Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мезгіл бағыныңқы сабақтас


Мезгіл бағыныңқы сабақтас

  Мезгіл бағыныңқы сабақтас

Сабақтың тақырыбы:   Мезгіл бағыныңқы сабақтас

Сабақ мақсаты: Мезгіл бағыныңқы сабақтас   туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін арттыра отырып, негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету7

Міндеттер:   Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіру.

Сабақтың түрі:    Жаңа сабақ.     

Құралдар:  оқулық, А-3, маркер,қарындаш,өшіргіш,интербелсенді тақта,

4 ноутбук, стикер, қазақ тілінің зерттеулеріне байланысты кітаптар.

Әдіс-тәсілдер:     топтастыру,  сатылай дамыта оқыту

Оқыту нәтижесі:  Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемдерді меңгереді.  Қандай мақсатта қолдануды біледі.

Сілтеме:  8 сынып . Қазақ тілі С.Аманжолов, А.Аманжолов, Г.Қосымова Мектеп -2012. «Қазіргі қазақ әдеби тілі» М.Серғалиев,А.Айғабылов, О.Күлкенова. Оқушы анықтамасы. «Арман-ПВ»,2005ж., Ш.Бектұров,Қазақ тілі «Атамұра»,2006ж.

 

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1 мин.

Сәлематсіздер ме? Оқушыларды сабаққа жұмылдыру. 1,2 реттік саны бойынша 2 топқа бөлу.

(Сабақ кезеңдері көрсе-тілген бағалау парақтары таратылады).

Оқушылар сабаққа дайындалады.

2 топқа  бөлініп отырады.

 

(Оқушылар топ спикерін сайлап, әр кезеңде өздерін  ақылдаса отырып бағалайды).

(ОүБ ж/е ОБ,ОБ ж/е К)

Білу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 2 топқа  үлестірме

қағаздар тарату.

 Тапсырма: 2 топқа да бірдей сөйлемдер берілген. Сөйлемдерді мұқият оқып, сөйлемнің түрін анықтаңдар. Абай үйге кіргенде, Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді.Еселі далаға шықса, таң құланиектеніп атып келеді екен. (М.Ә.)

  1. Сабақтас құрма-

лас сөйлемнің қай түрі?

3.Жақсы.

  1. 2 жай сөйлемнен тұрған сабақтас құрмалас сөйлем.

 

 

 

 

  1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Себебі, бірінші сөйлемде бір мезгіл ішінде болған әрекеттер баяндалса, екінші сөйлемде  бір уақыт ішінде байқалған, көрініп  тұрған жайттардан мәлімет беріледі.

 

(сто, ОүБОБ, көшбасшылық)

Түсіну

6 мин.

1.Оқулықтың  136 - бетінде берілген ғылыми малұматты меңгеріп,мезгіл бағыныңқы-лы сабақтас сөйлемнің жасалу жолын, қандай сұрақтарға жауап беретінін меңгеріңдер.

 

Ә)Интербелсенді тақтада кесте толтыру

2. Ғылыми мағлұматқа жүгініңдер.

1

 

 

 

 

 

Мен айт

-ғанда,-генде,

-қанда, -кенде

ол жазды.

2

(-ғанға,-генге,

-қанға,-кенге)

 + дейін,шейін

ол жазды.

3

(-ғаннан,-геннен,

қаннан, -кеннен)

 + кейін,соң

ол жазды.

4

(-ған,-ген,-қан,

-кен) + сайын

ол жазды.

5

(-ған,-ген, -қан, -кен)

+кезде,сәтте,уақытта

ол жазды.

6

(-ған,-ген,-қан,-кен)

 + -ша,-ше

ол жазды.

7

(-ма,-ме,-па,-пе,-ба

,-бе) + с + бұрын

ол жазды.

8

-ысымен,-ісімен,

-сымен,-сімен

ол жазды.

9

-арда,-ерде,-рда

ол жазды

10

-ғалы,гелі,-қалы,

 -келі

ол жазып жүр.

11

(-ғаннан,-геннен,

-қаннан,-кеннен)

 + бері

ол жазып жүр.

12

-са,се + жіктік жалғауы

Ол келсе,сабақ аяқталыпты

(СТО,АКТ,Тж/еД БО)

Қолдану

15 мин.

Тапсырма. (Жұппен жұмыс) Берілген сөй-лемдердің бағыныңқы сыңарларының баян-дауыштары қалай жасалып тұрғанын бір-біріңе түсіндіріңдер.

Оқулықпен жұмыс. 132-жаттығу. МБС бағыныңқы, басыңқы  сыңарларын сызып, бағыныңқы болып тұрған баяндауыштардың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

Сөйлемдер ноутбукте берілген. Сөйлемдер:  Аттылар жалт-жалт қарасқанда, жақын жерде отырған көп адамның жиыны көрінді. (М.Ә.)

Қарағанды көмірін тапқалы,жүзге жуық жылдар өтіп барады.(Ғ.М.) Ауыл осы қонысқа келіп орналас-қаннан бері, ол бір күн дамыл алып тыныққан емес.(М.Ә.)

 Оқулықпен жұмыс. 132-жаттығу.

Шарты бойынша орындайды.

 

(ООЖТ,СТО,АКТ,ОБ ж/еК)

 

Сергіту сәті

2 мин.

Сергіту жаттығуын жасатамын.

Сергіту жаттығуын жасайды.

(интерактивті тақтада бейне ж/у)

Талдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 мин.

Тапсырма 1.  2 топқа да тапсырма ноутбукте беріледі.

Тапсырма.Сөйлемді толықтырыңдар.      

 І топқа: 1.Тыстағы жұмыс біткен кезде, ... . 2.Үшеуі үйге кірген соң, .... Тапсырма 1. ІІ топқа:

1.Жолмен біраз  жүрген соң, ... . 2.Ол үйге қайтып келісімен, ... .

Тапсырма 2.

Осы екі сөйлемнің  біреуіне   деңгей бойынша СКТ  жасаңыздар.

1.Оқушылар сөйлемдерді толықтырады.

2. І деңгей.

 Айтылу сазы мен мағынасына қарай.

Құрылысына қарай.

Сөйлем мүшесіне талдау

Құрмалас түрін ажырату.

ІІ деңгей.

Айтылу мазмүны мен мағынасына қарай.

Құрылысына қарай.

Сөйлем мүшесіне талдау

      Құрмалас түріне

      Сабақтас түріне

Сөздердің байланысу түріне

Сөздердің байланысу тәсіліне.

ІІІ деңгей.

Толық сатылай кешенді талдау жасайды.

(ООЖТ,СТО,ОүБ ж/еОБ, Тж/еДБо,ОЖСОж/еО,АКТ)

Жинақтау

синтездеу

7 мин.

Бүгінгі сабақ бойынша алған мағлұматтарыңды флипчарт бетіне түсіріңдер, қорғаңдар.

Постер жасайды.

  1. Бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары –ша, -ше жұрнақты есімшеден (-ған+ша,-ген+ше),

Жатыс жалғаулы есімшеден

(-ған+да,ген+де), есімшеге септеулік  шылаулардың (-ған, -ген соң,кейін,сайын,бері,шейін ), мезгіл мәнді көмекші сөздедің (-ған,-ген+кезде,шақта,уақытта) тіркесуі арқылы, көсемшеден (-ғалы,-гелі, -а,-е,-й) және етістіктің түбіріне –са,

-се, -ысымен, -ісімен деген қосым-шаның жалғануы арқылы жасалады.

МБС сұраулары: Қашан?Қашанға шейін? Қашаннан бері?

Бағалау

4 мин.

Стикер таратамын

Оқушылар стикерге  сабақ бойынша өз түсінгендерін, білгендерін жазады.

(жазып болған соң, жазған пікірлерін «пікірлер тақтасына» жабыстырып қояды).

Топта топ мүшелері бір-бірін бағалап, қойылған бағаның себебін айтып түсіндіреді.

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Сын-қимыл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Мезгіл бағыныңқы сабақтас
Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 8978 | Қосты: Шаймерденова Алия Турсуновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык