Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Абай Құнанбаев И.А.Крыловтан «Шегірке мен құмырсқа»


Абай Құнанбаев И.А.Крыловтан «Шегірке мен құмырсқа»

Абай Құнанбаев И.А.Крыловтан «Шегірке мен

құмырсқа»

Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев И.А.Крыловтан «Шегірке мен құмырсқа»

Сабақ мақсаты:   

Білімділік:Оқушыларды Абай Құнанбаев аударма өлеңімен 

                     таныстыру.

Дамытушылық:Ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл

 дамыту.Іздемпаздыққа және топпен жұмыс істеуді үйрету.

Тәрбиелік:Еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру,бекер,босқа уақыт өткізбеуге баулу.

К. құралдар: мультимедия, интерактивті тақта,оқулық, 

Сабақ әдісі:әңгімелеу,түсіндіру,оқу, сахналау, топпен жұмыс, «ой толғау».

Сабақ түрі: пәнаралық.

Сабаққа алдын ала дайындық:Кітапханадан мәлімет жинақтау

Сабақ барысы:

І.   Ұйымдастыру кезені: Оқушыларды төрт топқа бөлу.

     Психологикалық ойын: «Сәттілік тілегі»

Әр топтағы оқушылар тізбектеп қол ұстаса отырып, бір-біріне тілек айтады.

      (1-2слайд)

        Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақта Иван Андреевич Крыловтын Абай Құнанбаев аударған «Шегіртке мен құмырсқа» деген мысалымен танысамыз.

 Сабақ мақсаты:1.Мысалмен танысу.

                           2.Топпен жұмыс істеуге үйрену, мәлімет жинақтау.

                           3. Еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру, бекер,

                               босқа уақыт өткізбеуге үйрену.

3-слайд.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру: Мақал жарысы.

Мұғалім: Балалар, үй жұмысын тексеру барысында көп және тез мақал айтқан оқушы машинаға ие болады.

       Интерақтивті  тақтамен жұмыс.Оқушылар жарысып өздері тақтада бағалау парағы арқылы қаламмен  фигураларды бояйды. Жеңімпаз оқушылар тақтада көрінеді.

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

Қызығушылығын ояту.

   Мұғалім: Ал балалар, бүгінгі сабақта не туралы айтылатыны жұмбақ шешу арқылы білеміз.

Слайд ашу.

 

Жұмбақ шешу.

1 Ат басты                           2. Ине бел, қылқа мойын, қара батыр.

  Арқар мүйізді                        Қара тауды арқалап бара жатыр.

  Бөрі кеуделі                                                      (құмырсқа)

  Бөкен санды

                ( шегіртке)

     Мұғалім. Балалар, сендер төрт топқа бөлініп отырсындар.

Бұл:  1топ  - Иван Андреевич Крылов

          2топ - Абай Құнанбаев

          3топ - Шегіртке

          4топ - Құмырсқа

Топпен жұмыс:

    Топтағы алғыр оқушы жинақтаған мәліметті оқып береді. Қалғандары дәптерлеріне ассоциация арқылы жинақтайды, негізгі ойды жазады.

Әр топ жинақтаған  мәліметтерін айтып береді.(оқушылар бір –бірін толықтырып отыруға тиісті)

Слайд ашып отыру:

1топ  - Иван Андреевич Крылов

2топ - Абай Құнанбаев

3топ - Шегіртке

4топ - Құмырсқа
           

1топ.                          Крылов Иван Андреевич

(1769-1844)

          И. А.Крылов ұзақ өмір сүрген.  Ол өз замандастарына қатты  ұнаған бірнеше күлдіргі пьеса жазған.  Ол 30 жылдай Петербург кітапханасында қызмет еткен.  Ал оның атын әлемге әйгілі еткен нәрсе ғажайып мысалдары болды. 

     Мысал деген көбінесе өлең түрінде жазылатын шағын шығарма, онда міндетті түрде ақыл-кеңес айтылады (нені істеп, нені істемеу керектігі жөнінде) немесе біреудің ақмақтығы ажуа етіледі. Мысал сәл-пәл ертегіге ұқсайды: әдетте онда адамдар емес, жан-жануар, кейде тіпті жансыз заттар әрекет етіп жатады. 

        Дүниеден талай-талай тамаша мысалшылар өткен. Россиядан сондай ғажап мысалшы  И.А.Крылов болған еді.

 Қрыловтың мысалдары әрқашан да халықтың мұң-мүддесін қорғады. Сонымен қоса ұлы мысалшы жатып ішер жалқауларды,  қорқақтарды, жақсылық білмейтін көпирме мақтаншақтарды әбден ажуа қылады.

       Крыловтың мысалдары өте түсінікті әрі жатық, қалай жаттап алғаныңды білмей де қаласың. Сол  мысалдардың бірнешеуін  Абай Құнанбаев аударған, атап кетсек «Шегірке мен құмырсқа» және т.б..

 

 

2топ.                             Абай Құнанбаев.

 

       Қазақтын ұлы ақыны, ойшылы әрі композиторы, аудармашы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы тұңғыш классигі-Абай  Құнанбаев. Ол 1845 жылы 10тамызда қазіргі шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Шыңғыс маңында туған. Зере әжесі мен Ұлжан шешесінен тәрбие көрген Абай жастайынан зерек болған.

      Абай әуелі ауылда Ғибатхан деген татар молдасынан  мұсылманша хат таниды. Әкесі Абайды 10жасында Семей қаласында Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақында өзге ұлттардың ақындарының шығармаларымен өз бетімен оқып, ертегі, дастан , хисса сияқты  әдеби мұраларынмен танысып, қазақ  тіліне аударған Соның бірін атап кетсек Александр Сергеевич Пушкиннің « Евгений Онегин» романынан аударған «Татьянинаның хаты» сонымен қатар  кішкентай балаларға арналған  Иван Андреевич Крыловтың «Шегірке мен құмырсқа» т.б. шығарма, өлендері әнімен халық арасында кең тарады. Абай аудармалары  бүгінгі дейін зерттеушілерді таң қалдыруда.

       Абайдың балалары Ақылбай, Мағауия, Әбдірахман-әкелеріның ізімен жүрген. Бірақ өкінішке орай балаларының ауыр соққысы абайдың денсаулығың нашарлауына әсер етті.

     Сөйтіп қазақтың ұлы ақыны 59 жаста қараған шағында дүние салды.

     Бейіті- өзінің Шығыс тауының бауырайындағы қыстауы Жидебайда.

 Бірақ біз ешқашанда Абайды жоқсынбаймыз, өткені одан кейін қалған аса мұраларын оқыған сайын Абай атамыз жайнайбереді. Сонын бірі бүгінгі сабақтағы «Шегірке мен құмырсқа».

 

 

3топ.                                   Шегіртке.

         Тура  қанаттылар  отрядындағы шегірткелер  тұқымдасына жататын өкілдердің бірі.  Денесі 27-42мм., жіңішке ұзын, мұртты. Аналығы 70-100-ге жуық жұмыртқа салады. 

        « Шегірткелер егін жер, екпей- сеппей тегін жер» -деген мәтелді халық бекер айтпаған.

       Қазақстанда Сырдария, Іле, Алакөл, Зайсан көлі, Каспий теңізінің қамысты жағалауын жайлатып көкқасқа шегіртке- ауылшаруашылық дақылдарының аса қауіпті зиянкесі.

        Көкқасқа шегірткенің аналығынан бір жазда өрбиген  ұрпақтары  2 қойды тойдыратын  азықты жояды. Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1-2сағаттта жүздеген гектарды жеп қояды.

        «Шегірткеден қорыққан егін екпес»- демекші, жұмысшылар олардан қорғану шаралары жасайды. Шегіркелердің қоймақалтасын құрту керек, ол үшін шегірткелер дамитын су сағаларын құрғатып жыртады, жүрген жолына ор қазады. Шегірткелерді жою үшін қызғылт торғай – таптырмайтын жәрдемші. Ол күніне 200 шегіртке жей алады, ал балапаны 15-20 шегірткемен  көректенеді.

        Шегіркелердің түрлері: сұр, қанатсыз саяқ шегіртке, көшпелі шегіртке, көк шегіртке, шырылдауық қара шегіртке.

        Қанатымен «ән салатын» аяғымен дыбыс тыңдайтын бір ғажап жәндік. Шегірткені  артқы аяғынан ұстамандар, ұстасандар аяғы жұмылып қалады да, өзі қашып кетеді. Кесіртке жауынан осылай аяғын тастап құтылады.

       

 

 

4топ.                               Құмырсқа

 

       Тұқымтопқа әртүрлі даралары бірлесіп тіршілік ететін бунақденелілердің бірі – құмырсқа. Көбейе алмайтын аналық құмырсқалар – жұмысшылар илеу салады да, өзіне қорек тауып, аналық дернәсілдерді қоректендіреді және жауынан қорғайды. Шілде айында илеуден қанатты даралар-аталықжәне аналыққұмырсқалар көріне бастайды.  Шомбалдау келген аналық құмырсқа ұрықтану соңынан қанатын өзі жұлып тастайды. Илеуде тұқымтоптың тағы бір мүшесі –әскерқұмырсқа болады. Сөйтіп құмырсқалардың тұқымтобында қанатты аналық , аталық, қанатсыз жұмысшы және әскер жұмысшылар бірге  тіршілік етеді. Әскер құмырсқаның басы жұмысшы құмырсқадан үлкен болады.

     Құмырсқалар бір-біріне мұрттарын түйістіру арқылы өз туысын немесе бөтен екенін айырады, және тоқ құмырсқа құрсағындағы көректік сүйықты құсып бередіде, аш құмырсқа  оны жалап алады. Сонымен бүкіл илеу азықпен бір келкі қамтамасыз етілген болады.

    Жамбыр жауар алдында құмырсқалар илеудің есік-тесігін бекітеді, ал ауа райы жақсы кезде кейде өздерінің аппақ «жұмыртқаларын» яғни қуыршақтарын жылытуға алып шығады. Бұл қуыршақты  «құмырсқа-ханым» салады. Илеудегі барлық жұмысты жұмысшы құмырсқалар істейді. Олар илеу жасайды, азық қорын жинайды, қорғайды.

          Құмырсқа-адамның досы. Ол орманды «аурудан» сақтайды. Құмырсқалардың 12сағат ішінде 33мың жұлдыз құртып илеуге әкелгені есептелген. Құмырсқа илеулері тұрса, сол жерде орман дерттен аман  және таза болады.

Жүктеу

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қанағат қарын тойғызар
Шегіртке мен құмырсқа.
Ғылым таппай мақтанба. Абай
Шегіртке мен құмырсқа И. А Крылов қазақшаға аударған А. Құнанбаев.
Шегіртке мен құмырсқа.
Ахмет Байтұрсынов И.А.Крыловтан «Аққу, шорман һәм шаян»
Шегіртке мен Құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
Құмырсқаның қанағаты
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4478 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык