Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 7 санының құрамы


7 санының құрамы

 7 санының құрамы

 Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 7 санының құрамы жайлы білімдерін одан әрі кеңейту. Сандарды салыстыруға,  7 санының құрамын жіктеп айта білуге үйрету. 1-7 көлеміндегі сандарды қосып ,  азайтуға дағдыландыру.

Дамытушылық:  Оқушылардың  ойлау, есте сақтау қабілетін, ауызша есептеу дағдысын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Ұлттық дүниетанымын дамыта отырып, ата –дәстүрін білуге, ұқыптылық пен ізденімпаздыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  Пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: Ойын сабағы

Сабақтың көрнекілігі:  Флипчарт, суреттер

Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, ой-қозғау, дидактикалық ойындар

Сабақтың технологиясы: Сын тұрғысынан оқыту

                                      Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2. Психологиялық  дайындық

ІІ. Өткенді  қайталау

  1. Сұрақ –жауап
  2. Кел, ойнайық!

ІІІ. Пысықтау сабағы

  1. 7 санының құпиясы
  2. оқулықпен жұмыс
  3. дәптермен жұмыс

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Ү. Қорыту

 

Сабақтың жүру барысы

І – Ұйымдастыру кезеңі

Математика оқулығын, дәптер, қаламсаптарыңызды алып, сабаққа дайындалыңыздар.

Психологиялық  дайындық

 

Оқушылар:
Сабаққа біз даярмыз
Жалқаулықты қоямыз
Үздік оқып әрқашан
Кілең бестік аламыз.
 

Мұғалім:
Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
 

-          Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан ерекше болмақ. Біздің  сыныпқа сонау  «Сандар» әлеміндегі тауықтан  хат келіпті. Ол хатта тауық былай деп жазыпты:

          Сәлеметсіздер ме,  1 «Г» сыныбының  оқушылары,  менің достарым! Мен «Сандар» әлемінің  тауығымын. Мен сіздерден  көмек сұрағалы отырмын.  Айлакер  түлкі  балапандарымды  ұстап алып жемекші. Әр балапанымды  құтқару үшін  түлкінің  бір тапсырмасын  орындап отыру қажет. Сол тапсырмаларды  орындауға  маған көмектесесіңдер ме? -депті.

-Балалар,  тауық бізден көмек сұрап отыр. Көмектесеміз бе, балалар?   Онда сіздерге сәттілік тілеймін.

ІІ.  Өткенді  қайталау

Түлкінің 1 –ші тапсырмасы:   Сұрақ –жауап   

- 7 саны қандай сандардың қосындысы?

- 7 саны қай сандардан артық?

- 7 саны сандар қатарында қай саннан кейін келеді?

- Міне, балалар біз тауықтың  бір балапанын құтқардық.

Түлкінің 2 –ші тапсырмасы:   Кел, ойнайық!

Өрнектердің мәндерін өсу ретімен орналастырып, Түлкінің жасырған сөзін тап:

2+2-2=       ж             

1+3+2=      т                                                     

4+0+3=      і

3+2+0=      е

Балалар түлкінің бізден жасырған сөзі «жеті» екен.

ІІІ. Пысықтау сабағы

  1. 7 санының құпиясы

-         Балалар, мен бүгін  сендерге 7 санының қасиетті, киелі сан екендігі туралы 7 құпия сыр ашқым келіп отыр. Олар:

7 ата –1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

 

қат жер –1. Тұңғиық. 2. Жылан. 3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көкөгіз.

7. Жер.

 

7 қазына –1. Ержігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран

бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік тазы (ит).

 

7 күн –1. Бүгін. 2. Ертең. 3. Бүрсігүні. 4. Арғы күн. 5. Ауыр күн 6. Соңғы

күн. 7. Азына.

 

7жұт –1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5.

Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).

 

амал –1. Күннің тоқырауы. 2. Қарашаның қайтуы. 3. Үркердің батуы. 4.

Мұздың қатуы. 5. Киіктің матауы. 6. Қыс тоқсан. 7. Ай тоғамы.

 

қат көк –1. Ай. 2. Күн. 3. Шолпан. 4. Есекқырған (Меркурий). 5.

Қызылжұлдыз (Марс). 6. Сатурн. 7. Мүштәри (Юпитер).

 

  1. 7 санының құрамы

                          

ІІІ.  Түлкінің 3 –ші тапсырмасы:   Оқулықпен жұмыс №1

1) Қандай сандардың қосындысы 7-ге тең?

         7                 7                          7

           6                  2                          4   

2) Теңдіктер құру.  6+1=7    7-6=1   7-1=6

                                5+2=7    7-5=2    7-2=5

                                4+3=7    7-4=3    7-3=4

-Балалар біз тауықтың үш балапанын құтқарып бердік.

Сергіту сәті. «Бір, екі, үш»

Бір, екі, үш, бір, екі, үш,

Бұлшық етте күш.

Мен ұшамын кептерше,

Еңкейемін қолым жеткенше.

 Түлкінің 4 –ші тапсырмасы:   

№2  Кесінділердің ұзындығын өлше. Салыстыр.

                                                         см                            см  *        см                      

                                                         см

 

 

Түлкінің 5 –ші тапсырмасы:   №3 Қалып қойған сандарды ата:

 

 

2

 

4

 

6

    

1

 

3

 

5

 

7

 

6

 

4

 

2

 

 

7

 

5

 

3

 

1

 

Түлкінің 6 –ші тапсырмасы:   №4 Салыстыр.  

Тақтамен жұмыс: 

 

7см > 6 cм  7см < 5cм   7см =7 см            2 см < 7 cм       7см =4 cм

0<7  3<7   7>6   7=7

-         Балалар біз тауықтың алты балапанын құтқардық.

ІҮ.   Түлкінің 7 –ші тапсырмасы:  

 №5 Кесінділердің  ұзындығын өлше. Теңдіктер құр.

 

Ү.  -Балалар, біз тауықтың  қанша балапанын құтқардық?

-         Жеті.

 

-Тауықтың  сендерге  айтар алғысы шексіз, жарайсыңдар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
10 санының құрамы
Қайталау сабағы
7 санының құрамы
7 санының құрамы
7 саны.
10 санының құрамы
7 санының құрамы
10 санының құрамы
Өткенді қайталау
10 санының құрамы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1730 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык