Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жаңа технология бойынша оқушының оқу-зерттеу әрекетін ұйымдастыру


Жаңа технология бойынша оқушының оқу-зерттеу әрекетін ұйымдастыру

Жаңа технология бойынша оқушының оқу-зерттеу

әрекетін ұйымдастыру

Тақырыбы: Жаңа технология бойынша оқушының оқу-зерттеу әрекетін ұйымдастыру

Оқушылардың  танымдық іс-әрекетін дамыту, олардың жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруда оқу- зерттеу жұмыстарының маңызы зор. Көптеген зерттеулер оқу танымдық және ғылыми ізденістер жүйесі оқушының көзқарасын кеңейтуде, интелекті дамыту , әлеуметтік психологиялық сипаты мен жеке қасиеттерінің  дамуына елеулі әсер ететіні айтылған . Танымдық іс-әрекеттің  жоғары деңгейі ғылыми шығармашылыққа ұмтылу арқылы сипатталады. Өз бетімен білім алуға ұмтылу танымдық ізденімпаздықты қажет етеді.

      Оқушылардың зерттеу жұмыстары қарапайым бақылаудан басталып, эксперимент жүзінде ұласады. Ал, ғылыми бақылау кезінде оқушы фактілерді іріктеп қана қоймай, оның сапалық жағын іздеп, бақылау мақсатына сәйкестіріп, таңдап алады. Ғылыми бақылау қоршаған әлемнің енжар бейнесі емес, керісінше, мақсатқа бағытталған , ұйымдасқан процесс.

   Бақылау нәтижесінде қоршаған орта мен құбылыстар туралы дәл және обьективті ақпарат беріледі.. Ал эксперимент танымдық іс -әрекеттегі бақылау және басқару жағдайында құбылыстың зерттелуін қамтамасыз етеді. Оқу және ғылыми -зерттеу  жұмыстары мәселесі бойынша талдау жасай отырып, мынадай ерекшеліктерін анықтадық.

     Жаңа технология бойынша оқушының зерттеу әрекетін ұйымдастыруда күтілетін нәтижелер:

      оқушының теориялық білім деңгейін арттырады;

      теориялық білім практикада қолдану дағдыларын бекітеді;

      оқушының өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады;

      оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының қалыптасуына әсер етеді.

      зерттеу нәтижелерін обьективті бағалауға тәрбиелейді;

      озат тәжірибелерді жалпылауға үйретеді;

      талдай білуге және күтпеген жағдайлардан шығуда жол таба білуге үйретеді;

пәнге, ғылыми ізденуге қызығушылығын үйретеді;

      оқушының жеке ішкі  қабілетін ашады сөйлеу мәдениетін дамытады;

      Оқушының пәнде оқытылатын материалдарды меңгеруге арналған типтік есептеулер деп аталатын арнайы құрылған есептерді орындау, сонымен қатар рефераттар жазуды оқушылардың зерттеу жұмысына жатқызуға болады. Сабақтан тыс оқу залдарында, компьютерлік кластарда, үйде орындайтын танымдық тапсырмалары оқулықтар мен құралдарды,  ғылыми және мерзімдік басылымдарды пайдаланса, онда ол дербес таңдау жасағаны.

     Оқушылардың өз бетімен білім алуын оқу үрдісінің міндетті бір бөлігі ретінде қарауға болады. Ол оқушының өз бетімен білім алуға ұмтылысы , оның нақты бір оқу пәніне деген ерекше ынтасымен байланысты.

Менің сыныбымда мұндай ізденімпаздығымен ерекшеленіп, зерттеу жұмысына икемділік көрсеткен оқушылар саны аз емес. Мысалы: Тиыштық Б, Қамбаров Б, Жетпісбаев Д математика сабағында оқушының танымдық, логикалық және ой - өрісін дамытуға арналған тапсырмаларды қызыға, құлшына орындаса, Ұзақова А, Рустемова Н, Тоқтаров Аслан мазмұны тақырыбына сай, көлемді рефераттар жазғанды ұнатады. Мейірманова Томирис ізденімпаздығымен ерекшеленіп зерттеу жұмысына деген ынтасын көрсетті. Қазіргі кезде осындай тақырып бойынша менің бақылауыммен зерттеу жұмысын жүргізуде.

Ғылыми жұмыстардың  негізгі мақсаты:   Нақты өндірістік, ғылыми және басқа міндеттерді шешуге бағытталған мамандық бойынша теориялық білімдерін жүйелеу, бекіту, кеңейту, сонымен қатар өз бетінше жұмыс дағдысын зерттеу, эксперимент жүргізу. Ғылыми мәтінге оқушының қызығушылық танытуы оның танымдық мазмұны мен тәжірибесіне байланысты. Проблема неғұрлым оқушыға таныс болған сайын мәтін оны қызықтыра түседі.Оқу және ғылыми әдебиеттердегі мәтінмен жұмыс істеу тәсілдеріне мыналарды жатқызуға болады:

      объектінің басқа заттармен байланысын анықтау;

      объектіні тану, сипаттау;

      негізгісін бөліп көрсету;

      өз бетімен теориялар мен теоремаларды негіздеу;

      объектілерді топтау, , жүйелеу;

      белгілі бір тәртіп бойынша жоспар конспект, тезис құрастыру;

      объектіні түрлі жағдайда көре білу;

      схема, диаграмма, сурет, кестелер құрастыру;

      мәтін бойынша сұрақтарды құрастыру;

      ауызша және жазбаша түрде оқығанын баяндау, өзі мысал келтіру;

      сынау, бағалау, өз көзқарасын білдіру;

      стандартты емес тапсырмаларды шешу;

      білімді жаңа жағдайда пайдалану;

       Сонымен, оқушылардың оқу- зерттеу жұмыстары- олардың ізденімпаздығын қалыптастырудың маңызды жолдарының бірі, оқушының жеке тұлғасын жан- жақты жетілдіріп танымдық біліктерін қалыптастырудың міндетті шарты және құралы болып табылады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА БАУЛУ
Дарынды балалармен жұмыс бағыттары.
Жоспарлау әдісі туралы түсінік
ОҚУШЫНЫ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРҒА БАУЛУ
Тарих сабағындығы ғылыми-зерттеу жұмысының орны
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика курсы
Дарынды оқушылармен ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Дарынды оқушылармен ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3559 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык