|
|
Біздің ту. 76-77-жаттығу
Тақырыбы : Біздің ту. 76-77-жаттығу
Мақсаты :
Білімділік :оқушылардың тасымал туралы білімдерін пысықтау.
Мемлекеттік белгілердің бірі – ту туралы түсінік беру,онымен
Таныстыру.Өлеңді мәнерлеп ,түсініп оқуға үйрету.Оқушыларға
мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін,оны ерекше
құрметпен мақтан тұту керектігін түсіндіру.
Дамытушылық:ой-өрісін кеңейту,сөздік қорын молайту.Дұрыс
тасымалдау дағдыларын ,жазу мәдениетін қалыптастыру .
Тәрбиелігі : Отанды сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы :интерактивті тақта,электронды оқулық,Ту
суреті, Шәкен Ниязбековтың суреті,
тест сұрақтары .
Әдісі : сұрақ –жауап,түсіндіру,көрнекілік,ойын,логикалық ойлау.
Типі: жаңа білім беру.
Пән аралық байланыс :математика пәнімен байланыстыру.
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру кезеңі :
а ) Психологиялық дайындық.
2.Үй тапсырмасын тексеру .
/ Интерактивті тақтадан Қазақстанның картасын көрсету /
«Қазақстан картасы »өлеңін мәнерлеп оқу. 75-жаттығуды тексеру.
3.Үй тапсырмасын бекіту.Интерактивті тақтамен жұмыс.
Тест арқылы ( 5 сұрақ )
1.Төмендегі сөздердің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?
А) жең-іл Б) же-ңіл В) жең-і-л
- Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап.
А) ке-зекші Б) кез-екші В) к-езекші
- Қазақстанның астанасы қай қала ?
А) Алматы Б) Шымкент В) Астана
- Қазақстан қай жылы Тәуелсіздік алды ?
А) 1991жылы 16 желтоқсан
Б) 1992жылы 16 желтоқсан
В) 1993жылы 16 желтоқсан
- Мемлекеттік рәміздерді ата.
А) Ту , Елтаңба ,жер.
Б) Ту , Елтаңба , Әнұран
В) Ту , Астана , Әнұран
4.Жаңа сабақ.
Ойын: « Сандарды өсу ретімен орналастыр »
2 3 5 7 8 9 9 8
Б і з д і ң т у
Интерактивті тақтадан тудың суретін , Тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбековтың суретін көрсетіп ,таныстыру , ту туралы түсінік беру.
Бүкіл дүниеге көк жүзі ,аспан әлемі ортақ.Аспанымыз ашық болсын деп туымыздың түсі көк.
Туда күннің болуы , күнде ортақ.Күн сәулесі бәріне нұрын шашады,сәулесін шашады. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ.
Қыран – қасиетті, киелі құс.Туда қыранның орын алуы егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын деген ойдан болған.
Тудағы қазақтың ою-өрнегі –қазақ елінің белгісі.
Оқушылар өз ойларын айтады.Туды қадірлеп .құрметтеуіміз керек.Туды қай жерлерден көресіңдер ?
Электронды оқулықпен жұмыс.
« Біздің ту » өлеңді мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіндіру.
Сергіту сәті.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп-түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
76-жаттығуды жазбаша орындау.
5. Сабақты бекіту.
Тест арқылы ( 3 сұрақ )
- Тасымалданбайтын сөзді тап.
А) орман Б) ту В) кітап
- Тасымалданатын сөзді тап.
А) ана Б) біздің В) жер
3.Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап.
А) ма - қтаншақ
Б) мақта - ншақ
В) мақтан – шақ
6. Үйге тапсырма.
« Біздің ту » өлеңді мәнерлеп оқу.77-жаттығу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |