Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кремний және оның қосылыстары


Кремний және оның қосылыстары

Кремний және оның қосылыстары

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Кремний және оның қосылыстарының алынуы, қасиеттері, түрлері және табиғатта таралуы, адам ағзасындағы рөлі туралы түсінік беру.
  2. Дамытушылық: Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, реакция жазу, есеп шығару, қабілеттерін дамыту;
  3. Тәрбиелік: Өз ойын еркін айтуға, ізденімпаздыққа, жұптасып жұмыс жасауға, белсенділікке тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: тірек-сызба, түсіндірмелі-эвристикалық, сұрақ – жауап, талдау. 

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, деңгейлік тарпсырмалар, кремний қосылыстарының үлгілері, карточкалар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

-оқушылармен амандасу;

-сыныптың тазалығын тексеру;

-оқушыларды түгендеу;

-көңілдерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Сұрақ-жауап:

  1. Көміртек атомының құрылысын периодтық жүйедегі орнына сәйкес түсіндіріңдер.
  2. Табиғаттағы көміртек қандай күйде кездеседі?
  3. Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерін атаңдар? Әрқайсысын сипаттап айтып беріңдер.
  4. Алмаз бен графиттің қасиеттерін салыстыра отырып сипаттаңдар.
  5. Адсорбция құбылысын түсіндіріңдер.

 

ІІІ. Жаңа сабақтың жүруі:

«Белгісіз элемент» атты көрініс көрсету арқылы тақырыпқа шығу. Сабақтың мақсатын оқушыладан сұрау.

Атом құрылысы:

ІІІ период, ІV топтың негізгі топшасында орналасқан.

+14Si )2е)8е)4е)

Табиғатта таралуы:

Кремний табиғатта тек қослыс түрінде кездеседі. Ең көп тараған SiO2 – кремнезем. Каолинит (ақбалшық) және алюмосиликаттардың Al2O3*2 SiO2*2H2O, дала шпатының немесе ортоклаздың K2O *  Al2O3 * 6SiO2 құрамына кіреді.

Алынуы:

  1. Зертханада бос күйінде кремний алу үшін магнийді ұнтақ ақ құммен SiO2  қосып қыздырады:
  2. 2Mg = 2MgO + Si
  3. Өнеркәсіпте құм мен көмір қоспасын қызыдырып кремний алады:

                                         SiO2 + 2С = Si + 2CO

Физикалық қасиеттері:

Кремнийдің аллотропиялық екі түрөзгерісі бар. Ол – кристалдық және аморфты кремний. Кристалдық кремний – қара сұр түсті, металдық жылтыры бар, өте қатты, қиын балқитын, аздап электр тогын –өткізетін зат. Ал аморфты кремний – сұрғылт түсті ұнтақ зат.

Химиялық қасиеттері:

  1. Аморфты кремний қыздырғанда тотықсыздандырғыш ретінде жай заттармен әрекеттеседі:

Si + 2CL2= SiCL4

Si + O2 = SiO2

Si + C = SiC

  1. Кремний металмен әрекеттескеде тотықтырғыш болады:

Si + 2Mg = Mg2Si

  1. Кремний ұнтағы концентрлі сілтімен реакцияға түседі:

Si + 2NaOH + H2O = Na2SiO3 + 2H2

Тапсырма № 2. Екеуара жұмыс.

§25 оқу. Өзара сұрақтар қою.

 

Тапсырма № 3.

 Шыны өндірісі (видео қарау).

 

Тапсырма № 4.  

Деңгейлік тапсырмалар орындау.

 

І деңгей(1 ұпай)

  1. Кремнийдің аллотропиялық _______түрөзгерісі бар. Ол _________ және аморфты кремний.
  2. Кремнийдің қосылыстардағы тотығу дәрежелері ____, _____, ______ болады.
  3. Кристалдық кремнеземді ________ дейді, оның алты қырлы призма тәрізді түрі ______________ деп аталады.

ІІ деңгей (2 ұпай)

Кремний қышқылының құрамындағы кремнийдің массалық үлесін есептеңдер.

ІІІ деңгей (3 ұпай)

Массасы 36,6 г натрий силикатын алу үшін қанша натрий оксиді, қанша кремний оксиді қажет болатынын есептеңдер.

 

Тапсырма № 5.

Сұрақ-жауап:

  1. Таза кремнийді зертханада және өнеркәсіпте қалай алуға болады?
  2. Кремнийдің табиғатта таралуын айтып бер.
  3. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады?
  4. Сұйық кристалдар дегеніміз не?
  5. Кремний қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
  6. Кремнийдің қолданылуы.
  7. Тау хрусталінен қандай заттар алынады?
  8. Дүниежүзінде жылына қанша тонна кремний монокристалы өндрледі?
  9. Цемент пен минералды тозаңдар өкпеге қонып, қандай ауру тудырады?
  10. Мүжілу дегенімз не?

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Азот оксидтері. Азот қышқылы. Нитраттар.
Фосфор және оның қосылыстары.
Көміртектің қосылыстары
Электролиттік диссоциациялану теориясы
Силикат өнеркәсібі
Физика – әлем кілті
Натрий, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Хлордың табиғатта таралуы және қасиеттері
Шойын және болат өндірісі
Алюминий
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 10256 | Қосты: Омарова Анара Габдулманапқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык