу қерек. Өз ойымды  қорытындылау үшін  ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей  Бағдарламасы «Мұғалімге арналған нұсқаулықтағы»  33 беттегі мына жолдарды пайдаландым :  «Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. Егер білім игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырады, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін мүлдем ұмытып қалады».  Нәтижеге бағытталған білім беру және білім алу үшін , білім игеру мен игертудің  бастау нүктесін дәл табу  жолында  ерінбей іздене берейік.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Білімді оқушыларды қалыптастырудың негізгі шарты біліктілік
Менің тәрбиеге көзқарасым
“Мектеп көшбасшылығы және оқушылардың нәтижелігі “
ДЕҢГЕЙЛІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МЕНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫМА ЖӘНЕ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ КӨРСЕТУІМ ҮШІН ҚОСҚАН МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Менің педагогикалық ұстанымым
Менің педагогикалық философиям
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы нәтижеге бағытталған құзыреттілікті білім беруді дамыту
Менің педагогикалық философиям
Менің педагогикалық философиям
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 8610 | Қосты: Зейнеп Калаубаева | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык