Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы


Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы

Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы

Абишева   Айнур Муратбековна  

№ 67 жалпы білім беретін мектептің

 тарих пәнінің мұғалімі 11-сынып     

 

Сабақтың тақырыбы: Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы

Сабақтың мақсаты:

1)   Кеңес өкіметінің көші-қон саяаты----сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне  айналғанын, жаппай депортацияның ұлтына, нәсіліне, жынысына қарамай жүргізілгенін баяндау

2)   Оқушыларды өз бетінше қорытынды жасай білуге, әр кездегі құбылыстарды салыстырып, оның айырмашылы,ын ажыратып білуге, зерттеу әдістерін меңгеруге үйрету

3)   Оқушыларды Отансүйгіштікке, достыққа, ынтымақ пен бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: Кеңес өкіметінің көші-қон саяатының қалай жүзеге асырылғандығына және оның кезеңдеріне сипаттама береді

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сто элементтері, венн диаграммасы, топтық жұмыс, тест

Сабақтың көрнекілігі: интерактиві тақта, Қазақстанның саяси картасы

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесі, оқушыларды түгендеу

Сыныпты екі топқа бөлу

Сабақтың қағидалары:    Бір-бірімізді тыңдаймыз!

                                          Басқаның пікірін сыйлаймыз!

                                          Тақырып көлемінде ғана сөйлейміз!

                                          Болжам жасай білеміз!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану кезеңдерін атаңдар
  2. Әскери-казактық отарлаудың Қазақстан халқы құрамына тигізген әсері қандай?
  3. Орыс шаруаларын қоныстандыру қандай заң актілері негізінде жүргізілді?
  4. Патша өкіметінің көші-қон саясатының мәні неде?

ІІІ. Өзектілік кезеңі

  1. .Дүниежүзіндегі көнұлттық мемлекеттерді атаңдар?
  2. Депортация сөзінің мағынасы қандай?
  3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
  4. Жаңа сабақты өту кезеңі

Мұғалімнің сөзі: Социалистік заманда Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтангеноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ.

Кеңес өкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомолқызметкерлері ғана емес, тұтас бір халықтар — сенімсіз де сатқынұлттар қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.

Депортация латынша deportatio — «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлтөкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. Ал шетел тіліне енген сөздер сөздігінде «депортация»— қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу, көшіру, жер аудару деп көрсетілген.

19201950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру — сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО- да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 млн адамға жетті. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын-сүргіндік көші-қондардың төмендегідей түрлері қолданылды:

  • этностың белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар»«шекараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»).
  • әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендерді арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы) деп атады.
  • саяси мүдде негізіндегі 19341944 жылдары көшірілгендерді«еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап«арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.

Топтық жұмыс(сипаттама беру, постер қорғау)

 

1-   топ. Соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтар депортациясы

2-   топ.  Соғыс жылдарындағы халықтар депортациясы

 

 

Мұғалімнің сөзі: жоспарлы көші-қон саясаты деген не? Оның мақсаты қандай?

                Пікірсайыс түріндегі шығармашылық жұмыс

 

Тың жәнетыңайған жерді игерумен Одақтық өнеркәсіп құрылыстарын салу Қазақстан үшін тиімді болды

 

Тың және тыңайған жерлерді игеру мен Одақтық өнеркәсіптік құрылыстарын салу Қазақстан үшін тиімсіз болды

 

 

Венн диаграммасы :Патшалы Ресей мен Кеңестік Ресейдің көші-қон саясатындағындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтары

 

Көшбасшыларға сұрақ:

  1. Ұлт мәселесінің шешу жолдары қандай болу керек деп ойлайсың?
  2. Қазақстанды мекендеген ұлттардың мәдениеті қалай дамыған?

 

  1. Сабақты бекіту

1.Депортация қандай мағынаны бідіреді?

А)Қуғындау, көшіру       В)Қоныстану,жер аудару       С)Уақытша көшіру       Д)Жер ауңдару

2.Күштеп көшіру кімнің саясаты?

А)Брежнев            Б)Горбачев                   С)Сталин                   Д)Хрущев

3.Депортацияға ұшыраған адамдар саны:

А)3,2млн                  Б)1,2млн               С)3-5млн                    Д)1млн

4.Жоспарлы көші-қон қай жылдар аралығында болды?

А)1930-1960                 Б)1920-1950                      С)1935-1945                     Д)1915-1965

5.Депортация кезінде қанша отбасы көшірілді?

А)5000                  Б)2000                  С)1500                        Д)5500

6.Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар қандай өңірлерге қоныстандырылды?

А) шағын қалаларға               Б) орталықтар мен кеңшарларға

С)кеңшарлар мен игерілмеген жерлерге                            Д) өз қалауларымен

7. «Кіші қазан» науқаны кезінде босап қалған жерлерге қандай ұлттыр қоныстанды?

А)орыстар, поляктар,украиндар                    Б)Кавказ халқы,немістер

С)немістер,украйндар                Д)корейлер, поляктар, немістер

8.Арнай қоныс аударылғандардың тұрмыстық мәселерерін шешу кімдерге жүктелді?

А) НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариатына)

Б) Жергілікті билік ұйымдарына     С)көші қон ұйымдастырушыларына

Д)орталық басқару ұйымдарына

Бағалау шкаласы

0-     «5» :             1-2-  «4»

3-6-  «3»:             7-8-  «2»

VI.Оқушылардың білімін бағалау

  1. Үйге тапсырма: §25оқу, 147-беттегі сұрақтарға жауп беру, кесте құрастыру

VIII.  Рефлексия кезеңі:

Бүгінгі сабақта........үйрендім

Бүгінгі сабақта.......... білдім

Бүгінгі сабақтан кейін .......білуім керек

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ САЯСАТЫ
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Саяси қуғын сүргін және халықтар депортациясы
КСРО-да тоталитарлық жүйенің орнауы
Кеңес Одағы
Кеңес одағы
XIXғ 60-90 жылдарындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары
Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері
1930 жылдардағы саяси өмір
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 7036 | Қосты: Абишева Айнур Муратбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык