Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы


Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы

Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы

Утетилеуова Бақыт Жансариновна

Қарағанды облысы

Сәтбаев қаласы

Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Сәкен Сейфуллиннің туған күніне арналған

«Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты

 әдеби-сазды кештің жүргізілу барысы

 

Музыка ойнап тұр. Сахнаға Сәкен шығады.

 

Гүлбахрамға кеттім айтып,

Кешікпеймін келем деп.

Аянымның тәй-тәй басқан

Жүгіргенін көрем деп.

 

Мен бір мезет ойламағам,

Қиянатқа көнем деп.

Туған жұрттың ортасында

Қорлықпенен өлемін деп.

 

«Жау жоқ деме, жар астында»

Рас екен деген гәп.

Асырды олар айласын да

Бізді оп-оңай көгендеп.

 

Айта  алмадым, азаптады.

Айтқызбайды намысым.

Сеніңдерші қорланбадым,

Бір шыбындай жан үшін.

 

Сахнаға оқушы шығады.

Жапырақтар жамырап шуламаңдар,

Сұр толқындар, аңырап туламаңдар.

Жыламаңдар, ағайын, жыламаңдар,

Мәңгі өлмейтін ортаңда тірі адам бар.

 

Оның өмірін құраған күз демеңдер.

Оны өлі дүниеден іздемеңдер.

Оны іздеңдер жылдардан жаңа туған.

Оны іздеңдер ескен жел қанатынан.

Оны іздеңдер өзеннің толқынынан,

Оны іздеңдер шыққан күн жарқылынан.

Ол өлмеске жаратылған.

Ол ерекше бір талант дара туған

Біз халыққа ырзамыз дана туған.

 

Оны іздеңдер жаңа ұрпақ тілдерінен,

Оны іздеңдер шешендік мінберінен

Ол әр уақыт тұрады алғы сапта

Оны әздеңдер тек қана ілгеріден

Оны іздеңдер келешек күндерінен.

Жүргізушілер шығады.

I жүргізуші:

Халқының заңғар биік бір өркеші

Бір өзі байтақ жатқан жыр өлкесі

Көркіндей Көкшетаудың қияпаты

Аққу-жан, сері-көңіл, ұл-еркесі.

II жүргізуші:

Сенді ол сөнбесіне күн шырағы,

Қалтырап қайыспады жыр шынары,

Ақмола түрмесінде торауылдап,

Аңдыды ізін, жаудың тыңшылары.

I жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!  Қазанның 15-і Сәкен Сейфуллиннің туған күні .

II жүргізуші:

Қазақ  халқының  асыл перзенті, көрнекті ақыны, жазушы, драматург және ірі қоғам қайраткері  Сәкен Сейфуллиннің туған күніне арналған «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы»  атты әдеби-сазды кешімізге  қош келдіңіздер!

Қазақ биі (бишілер тобы)

I жүргізуші:

Сәкен Сейфуллиннің  өмір жолы өнегелі әрі қайғылы. Ол найзағайдың жарқылы немесе дауылпаздың самғауына ұқсайды.

«Оның шыншылдығы – шын жүрек шыншылдығы. Сондықтан оның жолы – әр адымын санап басқан кісінің жолы емес, ылдиы бар, өрі бар өмір жолы, ыстық қанды нағыз ақын жолы»,- деп Мұхтар Әуезов атап көрсеткен Сәкен Сейфуллиннің өмірі, шығармашылық жолы қандай болған екен?

II жүргізуші:

Сәкен:

«Табиғат өзгеше боп туған едім,

Белімді жастан бекем буған едім.

Халықтың қорлық көрген туын ұстап,

Әділдік жолын іздеп қуған едім.

 

Болса да жолым қиын михнатты,

Сол жолда басшы қылдым жалғыз хақты.

Дарияға  қайық салған өр балаңды

Қолда енді, бабаларым аруақты!»,-

деп   өз өмірінің мақсатын баяндады.

I жүргізуші:

Өмірде жан екенсің қия алмайтын,
Өлеңнің құшағына сия алмайтын.
«Қазағың кәне?»- десе, «Мінеки!»- деп
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын,- деп ақын Сырбай Мәуленов жырлаған Сәкен кім? Құлақ түрейік.

 

(Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы слайдтар көрсетіледі)

Сәкен Сейфуллин Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған. Өзінің өмірбаяны туралы бір жазғанында: «Әкем саятшы, аң аулағыш, домбырашы, ақ жарқын жайдары адам, шешем әңгімешіл еді»,- дейді.

II жүргізуші:

Орыстың танымал жазушысы Галина Серебрякова Сәкен Сейфуллинмен  Мәскеуде қалай кездескені жөнінде былай деп жазады: «Сәкен Сейфуллин мені өзінің қажырлы, сыртқы сұлу кескінімен қайран қалдырды. Ол кісіге тура, адал да батыл  көзбен қарайтын. Сонда ол көне парсы фрескаларындағы жеңімпаз да жігерлі жауынгерге ұқсап кететін.

Мен таныған Сәкен  Сейфуллин Қазақстанның бір бөлшегі  сияқты. Сәкен бар жан-жүрегімен  туған елінің, өз халқының бел баласы еді, халқына жаны пида жақсылардың бірі еді».

I жүргізуші:

Сәкен поэзиясы көпқырлы. Ақын шығармашылығында  туған жердің сұлу табиғаты, Отанға деген сүйіспеншілік, ел тағдыры, өмір, достық, жастық тақырыптары кеңінен орын алады.

Ақын бірде :  «Қажыма ер көңілім бәрі де өтер,

Сан азап бір күнгідей болмай кетер.

Қара түн басып тұрса алды-артыңды,

Жарқырап ататын таң әлі-ақ жетер»,- деп қамауда, қайғыда өткен көңіліне қайрат, жігер беретін өлеңдерін жазады.

II жүргізуші:

Ал бірде:

«Уа, кең дала, кең дала!

Еркін байтақ ен дала.

Құшағыңды аш, төсіңді аш!

Төсіңе мені қысып бас»,- деп туған жерге деген ең ыстық жалынды сезімдерін білдіреді.

Сахнаға  оқушылар шығып, Сәкеннің өлеңдерін оқиды.

 

Сәкеннің әні  «Тау ішінде»

I жүргізуші:

Қарамай көк дауылға алас ұрған,

Жол тауып жауған оқтың арасынан

Ол ұшты арманына қанат жайып,

Қазақтың дауылпаз боп даласынан.

II жүргізуші:

Алды ол жауынгерлік жылдан азық

Каналын поэзия жылдан қазып,

Өмірде өлмейтін боп қалды Сәкен

Өшпейтін келешекке жырлар жазып.

Сахнаға  оқушылар шығып, өлең оқиды.(Сәкеннің лирикасы )

I жүргізуші:

Басқан ізіне гүл өскен ақын

Жүрген жерінен Жыр ескен ақын

Тар жол тайғақты кешіріп басынан

Бақыт жолында күрескен ақын.

 

Самғап ұшқан Арқадан сұңқар Сәкен

Асау мінез, ақиық тұлпар Сәкен

Алты алаштың көсемі, шешені – сен,

Тең келетін –өзіңе кім бар Сәкен.

 II жүргізуші:

 «Біздің жақта», «Көкшетаудай» әндерің,

Көңіліне көкірегі алу пенденің.

Жаңа-Арқаның топырағы жаратқан

Өршіл ақын, талғамы зор сазгерім.

 

Ат шаптырып, жырын арнап сүбелі,

Туған күнін тойлап жатыр жыр-елі

Сұлулықтың символы – Аққудың

Жадымызда мәңгі өмір сүреді.

 

Сахнаға  оқушылар шығып, өлең оқиды. («Аққудың айырылуы» поэмасынан үзінді)

 

I жүргізуші:

Өзің бе?

Өзің ғажапсың!

От кешкен алғаш азапсың,

Халқыңа келген азатсың.

 

Сойылдарға соқтырмай

Қарулыға аттырмай

Арашалап жұртыңды

Алпауытқа аттың жай.

II жүргізуші:

Өзіңе ұқсап жол басқан

Өз Отанын қорғасқан,

Жалғасуда бізбенен

Өзің жазған жыр дастан.

 

Оқушылар өз шығармашылықтарымен  таныстырады.

Сәкеннің әні  «Көкшетау»

 

I жүргізуші:

 «Бізден  қалар белгі толық

Кейінгілер көрерлік.

Апасы мен ағасының

Ісіне құн берелік.

II жүргізуші:

Біз қаладық, қиындықпен

Кең сарайға іргені,

Біздің тілек: сол сарайға

Кейінгілер кіргені.

I жүргізуші:

Керуен көшер, керуен қонар -

Үйреншікті әңгіме,

Бізден қалар талай белгі

Кейінгіге, мәңгіге».

 

II жүргізуші:

Қадірлі ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі  «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби-сазды кешімізді «Гимназия сазымен» аяқтаймыз.  Қосылыңыздар!

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған " Жырлайды жүрек" әдеби- сазды кеш
Наурыз Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин "Туған ел"
Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Сәкен-жырдың сарқылмас дариясы
Жас маманға жәрдем
Сәкен Сейфуллин (1894-1938)
Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта» өлеңі
Сәкен Сейфуллин. Наурыз.
Сәкен Сейфуллин “Ақсақ киік”
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 6291 | Қосты: Утетилеуова Бақыт Жансариновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык