Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сымайыл,зәмзәм


Сымайыл,зәмзәм

Сымайыл,зәмзәм

Мұғалім :­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­Қыстаубаева Н.Т                                                                          Күні :   желтоқсан

Пән :       қазақ әдебиеті                                                              Сынып:  _5________

 

Сабақтың тақырыбы:

Сымайыл,зәмзәм

 

Сабақтың мақсаты: 

ислам діні,имандылық жөнінде білімдерін кеңейту.Бір- бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастыру.Білім-білік дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: имандылыққа,Алланы тануға,ислам шарттарынбілуге,адамгершілікке,сыйластыққа,елжандылыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: түсініп оқу,сөз астарына үңіліп,мағынаны түсіну,түйінді ой айта білуге,өзіндік пікір қалыптастыруғажетелеу.Ойларын еркін жеткізе білу және қиялындамыту.Шығармашылық ізденісін арттыру.

 

 

 

Дереккөздер мен жабдықтар

интербелсенді тақта, слайд суреттер, «Зәмзәм»интернет роликтері,үлестірмелі материалдар.

 

 

Күтілетін нәтиже

- ислам діні, имандылық туралы жалпы біледі.

- Имандылық сөзінің мағынасын түсініп, талдай алады.

- Имандылық қасиеттерді бойына сіңіре алады.

 

кезеңі

уақыты

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті

 

тапсырмалар

 

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

Мотивациялық кезең

2 мин

         Ұйымдастыру, амандасу, сынып оқушыларын түгендеу, оқу құралдарының түгел болуын қадағалау, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау

 

 

 

3 мин

       Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал.

«Мен қандаймын?».

Оқушыларға  жұмыстың бағытын түсіндіріп, бағыт беремін.

 

Сынып оқушылары  щеңбер бойына тұрып, өз  бойындағы  3 жақсы және 3 жаман қасиетті жазып шығады. Жақсы қасиеттер жазылған қағазды қалталарына салып, ал жаман қасиеттер жазылған  қағазды жыртып- жыртып қоқысқа тастайды.

 

Психологиялық ахуал.

«Мен қандаймын?».

 

Қол шапалақтау

2 мин

Сынып оқушыларын сөйлем қиындылары арқылы топқа бөліп, топ басшысын тағайындау.

Бүгінгі сабақ барысында орындалатын тапсырмаларға сәйкес бағалау бетшесін дайындап, топ басшыларына беремін және топ басшысын бақылаушы ретінде жіберемін

 

Қиындылар   арқылы 3 топқа бөлінеді.  Оқушылар  топ ережесін еске түсіріп, хормен оқиды.

 

Қол шапалақтау

3 минут 

 

Үй тапсырмасын  "Қатпарлы хат" әдісі  арқылы сұрап, өткен тақырыптарға шолу жасаймын.

 

Әрбір оқушы қағазды шиыршықтап өткен тақырыптар бойынша сұрақ жазып, келесі топқа жалғастырады.

Топ басшылары үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға дұрыс жауап берген өз тобының оқушыларын берілген бағалау бетшесіне бағалайды.

 

"Қатпарлы хат "

/үй жұмысын қайталау/

 

 

Топтық жұмыс

 

Бағалау бетшесіне топ басшысы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды.

 

Операциялық кезең

6 мин

Оқушыларға жаңа тақырыпты оқуды тапсырамын. Әр топқа бір түсті маркер және үлестірмелі ресурстар таратамын.

Оқушылар "Сымайыл" және "Зәмзәм суы" тақырыптарын оқып шығып, оқығандары бойынша топтастыру жасап, жұмыстарын топ ішінде айналдырады. Ең соңында топ ішінде баяндамашы өз тобының жұмысын танытырады.

"Ротация" әдісі

(жаңа тақырыпты меңгерту)

Бағалау бетшесіне топ басшысы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды.

 

7 мин

Оқушыларға тапсырманың бағытын түсіндіріп, топ ішінен тілші тағайындаймын.

 Оқушылар топ болып ақылдасып тілші  сайлап, ал кезбе тілші  өз тобының оқушыларынан интервью алып,  ауыл имамы Құраш Зинелұлына қояды

"Кезбе тілші"

/сұрақ- жауап кезеңі/

Бағалау бетшесіне топ басшысы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды.

 

 

2 мин

Оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастырамын

Оқушылар  қатарға тұрып, сергіту сәтіне белсене қатысады.

Сергіту сәті

 

 

 

Рефлексиялық кезең

7 мин

Оқушыларға  тапсырма беріп, қалай орындалуы жөнінде бағыт айтамын

 

"Шығармашылық шыңы"

І топ - ойтолғау

 

ІІ топ- ребус құрастыру

 

ІІІ топ-  сурет салу

Бағалау бетшесіне топ басшысы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды.

 

 

2 мин

Оқушыларға стикер таратып, бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс қалдыруын  айтамын.

 

Оқушылар сабақ бойынша  пікірлері мен ұсыныстарын  қолдарындағы  бағдаршамның 3 түсі арқылы білдіреді.

Жасыл түс-  түсіндім

Сары түс- орташа

Қызыл түс- түсініксіз.

 

 

«Бағдаршам»  әдісімен  кері байланыс

 

2 мин

Бағалау  парағы арқылы оқушылардың критерийлер бойынша бағалауынан қорытынды бағаны шығарамын.

 

Топ басшысы дискрипторлардағы ұпай санын қосып, топ мүшелерін бағалайды.

 

 

 

 

Үйге

 тапсырма

мин

 "Адамның жер бетінде жаралуы" тақырыбында мәліметтер іздестіру.

 

Сабақтан кейінгі рефлекция

 

Не сәтті өтті ? Неліктен?

 

Не сәтсіз өтті неліктен?

 

Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін не істеймін?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтыңтақырыбы: Зәмзәм

Білімділікмақсаты: исламдіні,имандылықжөніндебілімдерінкеңейту.

Бір- бірініңпікірінқұрметтейтінортанықалыптас-

тыру.Білім-білікдағдысынқалыптастыру.

Тәрбиелікмақсаты: имандылыққа,Алланытануға,исламшарттарын

білуге,адамгершілікке,сыйластыққа,елжандылыққа,

еңбексүйгіштіккетәрбиелеу.

Дамытушылықмақсаты: түсініпоқу,сөзастарынаүңіліп,мағынанытүсіну,

түйіндіойайтабілуге,өзіндікпікірқалыптастыруға

жетелеу.Ойларынеркінжеткізебілужәнеқиялын

дамыту.Шығармашылықізденісінарттыру.

Көрнекіліктер: интербелсендітақта,слайдсуреттер, «Зәмзәм»

интернетроликтері,үлестірмеліматериалдар.

Тақырыптыашуүшінпайдаланылатыноқытустратегиялары:

топтастыру,«Өрнекті ара», «Жинақтау»кестесі,

«Жұлдызды жауын» ойыны, «Жүйрік жады» ойыны,

«Таразылау»кестесі, «Шартараптан»ойыны.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,бейнелеу,тарих,математика.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.а).Оқушыларды түгелдеу.

ә).Зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.Сыныпты 4 топқа бөлу: «Иман», «Сенім»,

«Сабыр»,«Ақиқат».

Үйге «Сымайыл»әңгімесі берілген.Оқушылардан түсінігін сұрау.

Жоспары:

1.Ибраһим-Сара-Ажар арасы.

2.Ибраһим бала үшін Ажарға үйленуі

3.Өмірге бала келуі.

4.Қызғаныш.

5.Ибраһим Алланың әміріне бойсұнуы.

«Жұлдызды жауын»ойыны арқылы сұрақтар жаудыру.Интербелсенді тақтада біртіндеп жұлдыздар ашылып,сұрақтар шығады:

1.Алла кім?

2.Құранда неше сүре бар?

3.Адамды Алла қалай жаратты?

4.Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды?

5.Сымайыл өмірге қалай келді?

6.Сара қандай сезімде болды?

7.Ибраһим неге Сара өтінішін орындады?

Үй тапсырмасын қорыту.

ІІІ.Жаңа сабақ.Зәмзәм. «Өрнекті ара»әдісі бойынша жаңа тақырыпты оқушыларға бөліп беремін,сол бойынша түсінік шығады.Өзім толықтырып түсіндіремін. «Зәмзәм»жөнінде толық мәлімет беремін.

Жаңа сабақ жоспары:

1.Ибраһим Аллаға тәуекелін берік ұстауы.

2.Ажар тағдыр тауқыметіне сабырмен көнуі.

3.Бала шырылы.

4.Алланың шексіз мейірімі.

Сымайылдың өкшесінен су шығып жатқан Б.Байділдаевтың суретіне тоқталу. Оқушылардың ойын білу.

Сөздік: Зәмзәм – зәм-зәм(араб) –жиыл-жиыл,тоқта-тоқта.

Интербелсенді тақтада картадан және глобустан Мекке мен Мәдинаны көрсету.Мекке,Қағба және Зәмзәм суреттеріне шолу жасау.

Төрт топқа: «Жинақтау»кестесі.

Ибраһим

Сара

Ажар

Сымайыл

Пайғамбар.

Бала сүйді.

Алланың әмірін

орындады.

Шариғат заңымен

жүрді.

Аллаға шүкіршілік етті.

Ибраһим әйелі.

Бала көрмеді.

Қызғанды.

Қорланды.

Күйеуін үгіттеді.

Айтқанын орындатты.

Күң.Кейін

Ибраһим әйелі.

Ұлды болды.

Елсіз жерде қалды.

Қиналды.Алла шапағатын көрді.

Аллаға разылығын

жаудырды.

Бала.

Шөлдеді.

Шырылдады.

Әлі кетті.

Кенезесі кеуді.

Алла мейірімін көрді.

Суға қанды.

«Таразылау»кестесі:

Сара

Ажар

Әйел.

Бала көрмеді.

Қызғанышы өрттей жанды.

Қорланды.

Құсаланды.

Ажар мен баланы көргісі келмеді.

Айтқанын орындатты.

Әйел.Күң.Ана.

Балалы болды.

Қиыншылық көрді.

Ебелек ұшпас елсізде қалды.

Баласы үшін безеқтеді.

Алланың әміріне мойынсұнды.

Алланың шексіз мейіріміне бөленді.

«Жүйрік жады»ойыны:

1.Әңгіме кейіпкерлері:………………………………………………………………………..

2.Зәмзәм суы -………………………………………………………………………………………

3.Алла мейірімі:…………………………………………………………………………………..

4.Алла-…………………………………………………………………………………………………

Бес жолды өлең:

Зәмзәм

Қасиетті,мүбәрәк.

Шықты,ақты,қанды.

Жер бетіндегі сулардың қайырлысы.

Су.

Оқушылар шығармашылығы.Өз ойларын өлеңмен,қара сөзбен,т.б. беру.

IV.Қорытындылау.

«Шартараптан»ойыны(ғаламтордан сұрақтар келді):

1.Кейіпкер дегеніміз не?

2.Ертегінің түрлерін ата.

3.Адам ата мен Хауа ана тыйым салынған

жемісті жемегенде не болар еді?

4.Алланың шексіз құдіреттілігін қай жерінен байқадың?

5.Құран Кәрім кімнен,кімге, кім арқылы түсті?

4.Зәмзәм суы қайда екен?

Интербелсенді тақтадан «Зәмзәм» тақырыбында бейне көрініс(видеороликтер) көрсету.

V.Бағалау.Оқушыларды,белсенді топты бағалау,марапаттау

VI.Үйге тапсырма беру. «Зәмзәм»әңгімесі.Б.Байділдаевтың суретін салып келу.

қағба және Зәмзәм суы

    Қағбаның орны ұмытылған жылдардың бірінде Ибраһим алейһиссалам Хажар анамызбен ұлы Исмаилды алып, қазіргі Қағба тұрған жерге келеді.“Маған сендерді осы жерге қалдыруым бұйырылды” деп бұрылып кетеді. Хажар анамыз тәуекел етіп әмірге мойын иеді де “Раббым бізге жеткілікті!” дейді. Жандарында бір шөлмек су және 3-5 дана құрма бар еді. Оның үстіне Исмаил әлі нәресте еді. Хажар анамыз бір нәрсе табуға үміттеніп Сафа төбешігіне шығады. Бірде бір ағаш, қураған шөп те жоқ болады. Кейін Мәруа төбешігіне шығады.

    Қайтып келгенінде ұлын таппай қалады. Қатты абыржыған күйде қайтадан Сафа және Мәруа арасында ыстық күн астында 7 рет қиналып жүгіріп жүреді. Кейін тәтті дауыс естиді. Алдынан айдай жарқыраған Жәбрейiл алейһиссалам көрінеді. Осы таңданыста Хажар анамыз ұлын көреді. Сүйкімді сәбиінің аяқтарының астынан мөлдір су шығып жатқанын көріп, суды бір жерге жинағысы келеді. Бір жағынан судың айналасын бекітіп бір жағынан шөлмегін толтыруға тырысады. Мәнсіз абыржыған үнмен “Зәм” (тоқта) дейді. Тіпті “Зәм!.. Зәм!..” деп айқайлап жібереді. Жәбрейіл алейһиссалам күлімдейді. “Қоя бер, ақсын! Бұл су үнемі ағады, еш таусылмайды.” дейді.

    Бұл суға көшпенді тайпалардың назары ауады. Соңында Жүрхумилер Хажар анамыздан рұқсат алып, Қубайс тауының етегіне қоныстанады. Осылай қасиетті жер қалаға айналып аты Мекке деп аталады.

    Хадис шәрифтерде былай делінеді:

    “Қасиетті Зәмзәм суы мүбәрәк.”

    “Қасиетті Зәмзәм ішкенді тойғызады.”

    “Жер бетіндегі құдықтардың ең қайырлысы Зәмзәм құдығы.”

    “Қасиетті Зәмзәм қандай ниетпен ішілетін болса, шипасы сол үшін болады.”

    Зәмзәмді ішетін кезде қыблаға қарау керек. Бисмиллә айтып түрегеп тұрып және тойғанша ішу керек. Ішу кезінде үш рет дем алынады. Дұға ету керек және соңында шүкір ету керек. Зәмзәм суын ішіп айтылған дұға қабыл болады.

    Әр тауаф еткеннен кейін зәмзәм суын ішу мүстаһаб. Миллиондаған қажылар ішіп, жуынып, елдеріне алып кетеді. Су насостарымен күні-түні тартып жатқанымен бітпейді. Зәмзәмнің жер жүзіндегі сулардың ең нәзігі ең үстемі екендігі білдірілген.

Сабақтың тақырыбы: Зәмзәм
Сабақтың мақсаты: а) білімділік. Оқушыларды “Зәмзәм” әңгімесімен және оның тәрбиелік мәнімен таныстыру.
Ә) дамытушылық. Шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу.
Б) тәрбиелік. Адамгершілікке, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының әдістері, «Әдебиет үйірмесі»
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, аудиожазба
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту (Ой шақыру)
ІІ. Мағынаны тану
ІІІ. Толғаныс
ІҮ. Үйге тапсырма.
Ү. Бағалау (эксперттік топ)
Оқушылар төрт топқа бөлінеді:
1. Тарихшылар
2. Әдебиетшілер
3. Тілшілер
4. Суретшілер

Сабақтың барысы:
І. Ой шақыру
(Аудиожазба орындалады. Сұрақтар қойылады)
1. Бұл қандай шығарма?
2. Бұл шығарма қалай пайда болған?
3. Оның тәрбиелік мәні қандай?

Үй тапсырмасын сұрау:
“Сымайыл” әңгімесін баяндау
Венн диаграммасы. Дәстүр мен дінді салыстыру
Мағынаны тану
(Өз сөзіңмен жалғастыр)
І. Ажар тағдырдың басқа салғанына көніп, тап болған тауқыметке көнді...(азық, сусын, ішегі шұрылдады, ерні кезерді, баласы шырылдап безек қақты, омырауына қысты, көз жасы көл болды )
ІІ. Сонан Ажар баласын жерге қойды да, су іздеп шықты...(Сафа тауы, Марва тауы, баланың жылауға шамасы келмеді, бала бір аяғымен жерді түртіп қалды, бұлақ ақты.)
ІІІ. Баласы екеуіне Алланың жасаған рақымы... маңдайынан тер шықты, баласына су берді, өзі суға қанды, серги бастады, су - зәмзәм, қажыға барушылар, көтергендерінше алып қайтады.
Толғаныс.
1. Тарихшылар – қосымша тарихи дерек дайындау;
2. Әдебиетшілер – діни әңгімелердің тілдік ерекшеліктеріне тоқталу;
3. Тілшілер – сұхбат алу;
4. Суретшілер – салған суреттерін түсіндіру;
Үйге тапсырма:
1. “Зәмзәм” әңгімесін оқу;
2. Діннің шығу тарихы туралы мәлімет жинау.
Бағалау
Эксперттік топтың сараптамасы


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Tours you will never forget
АҒЫЛШЫН-АМЕРИКАН СӨЗ МӘНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
“To be’’ етістігінің қолданылуы.
Жасуша құрылысы және атқаратын қызметтері тарауына қорытынды
Семей көшелері
Саяси партиялар
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
Health
Table manners Ашық сабақтар
Table manners (Застольный этикет)
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3149 | Қосты: Қыстаубаева Назгул Тұрғанбайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык