Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы


«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы

Күнтізбелік жоспар

2013-2014 оқу жылы

Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Э.Ашимова

Сыныбы: 6

Сағат саны: 51

Бағдарлама:   ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін мектептің

5-9 сыныптарына арналған «Математика және информатика» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары –Астана,

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.

Әдістемелік бірлестік отырысында қаралды. Хаттама №1  31 тамыз 2013 жыл

Пән бірлестік жетекшісі:                      Б.Сапиева

«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы

Түсінік хат

  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы  23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
  2. Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.
  3. Оқыту міндеттері:

1)ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;

2)есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

3)ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;

4)программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;

5)ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

6)жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;

7)алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

8)қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;

9)оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

  1.  Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1)     5 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

2)     6 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

3)     7 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

4)     8 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

5)     9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

  1. Информатика курсын оқыту үдерісінде басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асады.
  2. Математика пәнімен пәнаралық байланыс:

1) сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды кодтау жасағанда сандық деректер типі туралы мағлұматты пайдалану;

2)калькулятор арқылы есептеулер жүргізу;

3) графикалық редактор және электрондық кесте арқылы функциялардың графиктерін салу.

  1. Алгебра пәнімен пәнаралық байланыс:

1)үдерістерді автоматтандыру үшін функция, формулалар, салыстыру операцияларын пайдалану;

2)электрондық кесте арқылы есептеулер орындағанда математикалық білімдерін пайдалану;

3)стандартты функциялармен амалдар орындағанда әртүрлі есептеулер ережелерін пайдалану;

4)кестелік процессорда графиктерді салғанда координаталық жүйені пайдалану;

5)есептер шығарғанда қолданылатын амалдарды іске асыру мақсатында негізгі кезеңдерді анықтау үшін математикалық логика элементтерін пайдалану;

6)математикалық объектілерді зерттегенде ақпараттық көзқарасты пайдалану;

7)программалау тілінде суреттерді салу үшін координаталық жүйені пайдалана отырып алгоритмдерді өндеу.

  1. Геометрия пәнімен пәнаралық байланыс:

1)векторлық графика объектілерін құруда геометриялық фигуралармен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану;

2)әртүрлі құрылымдағы алгоритмдерді программалауда планиметрия формулаларын қолдану;

3)геометриялық объектілерді модельдеу, геометриялық композицияларды құру.

  1. Физика пәнімен пәнаралық байланыс:

1)компьютердің архитектурасын, ақпаратты кодтау, санау жүйелерін, логика элементтерін қарастырғанда электр тоқ саласынан білімге тірек жасау;

2)дыбыстың, бейненің және графиктің физикалық мәніне бағдар жасау;

3)физикалық үдерістерді модельдеу үшін ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалану;

4)алгоритмдерді өндеуде физикалық есептерді қарастыру;

5)дербес компьютердің құрылымының жұмыс істеуінің физикалық принципі.

  1.  Қазақ, орыс және шетел тілдерімен пәнаралық байланыс:

1)информатика терминдерімен сөздік қорды байыту;

2)мәтіндік материалдарды рәсімдегенде орфография және пунктуация ережелерін пайдалану;

3)мәтіндік процессормен жұмыс істегенде ұлттық халық ауыз әдебиетімен байланысты мәтіндерді пайдалану;

4)жоба қорғау барысында, жарыс сөздер және ауызша жауаптарда сөйлеу мәдениетін дамыту;

5)      операциялық жүйелерді және программалау тілін меңгеру барысында ағылшын тілін пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

6)программалау тілінің синтаксисін түсіну, компьютерлік технологияларды меңгеру, кең таралған әдебиеттерге еркін қол жетімдік;

7)телекоммуникациялық ресурстар ағылшын тілін меңгеру құралы ретінде қарастыру.

  1.  Биология пәнімен пәнаралық байланыс:

биологиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.

  1. Химия пәнімен пәнаралық байланыс:

химиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.

  1.  Тарих пәнімен пәнаралық байланыс:

дербес компьютердің құралдарының дамуы мен шығуы және ақпараттарды өндеу әдістері.

  1.  Бейнелеу өнері пәнімен пәнаралық байланыс:

1)жалпы ақпараттық мәдениет элементі ретінде эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;

2)мәтіндік және графикалық редакторларын оқу барысында қазақ және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

  1.  Сызу пәнімен пәнаралық байланыс:

 мәтіндік және графикалық редакторларын оқығанда ұлттық және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

  1. Технология пәнімен пәнаралық байланыс:

1)есептеулерде және шамаларды өлшегенде алгоритмдерді пайдалану;

2)ақпараттық іс-әрекет технологиясын меңгеру.

Ауыспалы оқу бағдарламасының базалық мазмұны.

  1. 2012 жылдың 23 тамыз №1080 күнінен жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде информатика пәні 5-ші сыныптан енгізілді.
  2. Сабақтастық қағидасын сақтау үшін 6-8 сыныптарда информатика сабағын беру ауыспалы сипатқа ие, осыған орай 5-9 сыныптарға арналған жана оқу бағдарламасы негізінде 6-8 сыныптар үшін ауыспалы оқу бағдарламасы әзірленді, Аталған оқу бағдарлама әр сыныптың кіріктірілген материалын қамтиды, ол аталған сыныптың және одан дейінгі сыныпта оқитын материалдардан тұрады, яғни 6-сыныпқа арналған оқу бағдарламасы 5-6 сыныптың базалық мазмұның, 7-сынып – 5-6-7 сынып оқу материалдарын, 8-сынып – 6-7-8 сыныптарының оқу материалдарын, 9-сынып – 2011-2013 оқу жылдарында өткен 7-8 сыныптардың оқу материалдарын қамтиды.
  3. 6-9 сыныптарға арналған информатика пәні бойынша ауыспалы оқу бағдарламасы 2013-2014 оқу жылдарына ғана арналған.
  4. Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1)     6 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;

2)     7 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;

3)     8 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;

4)     9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

1) Кіріспе (1 сағат):техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

2) Ақпарат және ақпараттық үдерістер (4 сағат)информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері;ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі;вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау;ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары.

3)Компьютер (9 сағат) :компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері, пернетақта;есептеуіш техниканың даму тарихы;электронды-есептеуіш машинанық кезеңдері,

қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму тенденциясы,программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі; операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері; файлдар, бумалар және белгішелер;бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту;объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою; ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар.

4)Алгоритмдеу және модельдеу (6 сағат):алгоритм және оның атқарушылары, алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар;алгоритм типтері: сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер; модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді;модельдер түрлері.

5)     Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (27 сағат) :

қарапайым графикалық редакторы; суретті ашу және сақтау; графикалық редактордың сурет салу құралдары, суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс, масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау, баспадан шығару; қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін ерекшелеу;мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац;графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру; калькулятор, блокнот, дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу;мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау;мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері; қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар;нөмірленген және маркерлеген тізімдер;бағандар, беттердің параметрлері, жиек, алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару; кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу; графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру, суреттер мен жазуларды пішімдеу;программа интерфейсімен танысу, презентациялар; мультимедиялық презентациялардың конструкторы, презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру;кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты слайдтарға кірістіру;анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету.

6)Телекоммуникациялар (2 сағат):компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, ауқымды ақпараттық желілер, интернет, интернетте ақпаратты іздеу, электрондық пошта.

7) Жобалық іс-әрекет (2 сағат).

13. 6-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

  1. Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).
  2.  Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі тиіс).
  3. 6-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

1)қауіпсіздік техникасының ережесін;

2)информатика пәні нені оқытатының;

3)ақпарат ұғымын;

4)ақпарат түрлерін;

5)ақпаратты өңдеу тәсілдерін;

6)ақпарат санының ұғымын;

7)ақпараттың өлшеу бірлігін;

8)ақпаратты сығу;

9)мұрағаттау міндеттерін;

10)  вирусқа қарсы программалар туралы ұғымын;

11)  компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктерін;

12)  компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етудің міндеттері мен түрлерін;

13)  операциялық жүйе түсінігін;

14)  операциялық жүйелерді басқару тәсілдері мен негізгі объектілерін;

15)  ақпараттарды тасымалдаушылар міндетін;

16)  есептеуіш техниканың даму тарихын;

17)  электронды-есептеуіш машиналардың даму кезеңдерін;

18)  дербес компьютердің даму архитектурасының үрдісін;

19)  ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларының міндеттерін;

20)  алгоритм және атқарушы ұғымын;

21)  алгоритмді жазу формасын;

22)  алгоритмді блок-схема түрінде жазуын;

23)  алгоритм типтерін;

24)  модель ұғымын;

25)  модель түрлерін;

26)  графиктік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;

27)  мәтіндік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;

28)  мәтінді редакциялау және пішімдеу тәсілдерін;

29)  калькуляторда жұмыс істеу тәсілдерін;

30)  сандық, дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша программаларда жұмыс істеу тәсілдерін;

31)  мәтіндік құжатты рәсімдеу тәсілдерін;

32)  мәтіндік редактордың мәтіндік процессордан айырмашылығын;

33)  мәтіндік процессордың интерфейсін;

34)  құжатты ашу және сақтау тәсілін;

35)  мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдерін (қаріп, абзац, шегініс, аралық, тізім);

36)  мәтіндік процессорда кестелерді құру және редакциялау тәсілдерін;

37)  бағанға мәтінді орналастыру тәсілдерін;

38)  мәтінге графикалық объектілерді және жазуларды кірістіру командаларын;

39)  слайд ұғымын, слайдтармен жұмыс істеу тәсілдерін;

40)  презентацияда мәтінмен, кестелермен, графикалық объектілермен, бейнемен және дыбыспен жұмыс істеу тәсілдерін;

41)  презентацияларды көрсетудің баптау тәсілдерін;

42)  компьютерлік байланыстардың түрлерін;

43)  Интернетте ақпаратты іздеу әдістерін;

44)  электрондық поштаны пайдалану салаларын;

45)  жобалық іс-әрекетте жұмыс істеу дағдыларын.

  1. 6-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:              

1)қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;

2)ақпараттың түрін анықтауды;

3)файлдарды мұрағаттау және мұрағаттан шығаруды;

4)компьютерде вирусқа қарсы бағдарламалар арқылы ақпараттарды қорғау әдістерін пайдалануды;

5)компьютердің стандартты графиктік интерфейсін қолдануды;

6)файлдармен, бумалармен, белгішелермен операциялар орындауды;

7)әртүрлі алгоритмдерді ауызша және графиктік түрде құруды;

8)модельді нақты объектіден айыра білуді;

9)модель түрлерін анықтауды;

10)  қарапайым графиктік редакторлар құралдарымен графиктік объектілерді салуды;

11)  калькулятор арқылы есептеу нәтижелерін табуды;

12)  дыбыстық ақпаратты жазуды;

13)  компьютердің құрылғыларының, енгізу-шығару құрылғыларының міндетін анықтауды;

14)  мәтінді теруді, редакциялауды және пішімдеуді;

15)  мәтіндік үзінділерімен жұмыс істеуді;қиыстырылған құжаттарды құруды;

16)  тізімдер (нөмірленген және маркерлеген тізім) бар мәтіндік құжаттарды құруды;

17)  мәтіндік құжаттарда кесте салуды;мәтінге баған орналастыруды;

18)  мәтіндік құжаттарға графикалық объектілерді және жазуларды кірістіруді;

19)  қарапайым мультимедиялық презентациялар құруды;

20)  слайдтардың әсерлерін және көрсетулерін баптауды;

21)  Интернет желісінің ресурстарын қолдануды;электрондық поштаны пайдалануды.

ИНФОРМАТИКА

6-сынып

(барлығы 51 сағ, аптасына 1,5 сағ)

Жүктеу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар информатика 5-сынып
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдас тыру
Информатикадан тақырыптық күнтізбелік жоспар 9-сыныпқа арналған
Компьютерлік сауаттылық үйірмесіне арналған бағдарлама
Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу
Информатика пәнінен модульдік оқыту технологиясы бойынша жасалған авторлық бағдарлама
Информатика пәнінен оқу бағдарламасы
Паскаль – бағдарламалау тілі
Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 6208 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык