Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Африка материгі тарауы бойынша қайталау


Африка материгі тарауы бойынша қайталау

Африка  материгі тарауы бойынша қайталау    

Сабақтың тақырыбы:  Африка  материгі тарауы бойынша қайталау                                     

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Африка  материгі бойынша өткен тақырыптарды,  географиялық орнына,зерттелу тарихына , жер бедері мен климатына және ішкі сулары мен табиғат зоналары, елдері мен халқына сипаттама бере отырып еске түсіру, оның   табиғаты үшін маңызын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқыту барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы 

оқушылардың белсенділігін,қызығушылығын арттыра  отырып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру. Географиялық ой-өрісін арттыру және картамен, кескін картамен  еркін жұмыс жасауға икемдендіру.

 Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүюге тәрбиелеу. Географиялық мәдениетке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзіның физикалық,  саяси картасы Африка ның физикалық картасы. Атлас, кескін карта. Слайд. Интербелсенді тақта.

Сабақ түрі: аралас, ойын технологиясын қолдану

Әдіс-тәсілдер:сайыс сабақ, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: тарих , математика.

Сабақ барысы:

 

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру                                                                  (2 мин)
ІІ. Қызығушылықты ояту                                      (2 мин)

  1. Ширату сайысы

ІІІ. Материкке шолу                                               (16мин)

  1. «Карта оқиық»                                                          (4 мин)

2. Тұлғаны танып біл                                                   (3 мин)

3. Картографиялық сайыс                                 (3 мин)

4. Табиғат зоналары                                          (6 мин)                                   

IV. Бекіту                                                                  (20 мин)
1. Тапқырлар сайысы                                          (5 мин)

2. Кім жылдам                                                    (3 мин)

3.Елді анықтау                                                   (2 мин)

9. Координатты анықтау                                 (3мин)

V. Бағалау.                                                                             (3мин)                                               
VI. Үйге тапсырма беру                                                       (1мин)

VIІ Қорытындылау                                                              (1мин)

I. Ұйымдастыру кезеңі(2 мин.)

- Оқушылармен амандасу

- Кезекші есебі

- Оқушыларды түгендеу;

- Сынып 3 топқа бөлініп отырады;

Сергіту сәті

Барлық оқушылар тұрып бір бірінің қолдарынан ұстап  сәттілік тілейді.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

ІІ. Қызығушылықты ояту

  1. Тақырыптың мақсатын ашу

Африка материгін таныстыру туралы тақпақ оқып, тақырыпты ашу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.


Мен өзім оттай ыстық жермін,
Қазір де әл - ауқатты бірнеше елмін.
Египет, Алжир, Марокко бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
Тауларым бар Килиманджаро, Айдаһар
Нил, Замбези суым қандай!
Виктория, Чад көлдер, тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таң қалғандай.


- Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? (Африка)
- Алдынғы сабақтарда Африка туралы не үйрендіңдер? не білдіңдер?
- Осы материктің географиялық орны мен таныстық, табиғат зоналары, елдері және халқы туралы көп білім алдық.
- Бүгін Африка материгі тарауының соңғы сабағы, соңдықтан алдымызға қандай мақсат қоямыз?
- Алдынғы сабақтарда алған білімдерімізді пысықтап, жинақтап қорытынды сабақ өткіземіз.
- Жақсы, онда сабақта сендерге сәттілік тілеймін...
2. «Ширату сайысы»  (2 мин)

Сұрақ жауап, әр топқа 4 сұрақтан қойылады әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Егер топ жауап бере алмаса, келесі топ жауап беру арқылы ұпай жинайды.

1-топқа:

1. Африкадағы ең үлкен көл?   (Виктория)

2. Африканың ең биік нүктесі?  (Килиманджаро жанартауы 5895м)

3. Африка сөзі қайдан шыққан (Африги  тайпасының атымен байланысты аталған)

4. Неліктен Африканы дүниенің төрт бұрышына бағытталған материк деп атайды.

2-топқа:

1.Африканың  ең терең көлі?  (Танганьика 1470 м)

2.Африкадағы дағы ең ыстық жері? (Әл-Азизия қаласы 1933 ж +580С)

3.материкте д/ж ең ірі жануар кездеседі? (африка пілі)

4. Африканың ең төмен орналасқан нүктесі?   (Ассаль көлінің деңгейі -153 м)

3-топқа:

 1. Африкадағы ең биік сарқырама ? (Тугела 933 м)

2.Д/ж ең ұзын өзен? Ніл

3. Африка  материгінің ауданы қанша? (30,3 млн км 2)

 4.жер шарындағы ең ірі шөл (Сахара)

3. «Карта оқиық»                             (4 мин)

Африка  материгінің шеткі нүктелерін ,  теңіздер, шығанақ, бұғаздарды, аралдарды  белгілеу. Әр топқа карточка беріледі, 1 мин ойланып топтан 1 оқушы шығып кескін картаға белгілейді. Дұрыс жауап берсе 6 ұпай.

1-топ: теңіздер мен аралдарды белгіле:

-         Жерорта, Қызыл теңіздері, Мадагаскар аралы,  Канар аралдары

2-топ: шеткі нүктелерді белгілеу:

-         Альмади, Рас Хафун, Игольный,  Бен Секка мүйістері,

3-топ: шығанақ пен түбектерді, бұғаздарды белгілеу:

-         Сомали  түбегі

-         Гвинея шығанағы.

-         Гибралтар,

-          Мозамбик бұғазы

  1. Тұлғаны танып біл                                    (3 мин)

Материктің ашылу, зерттелу тарихына үлес қосқан зерттеушілер мен  тарихы туралы қысқаша айта кету керек. Ір топқа 1 саяхатшының суреті, портреті беріледі, 1-мин уақыт ойланып, топтан 1оқушы шығып жауап береді. 5–ұпайдан беріледі

1-топ:Васко да Гама

2-топ: Давид Ливингстон

3-топ: Генри Стэнли

 

  1. Картографиялық сайыс.                                     (3 мин)

 Оқушыларға конверт таратылып беріледі, конфертте әр топқа 6 объекті , жер бедеріне қатысты, топқа 1 минут уақыт беріледі, топ басшысы тақтаға шығып картадан көрсетуі керек.

 

1-топ

 

Атлас тауы

Айдахар

Калахари

Конго қазаншұңқыры

2-топ.

Кап

Намиб

Тибести

Дарфур

 

3-топ.

Килиманджаро

Сахара

     Ахаггар

     Айр

Жүктеу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Африканың георафиялық орны мен ашылу тарихы
Африка материгі. Географиялық орны
Оңтүстік Африка мен Африка
Африканың физикалық – географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, Африканың зерттелуі
Африка материгі
Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Африкаға саяхат
Африка материгі. Географиялық орны. Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Африка Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Африка материгін қайталау
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3613 | Қосты: Худас Рина | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык