Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу.


Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу.

          Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша

көбейту және бөлу.

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу.

Сабақтың мақсаты:1)Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайыңда түсінік беру.

2)Есептеу, есте сақтау қабілетін ой-өрісін,өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту.Ұқыпты,ретті жазу дағдысын  қалыптастыру.

3)Адамгершіліке,достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Альтернативті сабақ.

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік,проблемалық;

П\б: Ана тілі,қазақ тілі,еңбекке баулу,дүниетану

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,жауқазын гүлі,слайдтар

Сабақтың барысы:                              І Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сабаққа назарын аудару.

- Балалар қазір математика сабағы.Сабаққа керекті құрал жабдықтарыңды алып,оқушы ережесіне сай түзу отырамыз.Бүгін бізде ерекше сабақ. Сендердің білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр.Сабақта алаңдамай,еркін еңбек етіңдер.Өз ойларыңды қысылмай,ашық айтыңдар.Мен сендерге тек қана сәттілік тілеймін.

2.Психологиялық дайындық

(Шаттық шеңбер құру арқылы бір-бірлеріне тілек айту)

   Математика керек әр күнге,

   Математика қажет өмірде.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

   -Үйге қандай тапсырма берілді?

№6 (Бірнеше бала оқиды,қалған оқушылар тексереді)

4.Өткенді қайталау

  Тест әдісі

1.Өрнек түрінде жаз: х пен 7-нің көбейтіндісіне 630-дың 7-ге бөліндісін қос.

а)  х*7-630*7

ә) х*7+630:7

б !х*7+630-7

2.Күрделі теңдеуді тап.

а) х+5=15*2

ә) х-10=30

б) 10+5=15

3.Амалды орындап өрнектің мәнін тап:        15:3+20

а) 35

ә) 13

б) 25

4. Қабырғалары 4 см,5 см,7 см үшбұрыштың периметрін тап.

а) 2 см

ә) 15см                б) 16 см

                                                     ІІ Жаңа сабақ

Балалар мен бүгін үстелдің үстінен хат тауып алдым.Ол сендерге арналған ішінде бірдеңе бар сияқты.Мынау гүлдің бөлшектері ғой.(Оқушыларға көрсету)

-Ендеше хатты оқиық.Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен сіздің сыныпқа үлкен өтінішпен келдім.Маған сіздердің көмектеріңіз керек.Мен де сендер сияқты есептеу мен санауды үйренгім келеді.Мен жер бетіне құлпырып шыққым келеді.Маған көмектесіңіздерші.

-Мені қандай гүл деп ойлайсыздар? Көктемде алғаш күн күркірегеннен кейінгі шығатын қандай гүл? Жауқазын (балалардың жауабы)

-Ендеше біз жауқазын гүлінің жер бетіне шығуына көмектесейік.

Жауқазынның І тапсырмасы: Жаңа сабақты түсіндіру

       Бүгінгі біздің тақырыбымыз үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу.Сабағымыздың мақсаты: Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайыңда түсінік беру.Есептеу, есте сақтау қабілетін ой-өрісін,өз бетінше

тапсырма орындау қабілетін дамыту.Ұқыпты,ретті жазу дағдысын  қалыптастыру.

Мұғалім: Жауқазынға көмектесу үшін әуелі өзіміздің білімімізді тексеріп алуымыз керек.жаңа сабақты бастамас бұрын көбейту кестесін еске түсірейік.

1*2=2     2:2=1

2*2=4     6:2=3

3*2=6     8:2=4

4*2=8

Көбейту кестесін еске түсірсек мына өрнекті оқиық

134 *2                                    268:2

1)134 санының бірлігін,ондығын және жүздігін атау

1 жүзд.-100

3 онд.-30

4 бірл.-4

Осылардың әрқайсысын 2-ге көбейтеміз 100*2=200        30*2 =60            4*2 =8

Толымсыз көбейтінділердің мәндерін табамыз.

200+60+8=268

Енді осы өрнекті баған түрінде есептейік.

*134              1-бірлігіне көбейтеміз

      2              2-ондығын көбейтеміз

  268              3-жүздігіне көбейтеміз

268*2 (шыққан санды 2-ге бөлейік)

268 санының жүздігін,ондығын,бірлігін атайық

2 жүзд.-200

6 онд.-60

8 бірл.-8 Неше толымсыз бөлінгіш шығарып алдық? (3) Осылардың әрқайсысын 2-ге бөлеміз.

200:2=100

60:2=30

8:2=4

 

Бөлінділердің мәндерін табайық.

100+30+4=134

Баған түрінде бөліп көрейік.

268 2                     1-жүздігін бөлеміз

2     134                 2-ондығын бөлеміз

  6                          3-бірлігін бөлеміз

  6

     8

     8

     0

ә) 3 оқушы тақтаға шығарады

134*2              241*2        639:3        963:3

 

Міне,балалар жауқазынның бірінші тапсырмасын орындадық.Жер бетіне жауқазынның несі

шығады? (сабағы) тақтаға ілу

Жауқазынның ІІ тапсырмасы: Оқулықпен жұмыс №2

1)есептің шартын оқимыз

2)есепті талдау

3)қысқаша шартын жазу

4)шешуін,жауабын жазу               Енді осы есепке кері есеп құрастырайық.

І кітапта-138 бет                                  ------? 2 есе кем

ІІ кітапта ? 2есе артық                        ------ ? 3 есе артық

ІІІ кітапта ? 3 есе кем                           -------92 бет

Ш:1)138*2=276                                       1)92*3=276

     2)276:3=92                                          2)276:2=138

Ж:92 бет бар                                          138 бет

Жауқазынның 2 тапсырмасын орындадық.Сабақтан кейін не шығады?(жапырақ)

ІІІ.Сергіту сәті

-Балалар енді  бойымызды сергіту үшін   Ойна да ойла!ойынын ойнайық.

Жауқазынның ІІІ тапсырмасы:  Деңгейлік тапсырмалар

-Дұрыс міне барлығымыз тапсырманы орындап болсақ сабақтан кейін не шығады?

-Өскін немесе гүл шанақ(ашылмаған гүл) өседі.

Жауқазынның ІY тапсырмасы:   №5 мысалды шығару

-Көпбұрыш неше тік төртбұрыштан құралған?

-Дұрыс, 2 тік төртбұрыштан құралған.Енді осы көпбұрыштың периметрін және ауданын табайық.

АЕКДОВ көпбұрышы

-Периметрді қалай табамыз, қане кім айтады?

Р=А+Е+К+Д+О+В

Р=3+4+2+2+1+6=18см

S=а*в

S=4*3=12см2         S=2*1=2см2                  S= 14 см2   

-Міне  балалар жауқазынның барлық тапсырмасын орындадық.Енді осы жауқазын жайында не

білеміз? 1-сыныпта өткен өлеңді еске түсірейікші.

ІY.Бекіту

-Сонымен балалар біз қандай тақырыппен таныстық?

   - Дұрыс,үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тақырыбымен таныстық.Өз білім деңгейіміміздің қаншалықты екенін көрсеттік.

Бүгінгі сабақтан біз не білдік?

-Есеп шығаруды;

-Мысалдар шығаруды;

-Деңгейлік тапсырмалар орындауды;

-Фигуралардың периметрін,ауданын табуды;

-Ондық,бірлік,жүздіктерді ажыратуды білдік;

- Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлудің тәсілдерін үйрендік.

                                        Y.Үйге тапсырма

№6,7 166-бет

                                       YІ.Бағалау

Рефлексия.

-Балалар бүгінгі сабағымыз ұнады ма?Несімен ұнады? (әр бала өз ойларын айтады)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қайталау
Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу тәсілін пысықтау
Бөлудің жазбаша тәсілдері. Өткенді пысықтау.
Көбейтудің жазбаша тәсілдері. Жазбаша көбейту алгоритмі. 43х3, 143х3
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу. Өткенді пысықтау.
Пысықтау Көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу
Ауызша көбейту және бөлу. 32· 5 және 160:5
Үш таңбалы санды, бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Қысқаша көбейту әдістері
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 9705 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык