Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үй жануарлары.


Үй жануарлары.

Үй жануарлары.

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың үй жануарлары туралы алған білімдерін тексеру, төлдерін атай білуге үйрету,

2. Тәрбиелік: Төрт түлік малдың пайдасын түсіне отырып, сыйлауға,құрметтеуге,бағалауға үйрету.

3. Дамытушылық: Грамматикалық тапсырмаларды орындай отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту, ауызша сауаттылығын арттыру, суретпен жұмыс арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын байыту, өзара қарым қатынасын жақсарту.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ 
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ – жауап, іздену, ойлау, топпен жұмыс, жеке жұмыс. 
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер,слайдтар,үй жануарлары бейнеленген карточкалар. 
Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру. 
- Күз айларын кім айтады? 
- Қазір қай ай? 
- Бүгін қарашаның нешесі? 
- Аптаның қай күні? 
- Ауа райы қандай? 
- Сыныпта кім кезекші? 
- Сыныпта кім жоқ? 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
Сөздерге көптік жалғауын жалғау керек. 
Тауыктар, балапандар, әтештер,қаздар, үйректер. 

ІІІ. Жаңа сабақ. 
-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- үй жануарлары. Үй жануарларының аттарын, олардың төлдерін, бізге берер пйдасымен танысамыз. 
1. Сөздікпен жұмыс. 
Түйе – верблюд 
Жылқы – лошадь 
Сиыр – корова 
Қой – овца 
Ешкі – коза 
Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша) 
М: ақ ешкі, қара сйыр, үлкен түйе т.б. 
- Ал , енді олардың төлдерімен таныс болайық. 
Бота – верблюжонок 
Құлын – жеребенок 
Бұзау – теленок 
Қозы – ягненок 
Лақ - козленок 
Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша) 
М: қоңыр қозы, ала бұзау, сүйкімді лақ. 
2.Мәтінмен жұмыс. 
Үй жануарларына түйе, жылқы,сиыр, қой, ешкі жатады. Олардың төлдері бар. Түйенің ботасы, жылқының құлыны, сиырдың бұзауы, қойдың қозысы, ешкінің лағы бар. Олар бізге ет, сүт, жүн береді. 
1.Мәтінді саралап оқыту. 
2. Мәтінді аудару. 
3. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді табу. 
Жануарларына, төлдері, олардың. 

Сергіту сәті. «Нөсер» 

ІҮ. Бекіту. 
1. Сөздерді сәйкестендір. 
Ақ түйе 
Бір құлын 
Қоңыр қой 
Үлкен сиыр 
Кішкентай бота 
2.Үй жануарларының төлдерін жазу. 
Сиырдың төлі – бұзау. 
Жылқының төлі – құлын. 
Түйенің төлі – бота. 
Қойдың төлі – қозы. 
Ешкінің төлі – лақ. 
3. Ойын ойнау. 
Сыныптағы балаларды үш топқа бөліп жарыстыру. Сурет арқылы үй жануарларының аттарын қайталау негізінде ойналады. Әр дұрыс жауапқа жұлдызша беріледі. 
4. Көптік жалғауын жалға. 
Құлын+дар 
Ешкі +лер 
Лақ+тар 
Қой+лар 

Ү. Қорытындылау. 
- Үй жануарларына нелер жатады? 
- Олардың төлдерін атап беріңдерші. 
- Олардың бізге берер пайдасы не? 
( Тақтаға шығып жазады) 

ҮІ. Үйге тапсырма беру. 

Жаңа сөздерді жаттау, 169 беттегі 3 – тапсырма. 

ҮІІ.Ой бөлісу. 
- Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсеріміз қандай? 
Көңіл-күйімізді дөңгелектерді бояу арқылы жеткіземіз.
ҮІІІ. Бағалау. 
Сабаққа белсене қатсқан балаларға жұлдызшалар таратылады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Төрт түлік.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Төрт түлік және оның төлдері.
Төрт түлік
Төрт түлік Үй жануарлары
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Жан – жануарлар және олардың төлдері
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 10697 | Қосты: Базарова Айнаш Қуанышпайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык