|
|
Халықтық педагогика идеяларын математика
сабағында қолдану арқылы ұлттық
құндылықтарымызды бала бойны сіңіру
Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру, бұл – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын.Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін:бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді.
Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?
Халық педагогикасы ежелден халықпен бірге жасасып келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын қалыптастыру үшін қазақ халық педагогикасы идеяларын ұтымды қолданудың маңызы зор. Мысалы:
- Ауыз әдебиетіндегі аңыз әңгімелер, ертегілер;
- Санамақтар, жұмбақтар;
- Мақал-мәтелдер;
- Ұлттық ойындар;
- Қазақтың қара есептері;
- Төрт түлік туралы өлеңдер мен тақпақтар.
Бала дүниетанымы еліктегіш, сенгіш келетіндіктен, математика сабағында ұлттық құндылықтарымызды ұтымды қолдану арқылы бала бойында ұлтымызға ғана тән терең ойлау,шебер сөйлеу дағдыларын дамыту бүгнгі таңда жүрегі ұлтым деп соққан әрбір мұғалімнің міндеті.
Мысалы оқушылардың математикаға қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыру бала бойына руханилықты дарытудың негізі болып табылады. Математика сабақтарында халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт–дәстүрлерінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, ұлттық табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерін тиімді қамтып отыру, математикалық білімнің өзіне тән: ақыл алғырлығы, зерттеу ынталылығы, заңдылықтарды табуға қызығушылығы, логикалық ойлау арқылы дәлелдей білуі ой тұжырымы арқылы іске асырылады.
Осы арқылы бала бойында математикалық ілім–білімге тән ынталылық, қызығушылық, логикалық ойлай білу, ықшамдылық, сапалылық, үнемшілдік қалыптасады.
Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен ұштастыруына мүмкіндік туғызады. Ойын есептеріоқушының ой-өрісін, ізденімпаздығын дамытуға арналған логикалық есептер қарастырылған. Логикалық есептер оқушының тереңнен ойлау қабілетін, шығармашылығын дамытып, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.
«Қораға қамалған қой» есебі.
99 қой 15 қораға қамалған. Неліктен ең болмағанда қораның біреуінде қойдың саны тақ болады? Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.
Жауабы. Егер әрбір қорада жұтан қой қамалса, онда олардың қосындысы жүл сан болады. Ал 99-тақ сан. Демек, ең болмағанда қораның біреуіне тақ санды қой қамасақ, қана, тақ сан шығады.
Он құмалақ.
Он құмалақты суреттегідей төмен қараған үшкіл ретінде орналастырайық. Үш құмалақты қозғап, үшкілді жоғары қарату керек. (1-сурет) Ойланбаса ми сасиды, Қозғалмаса су сасиды
Бесжұлдыз.
Қамауға алынған мүсәпірге сүлтан бір есеп берді.- Егер шешсең босатам да, шеше алмасаң басыңды алам, -деп үкім шығарды. Сұлтан талабы:-Мына бес таяқшаны көзіңше жартылай сындырамын да, суреттегідей қоямын. Қолмен қозғамай, осыдан бесжұлдыз жасасаң бас бостандығыңды аласың, -деді Найранбаз. -Әрі ойланып, бері ойланып көз жасы көл болған мүсәпір бесжұлдыз құрастырды. Қалай?
Әрине бұл жерде балалардан тапқырлық талап етіледі. Оқушы қисынды ойлауға үйренеді.Есептер оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіретін, ойлауға жетелейтін болғаны дұрыс. Есептер зерделілікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа баулуға бағытталады. Қызықты есептер өлең, ермек, әзіл түрінде жазылуы мүмкін.
Өлең есепте өлеңді жазу заңдылығын пайдалана отырып, математикалық есеп құрастырылады. Онда не белгілі, не белгісіз екені айтылады. Олар есепті шешуде байланыстырылады, табылған жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Кейде есепті өлең түрінде тұжырымдау, оқушыны әдеттегіден тыс күйге түсіріп, өзіне баурап алады. Өлең есеп оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілік қасиеттерге, математикалық заңдылықты байқауға, тыңдай білуге, негізгіні қосымшадан ажырата білуге тәрбиелейді.Мысалы:
«Бәрін бірге ойлап қой» есебі.
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос-қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
Бұл есеп Қырық бір түйір құмалақ, өтірік айтпай, шынын айт, - түйіндеуімен бітеді де қазақ даласында да құмалақшының да өз есебі бар екендігі, оның құрмет пен сенімге ие болғанына құмалақшы да бірлікке шақырғанына күмәнданбаймыз. Жауабы: 19 бас мал.
Әзіл есептер өлең түрінде де, қара сөз түрінде де кездеседі. Есеп шарты дұрыс берілгенімен, қорытындысы әзіл түрінде ұшқары айтылады. Алайда есеп дұрыс есеп болғандықтан, оның астарлы сыры болады. Сондықтан жауап тез талап етіледі. Соңынан жауапты талдап, жауаптың дұрыстығын дәлелдеу керек. Мысалы:
«Ескісіз жаңа болмайды» есебі.
Екі сегіз - он алты. Және сегіз және алты. Жандап жүрген бір алты. Барлығы қанша?
Ескісіз жаңа болмайды,
Есепсіз дана болмайды. Бүл есептің ауызша айтқанда жауабы түрліше болады, себебі екпінді түрліше түсіруге болады.Жазбаша келтірілген есеп соның бір жағдайы ғана, яғни
1) 2*8+8+6+6 =36. Бұдан басқа есептің бірінші буынында мынандай жағдай болуы мүмкін:
2) 2+8+10+6= 26, демек 26+8+6+6= 46;
3) 2+8+16= 26, демек 26+8+6+6 =46;
4) 2*8+10+6= 32, демек 32+8+6+6= 52;
5) 2*8+16 =32, демек 32+8+6+6= 52;
6) 2+80+6 =88, демек 88+8+6+6= 108.
Бүл қарастырғанымыз есептің бірінші буыны өзгеріп, екінші және үшінші буыны өзгермегендегі жағдайлар. Есептің бірінші және үшінші буыны өзгеретін болса не болады?Үшінші буында екі жағдай болады:
7) бір алты, демек 6, мұны талдадық.
8) Бір және алты, демек 7.
Сегізінші жағдайды бірінші буыннан шыққан алты жағдаймен әрекеттестіреміз. Сөйтіп мына жауаптарды аламыз:
1) 2*8+8+6+7 =37,
2) 26+8+6+7 =47,
3) 32+8+6+7 =53,
4) 88+8+6+7 =109.
Сонымен, есептің бірінші және үшінші буындарының өзгерісіне сай мына жауаптарды аламыз: 36, 46, 52, 108, 37, 47, 53, 109.
«Үнді шәйі» есебі.
Сәске кез болатын. Анам кесеге шәйді толтырып қоя салды. Кенже інім қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды. Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың?
Бұта түбі кеуегі,
Кеуегінде көжегі.
Бұлай деп айтуы есепті шешуге болатындығын, әрі ол өзіне таныс нәрседен басталады дегенге тіреледі.
Жауабы: қант құрғақ шай үстіне түсті.
Қазақ халқының өлшемдерді пайдаланған ауызша есептерін қарастырайық.
Алтын айқабақ
Той сән- салтанаттың бірі- жамбы ату, айқабақ ілу, жаяу жарыс, күрес. 10 құлащтық діңгектің басына алтын айқабақ ілінген. Біріншісі- 8 құлашта, екіншісі- 9 құлашта, үшіншісі- ең төбесінде. Жалаңаяқталған жігіттер діңгекпен өрмелеп барып, алтын теңгелерді – айқабақты алуы тиіс. Кім оған жетсе – алтын айқабақ соныкі. төмен сырғып түссе, екінші жігіт 1,5 құлаш демалыссыз алға өрмелеп, 1,5 қарыс кейін түссе, үшінші жігіт 2,5 құлаш жоғары өрмелеп, 2,5 құлаш төмен сырғыса, әрбір жігіт неше дем алғаннан кейін алтын айқабаққа жетеді?
1 құлаш = 8 қарыс
Жылқыға жем беру
Егерде бірінші жігіт 2 құлаш өрмелеп, 2 қарыс
Біреу алты жылқысына күн сайын он қадақ сұлы беріп жүреді. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді: биеге – үш қадақ, құнандарына – екі қадақтан, ал тай басына бір қадақтан жем береді.
Мал иесі үйіне алыстан келіп, қонақ болып отырған жекжатына әңгіме арасында өзінің осы тіршілігін айтып қалады.
«Сонда бие нешеу, құнан нешеу, тай нешеу болғаны?»
- деп, қонақ жылқы санын іштей есептеуге көшті.
Шөп.
Үйде 40 қой, екі құлынды бие, 4 бұзаулы сиыр бар болатын. Бір күнде 10 қойға 1 тай шөп, 1 құлынды биеге 1 тай шөп, екі бұзаулы сиырға 3 тай шөп бкріледі. 9 күнде бір тай шөп рәсуа болып тапталып қалады.
Қазақша жыл санау дәстүрі қазақ халқының күнтізбесі,аспан денелерімен уақытты, жыл мезгілдерін анықтаудағы халықтық тәжірибе туралы мағлұмат беріледі.Қазақтарда хайуанататауы бойынша адамның туған жылы белгілі болғанда жасын табуға және жасы белгілі
болғанда,туған жылын анықтауға арналған есептер бар.
«Жыл қайыру» есебі.
- Нешедесің?- деді ақсақалға жігіт ағасы
. -4 жылқы, тоқтымын, - деді Тәттімбет күйші.
Тәттімбет неше жаста? Дананың сөзі асыл тас.
Жауабы.Тәттімбет 4 жылқы деу арқылы өзіне төрт мүшел толғандығын айтты және тоқты деу арқылы 2 жас қос деді, яғни 49+2=51.
Ертегі есептерге келетін болсақ: Ертегі есептер десек те олардың ой орамы, түйіні - шындыққа жүгінеді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар дегенді ескерсек, ертегі есептердің көбінің бір-ақ жауабы бар. Есеп шығарғанда бірден осыған көңіл аударып, басты мәселені ажыратып алған жөн. Ертегі есептерге мысалдар қарастырайық.
«Жүз қаз» есебі.
Келеді үшып бір топ қаз,
Суалып көлі болып саз.
Ескі жерге оралмақ,
Мүны білмей жалғыз қаз.
Есенсіз бе, жүз қаз,
Деді келіп бір қаз.
Мойнын бұрып бастаушы,
Білдірді оған былай наз.
- Топқа тағы осындай
Жетпей түр ғой қосылмай.
Оның және ширегі,
Болсын жарты керегі.
Өзің жалғыз кезіккен,
Қосыларын сезіп пе ем?!
Бәрін бірге жинайық,
«Жүз» атауын сайлайық,
Қанша едік баста біз?
Деп Сізді де қинайық.
Жауабы: 36 қаз.
Халқымыздың асыл қазынасын сабақта тиімді пайдалану, оқушыларды өз ұлтын сүюге оның салт – дәстүрлері мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретері сөзсіз.
Ғалым әрі ұстаз С.Елубаев мынандай тұжырым жасайды: «Әртүрлі есептерді пайдалану оқушылардың жас шамасына шақталып оқушыны жасытпай , қайта жігерлендіретін, ықыласын арттырады. Қызықты есептер, математикалық өлең, әзіл ертегі , тақпақ , жаңылтпаш тапқырлықты талап етеді. Логикалық есептер кеңірек ойлануды қажет етеді. Оны шешу қатаң дәлелге сүйенеді. Тақпақ- есеп арқылы математиканың өмірден алатын орнын, қоғамды дамытудағы рөлін сипаттаймыз . Мұндай есеп оқушыларды ұйымшылдыққа, ұстамдылыққа, адамгершілік қасиетке, математиканы құрметтеуге, адал еңбекті бағалауға , достыққа тәрбиелейді».
Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып табылады.Ол сандаған ұрпақтың керегіне жарап,оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Қазақ халқы өмірге дені сау, шыныққан, әділетті, өнерлі, елін, жерін сүйетін азаматтарын тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына таусылмас мұра қалдырған. Оқушыларды қазақ халқы педагогикасы негізінде ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, эстетикалық талғамы жоғары, ар-ожданы мол, еңбекқор етіп тәрбиелеу басты мақсатымыз болып табылады.
Бүгінгі таңдағы біздің міндетіміз ұлттық дәстүрдің аясын тарылтпай, халық педагогикасы негізінде, ұлттық құндылықтарымызды пайдалану арқылы, жаңа әдістермен толықтыра отырып, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, эстетикалық талғамы жоғары, ар-ожданы мол, еңбекқор жас ұрпақты тәрбиелеу, олардың әдепті, әдемі, сұлу, білімді болып өсуіне мүмкіндік жасау.
Яғни,өзіміз не үйретсек, соның жемісін көреміз, сол үшін береріміздің мәні мен маңызы зор болуға тиісті.
Әдебиеттер
1. Қазақтың байырғы қара есептері.С.Елубаев-Алматы 1996
2. Қырық қазына.Ә.Доспамбетов-Алматы 1997
3 Қазақ халқының салт-дәстүрі.С.Қалие,М.Оразаев-Алматы 1994.
4. .Дүние өлшеммен жасалған.Ғ.Ақпанбет.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |