Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » М. Дулатов « Қыс»


М. Дулатов « Қыс»

 М. Дулатов  « Қыс»

Сабақтың  тақырыбы:  М. Дулатов  « Қыс»

Сабақтың  мақсаты:  1. Оқушыларға  қыс  мезгіліндегі  жан-жануарлардың   тыныс  тіршілігімен  терең  түсіндіру.

                                        2.  Қыс  мезгілінің  табиғи   ерекшеліктерін        

                                             меңгерту

                                   3. Табиғатқа,  қоршаған  ортаға  деген     сүйіспеншілігін   арттыру.

 Сабақтың  әдіс-тәсілі:  Түсіндіру,  әңгімелеу,  тәй-тәй  бағдарламасы.

Сабақтың  көрнекілігі:  Слайдтар,  түрлі  түсті  суреттер

Сабақтың  пәнаралық  байланысы:  Дүниетану,  бейнелеу,  еңбекке  баулу,  дене      шынықтыру

Сабақтың   түрі:  Жаңа  сабақ

Сабақтың  құрылымы  мен  мазмұны:

1.  Бағдарлау  мотивациялық  кезең.  10  минут.

А)  Ұйымдастыру. Психологиялық  дайындық. 

- Сендермен  қысқы  орманға  серуенге  шығамыз. Орманда  аңдар  көп.  Олар  бізді  жақсы  қарсы  алмақшы.  Дегенмен  өз  тапсырмаларын  береді. Аспан ақ  күмісін  бізге  төгеді.  Табиғат  ананың  жомарттығын  біз  өз  білімдерімізбен  жақсы  қабылдайық.  Сондықтан  бізге  табиғат  ананың  беретін  бағасы  қар  ұлпалары. 

 Ә)  Үй  тпасырмасын  тексеру.  Аюдың  тапсырмасы.

1.  Бердібек  Соқпақбаевтың  «Шынықсын  денеміз»  өлеңін  жатқа  айтқызу.

2.  Қыс  туралы  жазған  шығармаларын  оқыту  және  салған  суреттерін  әңгімелету.

2.   Операциялық -  орындаушылық  кезеңі.  20  минут.

А)  Жаңа  тақырыпты  түсіндіру.  Автор  туралы  мәлімет. 

Әңгімені  оқып,  мазмұнын  түсіндіру.

Сергіту  сәті.  «Шырша  безеу»  ойыны. Қоянның  тапсырмасы.

1.  Әңгіме  не  жөнінде ?

2.  Әңгімеде  қыс  мезгілі  екенін  неден  байқадың?

3.  Қоян  қайда  келе  жатты?

4.  Жолда  ол  бірінші  нені  кездестерді?

5.  Жүкшілер  не  жөнінде  әңгімелесті?

6.  Қоян  қырманға  қай  кезде  келіп  жетті?

7.  Ол  ініне  қай  уақытта  қайтты?

8.  М.  Дулатовтың  тағы  қандай  әңгімелерін  оқыдыңдар?

Ә)  Орталықтармен  жұмыс. 

Оқу  орталығы. «Аң  патшасы  арыстан»  өз  тапсырмасын  береді.

1.  Әңгімені  оқып,  мазмұнын  айтып  беру.

2.  М.  Дулатовтың  «Қыс»  әңгімесі  бойынша  түсініктерін  әңгімелету.

Жазу  ортылығы.  Түлкінің    тапсырмасы.

1.  Әңгімедегі  қоянның  іс-әрекетін  сипаттап  жазу.

2.  Қыстағы   аңдардың  тіршілігі  туралы  өз  пікірлерін  жазу. 

3.  Қыс  туралы  мақал - мәтел  жазу.

Өнер  орталығы.  Жолбарыстың  тапсырмасы.

1.  Аңдардың  қысқы  тыныс  тіршілігі  жайында  суреттер  салу 

2. Аңдар  бейнесін  ермексаздан  жасау.

Математика  орталығы.  Қасқырдың  тапсырмасы.

1.  Шыңғыстың  500  теңгесі  бар  еді.  Ол  әрқайсысы  200  теңге  тұратын   2  қоян  сатып  алды.  Оның  қанша  ақшасы  қалды?

2.  Жолбарыс  300  кг  тартады.  Ал  аю  болса  одан  56  кг  кем.  Аюдың  салмағын  тап.

3.    Ормандағы  аңдардың  сайысында  қасқыр  үшінші  келді.  Бас  жүлдені   жолбарыс  та  ала  алмады.  Жүлдеге  ие  болған  сұр  көжектің  анасы.  Жүлделі  орын  алған  аңдарды  ата.

Б)  Қосымша  тапсырмалар.  Суреттер  бойынша  ауызша  әңгімелер  құрастыру.

3.   Рефлексиялық  бағалау  кезеңі.  10  минут.

А)  Орталықтардың  жауаптарын  тыңдау. 

Ә)  Жауаптарды  толықтыру.  

Б)    Берген  жауаптарды  бағалау.

Үй  тапсырмасын  беру.  5  минут.

1-  деңгей.  Әңгімені  оқып  келу.

2- деңгей.  Мәтін  мазмұны  бойынша  мазмұндама  жазу.

3-  деңгей.  Қыс  туралы  4  жол   өлең  құрастыру.

 Сабақты  қорытындылау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ойлан,тап
Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
«Қыс» Міржақып Дулатов.
Жабайы аңдар
Ээ дыбысы мен әрпі
Аңдар Етістіктер
Ә ә дыбысы мен әрпі
Қоян
К дыбысы мен әрпі
Аңдар
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2569 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык