Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көнерген сөздер


Көнерген сөздер

Көнерген сөздер      

Сабақтың тақырыбы:   Көнерген сөздер      

Мақсаты:

Білімділік:

Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру,көнерген сөздер түрлерін өз бетімен анықтауына,ерекшеліктерін өзіндік жұмыс арқылы меңгеруіне жағдай туғызу.

Дамытушылық:

Өткен білімді пысықтау арқылы оқушылардың ой-өрісін,сауаттылығын,сөздік қорын,сөз байлығын дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды көркем әдебиетті сүюге,әдеби тілде сөйлеуге,шығармашылық ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап,ой қозғау,талдау.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.

Көрнекілігі: бүктемелер,слайдтар,суреттер,кестелер,флипчарттар т.б.

 

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу

 

 Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру

 

Үй тапсырмасын сұрау.

 

І   «Үш қария» ертегісі арқылы

Ал,балалар, мен сендерден үй жұмысын  «Үш қария» ертегісі арқылы сұраймын.Барлығымыз мұқият тыңдайық.

    Ерте,ерте,ертеде бір үш қария дос болыпты.Олар:Көнебай,Жаңабай,Тұрақбай.Олар ұзақ жылдар бойы тату дос болған.Күндердің бір күнінде үшеуі бір мәмілеге келе алмай,дауласып қалады.Сонда Көнебай былай депті:

-мен сендердің екеуіңнен де баймын.Менің сөздерім бірнеше ғасырдан бері келе жатқан халықтың асыл қазынасы,халық өткен тарихын мен арқылы біледі, сондықтан халық мені ғана қажет етеді, - дейді.

Жаңабай қарнын керіп:

Ей, Көнебай, сен неменеге жетісіп тұрсың. Халық сенің сөздеріңді қолданбайды. Сенің сөздерің күнделікті қолданыста шығып қалған. Халық оны ұмытып қалған да шығар. Ал, мен болсам қоғам дамыған сайын байимын. Халық менің сөздерімді жиі қолданады. Мен үлкен қажеттілікке иемін. Қазір қоғамда халыққа ең керегі мен боламын. – дейді.

Тұрақбай өзінің салмақты мінезімен:

Ей, достарым, неменеге қызыл кеңірдек болып қалдыңыздар?

Маған қараңдаршы, мен осы кқнермеймін де, жаңармаймын да. Бірақ халық мен арқылы өз әдеби тілдерін байыта түседі. Өз ойларын тереңірек жеткізуге менің көмегім қажет. Мен халыққа көп қызмет етемін,- дейді.

Сөйтіп үшеуі дауласа келе арғы аталары лексикаға келіп жүгінеді.

Лексика бұлардың жауаптарын тыңдап алып:

Мен сендерге төрелік айтпаймын. Сендерге халық төрелік етсін,- дейді.

Енді үшеуі халыққа қонаққа келеді.

Сонымен балалар бүгінгі сабағымыздың қонағымен таныс болайық. Бұл кісілер кімдер? Бұл қариялар бізге құр қол келген жоқ. Олар өздерінің тапсырмалары арқылы сендердің қаншалықты бұлардың байлықтарын тілімізде қолданамыз екен, қаншалықты білеміз екенін көргілері келеді. Олай болса тапсырмаларға көшейік.

 

 ІІ  Екінші тапсырмамыз «Лексикалық блиц-турнир» деп аталады.Мен жылдамдатып сұрақтар қоямын,сендер тез жауабын табыңдар.

1.Лексика қандай сала?

2.Біз лексиканың қандай салаларын өттік?

3.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

4.Мақал дегеніміз не?

5.Мәтел дегеніміз не?

6.Сөздік қор дегеніміз не?

7.Сөздік құрам дегеніміз не?

8.Көнерген сөздер дегеніміз не?

9.Историзмдер деген не?

10.Архаизмдер дегеніміз не?

11Сөздік қор мен сөздік құрамның айырмашылығы неде?

 

ІІІ Кезек үшінші тапсырмаға келді.Бұл «Қызықты флипчарттар» деп аталады.

 

Интерактивті тақта арқылы жұмыс.Берілген суреттердің атауын тауып,

олардың көнерген сөздердің қай түріне жататындығын жазу.

Берілген суреттер:сәукеле,садақ,жебе,қылыш,қорамсақ,киіз үй

жабдықтары т.б.

ІҮ Семантикалық карта

 

Р/с

Мысалдар

Историзм

Архаизм

1

Ханзада

+

 

2

Бастаңғы

 

+

3

Болыс

+

 

4

Атқамінер

+

 

5

Зындан

 

+

6

Қауға

 

+

7

Торқа

 

+

8

Уәзір

+

 

9

Би

+

 

10

Лашық

 

+

11

Сұлтан

+

 

12

Найза

+

 

 

 

Ү    Мақал-мәтелдерден көнерген сөздерді тап.

 

Асабасы жоқ асқа жарымас.

Қарашаүйден ханша шығар.

Шықсаң ұзақ сапарға,арымас ат-отарба.

Ер азамат белгісі-түзде мырза,үйде құл.

Ынтымақ-оқ өтпес сауыт,татулық – тамаша сауық.

Бақа-көлінде патша,балық-суында патша,жігіт елінде патша.

 

ҮІ  Келесі тапсырмамыз осы мақалдағы көнерген сөздерге байланысты.Олай болса,осы көнерген сөздерге сатылай комплексті талдау жасайық.

 

      Асаба

 

         Көнерген сөз

 

          Архаизм

         Лексикалық мағынасы бар

          Тура мағынада

          Той басқарушы

 

ҮІІ  Оқулықпен жұмыс жүргіземіз.Ескі кітапта157-жаттығу,жаңа кітапта 159-жаттығуды орындаймыз.

Берілгені: Аңыз-әңгімелерден,ертегілерден,батырлар жырынан оқыған қандай батырларды білесіңдер?Ауызша жауап беру.

 

ҮІІІ Суреттер топтамасындағы 28-суретке қарай отырып, мәтін құраңдар.Оған батырлар қолданған қару-жарақтар мен сауыт-саймандардың атауларын кіргізіңдер.

 

ІХ  «Үдемелі әдіс» арқылы сабақты қорытындылаймыз.

      

Х   Үй тапсырмасын беру.

70-беттегі 162-жаттығу.Наурыз, айт мерекелеріне қатысты қолданылатын тілек мәнді сөздерді тауып жазыңдар.Жазғандарыңда көнерген сөздер бар ма?Кездессе мағынасын анықтаңдар.

 

ХІ   Оқушы білімін бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жаңа сөздер
Көнерген сөздер, тұрақты тіркестер және жаңа сөздерден өткенді қайталау
Тарихи сөздер
Кірме сөздер. Көнерген сөздер. Жаңа сөздер
Көнерген сөздер
Көнерген сөз тақырыбын қайталау
Лексикология
Көнерген сөздер
«Көнерген сөз», «Жаңа сөз», «Диалект сөз» тақырыптары бойынша
Көнерген сөздер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 10766 | Қосты: Саурыкова Алия Байузаковна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык