Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Процедуралар мен функциялар


Процедуралар мен функциялар

Процедуралар мен функциялар

№25

Сабақтың

9- СЫНЫП.

І

тақырыбы:

Процедуралар мен функциялар (1 сағ)

 

мақсаттары:

1. Паскальда қосалқы алгоритмдердің қалай жұмыс істейтінін түсіндіру,  процедуралар және функциялар туралы ұғым қалыптастыру.

2. Программаны математикалық модел құру арқылы сапалы жазу дағдысын қалыптастыру. Жиым элементі, элементті берілген қасиеті бойынша іздеу, сұрыптау туралы түсініктер қалыптастыру. Есептерге программалар жазып компьютерде орындау.

3. Программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтау.

көрнекілігі:

Кестелердің мысалдары сызылған плакат. Паскаль редакторы – Паскал АВС, блок-схемалар (көкпен жазылғандар тақтаға н/е фч/прз жазылады, кей жерін оқушылар дәптерге жазады).

түрі:

Лекция, компьютерде машықтану сабағы.

ІІ

барысы: 

(3 мин)

Ұйымдастыру.

  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
  2. Сынып, тақта, парта  тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІІ

Жаңа сабақ түсіндіру

(17 мин)

1. Процедура – деп бір әрекетті орындау мақсатында алдын ала анықталған аты бойынша шақырылып атқарылатын программаның тәуелсіз бөлігін айтамыз. Мысалы: read(x); - клавиатурадан енгізілген мәнді х айнымалысына меншіктеу әрекетін іске асыратын Паскальдың стандартты процедурасы.

2. Функциялар – деп жұмысының нәтижесібір ғана мән болатын процедураны айтады. Мыс: sin(x); бір есепті /синусты/ ғана шығаратын шағын программа стандартты функция/.

Процедура мен функцияны программашының өзі де жаза алады.

Еске сақтау: Процедурадағы кірістік айнамылға (мәндік параметр) мән, негізгі программада шақыру командасынан бұрын меншіктеледі.

3. Паскальдың кітапханалық модульдері – деп типтеріне қарай топтастырылған стандартты процедуралар мен функциялардың жиынтығын айтады. Паскаль 6.0-ден бастап кітапханасында 9 модуль бар. Әр модульді қажеті болса USES түйінді сөзі арқылы қосуға болады. Мыс: uses crt; боялған мәтін шығаруға мүмкіндік береді. uses graph; экранға сурет салуға мүмкіндік береді.

Есеп (Методикалық жетекші 89бет): Әрқайсысының координатасы х, у, массасы m болатын 10 нүкте берілген. Жүйенің ауырлық центрін және әр нүктенің осы центрден қашықтығын табатын программа жазыңыз.

Есептеу алгоритмі: 10 нүктенің координаталарын және массаларын (хx,уy,m бүтін болсын) сақтайтын массив ашамыз. Координата мен массалар мәндерін әр жолы үш саннан осы массивке енгіземіз. Массалар центрінен нүктеге дейінгі қашықтықты табатын формуланы процедураға жазамыз. Поцедураны шақырып нәтиже алған соң i-шы нүктенің массалар центірінен қашықтығы экранға басып шығарамыз.

Сонда программа мынандай болады:

program nykteler_metod_89bet;

uses crt;

var xx,yy,m:array[1..10] of integer;

    x,y,i:integer;

    l,xm,ym,sx,sy,sm:real;

    procedure syzyk;

    begin

     l:=sqrt(sqr(x-xm)+sqr(y-ym));

     writeln(i,'-шы нуктенiн кашыктыгы -',l:3:2);

    end;

begin

  write('vvedite koord. x,y i massa 10 tochek ');

  for i:=1 to 10 do

    read(xx[i],yy[i],m[i]);

  sx:=0; sy:=0;

  for i:=1 to 10 do

    begin

      sx:=sx+xx[i]*m[i];

      sy:=sy+yy[i]*m[i];

      sm:=sm+m[i];

  end;

  xm:=sx/sm;  ym:=sy/sm;

  writeln('массалар центрі ',xm:3:2,', ',ym:3:2);

  for i:=1 to 10 do

    begin

      x:=xx[i]; y:=yy[i];

      syzyk;

    end;

IV

Сабақты бекіту

(10 мин)

Интерактив тақтаға қарап ауызша жауап беріңіздер:

Программаның қоңыр түспен жазылған бөлігін орындағанда компьютер қанадай әрекет жасайды?

көк, жасыл,қызыл,күлгін-қызығылт,  күлгін-жасыл

 

1. Осы программа компьютерге сақталған. Оны мәндер беріп орындаңыз.

V

Сынып жұмысы

(10 мин)

1. Бүтін санның факториалын есептейтін программа жазып, компьютерде орындаңыз. Үлкен сандар бергенде не болады? Тығырықтан қалай шығуға болады?

2. 165 бет. 6ә есепті шығаратын программа жазыңыз.

VI

Үйге тапсырма

5 мин.

Оқу: лекция бойынша, оқулықтан 140, 151 бет. Есеп №7 есеп 166 бет.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Паскаль тіліндегі жиымдар
Жиымдар. Паскаль тіліндегі жиымдар
Символдық мәліметтермен жұмыс тәсілдері
Графиктік режім. Графикалық объектілерді программалау
FOR –DO, FOR –DOWNTO қайталау операторы
Қайталаушы операторлар. While – do қайталау опрераторы
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Көп өлшемді жиымдармен (массивтермен) жұмыс
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 4907 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык