Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ыбырай Алтынсарин «Қарабатыр»


Ыбырай Алтынсарин «Қарабатыр»

 Ыбырай Алтынсарин «Қарабатыр»

Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Қарабатыр»

Мақсаты1 білімділік: ,  Халық ауыз әдебиетінің үлгілері –шығарма түрлерімен таныстыру ,шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, композициялық  құрылысын талдау.

 2 дамытушылық:   Іскерлік қабілетін дамытып, белсенділігін арттыру, іздемпаздық қабілетін күшейту,өздігінен білім алуға жол ашу, тілдерін жетілдіру,өз пікірін қорғай білуге, талдай білуге баулу,шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

 3 тәрбиелік: Оқушыларды туған жеріне, елінің табиғатына арнап жазған ақын, жазушылардың шығармаларын білуге,   оқушыларды оқуға, білімге, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу,халық ауыз әдебиеті үлгілерін білуге, яня

Сабақтың түрі: Лекция сабағы,аралас сабақ, топсеруен сабағы, панорамалық сабақ, саяхат сабақ, тәжірибелік сабақ, өздік жұмыстарының сабағы, зертханалық жұмыс сабағы,бақылаужұмысы, семинар сабақ,сахналық көрініс қою.

Сабақтың  типтері: жаңа   білімді меңгеру сабағы; білімдерді,машықтарды дағдыларын іске асыру сабағы; жалпылау және жүйелеу сабағы; бақылау сабағы; аралас сабақ ; тәжірибе кезінде білімдерін қолдану; дағдылар сабағы, бекіту сабағы.

Технология элементтері: сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту, деңгейлік оқыту.

Сабақтың формасы: дербес, жұптық, топтық, ұжымдық.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сөз әдісі, проблемалық іздену әдісі, ынталандыру,қызықтыру әдісі, көрнекілік әдісі ,тәжірибелік әдіс, логикалық әдіс, бақылау, бағалау әдісі.

Құрал- жабдықтары: дидактикалық материалдар,тірек- сызбалар,кесте, үлестірмелі қима-қағаз, сюжетті суреттер,тест тапсырмалары, автордың портреті,

Сабақтың барысы:  І. Мотивация1. « Ой қозғау» стратегиясы. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.  Психологиялық дайындық.

                  Кел, балалар, оқылық ,

                 Оқығанды көңілге

                 Ықыласпен тоқылық... Бұл кімнің өлеңінен алынған үзінді?

Дұрыс жауабы: Ыбырай Алтынсарин. . Ыбырай Алтынсариннің портретін  көрсету. Ыбырай ағаларың туралы не білесіңдер?

   қашан туды?1841ж                   тұнғыш қазақ балаларына мекткеп ашты

 «Қазақ хрестоматиясы»       Ыбырай Алтынсарин             ағартушы педагог

   оқулығын жазды                                                               ақын          қайтыс болды 1889ж

Қайда туды? Қостанай обл, Қостанай ауд             аудармашы

ІІ. Мағына тану.Оқушылардың білімдерін жаңғырту Проблемалық ситуация тудыру Проблемалық ізденіс. Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде...       Бұл шығарманың қай түрінде жиі қолданылатын үзінді?

Дұрыс жауап: Ертегіде.

Ертегі дегеніміз не?

Ертегі- халық ауыз әдебиеті үлгілеріне жататынең көне жанр. Өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойданшығарылатын оқиғалар. 

 

                      Шыншыл ертегілер                қиял-ғажайып ертегілер

                                                 Ертегі түрлері 

                                     Хайуанаттар жайлы ертегілер                                     

 

  Халық ауыз әдебиет үлгілерінің ішінен белгілеу Топтастыру. Өз ойларын түйіндеу.                     Батырлар жыры               тұрмыс-салт жырлар

                        Ертегі       аңыз     мақал- мәтел     төрт түлік жырлары,         айтыс                      

             жаңылтпаш                Халық ауыз әдебиет үлгілері           жұмбақ

                              шешендік сөздер            бата-тілек             өтірік өлеңдер

Тақтамен жұмыс. Тақтада алдын ала ертегінің мазмұнына байланысты диафильм құрастырылған.

  1. Қарабатырды бала кезінде басқа елдің жолаушылары ұрлап кетеді.
  2. Қой бақтырып, аш, жалаңаш, тамақ бермей ұатайды
  3. Қойдың сүтін сауып, күнін көріпті.
  4. Бір күні елі есіне түсіп, жылап отырады.
  5. Бір қарға келіп қонады.Бала көмек сұрайды, қарға қарқылдап ұшып кетеді.
  6. Сауысқан келіп қонады. Бала көмек сұрайды, бірақ сауысқан шық- шық етіп, ұшып кетеді.
  7. Тырна келіп қонады. Бала көмек сұрайды, бірақ тырна да тыру- тыру дейді де, ұшып кетеді.
  8.  Одан кейін қаз келеді. Бала көмек сұрайды, қаз қаңқ етеді  де, ұшып кетеді.
  9. Аққу келеді. Бала көмек сұрайды, аққу тоқталынқырапкөлденеңдеп тұрады да, ұшып кетеді.
  10. Біраз дан соң қарлығаш ұшып келеді.Бала көмек сұрайды. Қарлығаш олай бір ұшады, былай бір ұшады да , баланы қимай,қолына қонады.
  11. Бала көйлегінің етегін жыртып, қарлығаштың мойнына байлайды.қолын инемен шаншып қанатады да, сол елдің таңбасын салып жібереді.
  12. Қарлығаш баланың елін іздеп отызыншы күні бір ауылға келіп қонады.әр үйдің шатырына қонып, адамдарды байқап жүреді.Сөйтіп шаршап қалғып отырғанда, біреудің жылаған даусын естіп қояды.
  13. Анасының зарлап жылауы: -Ау, шырағым, құлыным, маңдайымда тұлымым,көлге біткен құрағым,жалғыз ұлым, шырағым.Жау алды ма- білмедім,су алды ма- білмедім,аң алды ма –білмедім. Жиырма төрт ай болды сені көрмегеніме.
  14.  Әкесінің зарлауы: -Жалғыз біткен тал- шыбық, келбетің келген қарағым,бір хабарын білуге, дүниені кезіп қарадым, аш бурадай жарадым,он екі мүшем сөгілді,аш күзендей бүгілді,берік-ақ еді сүйегім, өрт шалғандай егілді.қайда кеттің, сұңқарым,үміт еткен, тұлпарым.
  15. Қарындасының зарлауыАсыл еді негізің, бірге туған егізім, сен туғанда ойлаушы ем: арғымақ ат мінермін, асыл киім киермі,тең құрбымнан ілгері мен жарқырап жүрермін.биіктен талап етермін, ойын- күлкі сауықпен, қызық дәурен сүрермін.

Егізімнен  айрылып,ақша беттен қан кетті, көңілімнен жан кетті.Түс көрдім, түсімде бір іс көрдім: қолдан ұшқан сұңқарым қайта қонып жүр екен. Үйірден

шыққан тұлпарым қайта келіп жүр екен. Бірге туған құлыным үйге келіп жүр екен.

  1. Қарлығаш осының бәрін естіп, сол үйге келіп қонған екен.Баласының белгісі арқылы

        Қарабатырды тауып, еліне алып келеді екен.

  Сабақтың мақсатымен таныстыру.

 Сыныпты үш топқа бөліп, аттарын қою.

1-топ. «Төзімділер »

2-топ «Тапқырлар »      

3-топ. «Қайырымдылар »              

Әр топқа тапсырма беру.Мәтіндерді бөліп беру

1-топ:Шығарманы талдау.

2-топ: Ертегіні сахналау.

3-топ Кейіпкерлерге мінездеме беру.

. Мәтінді алдын ала үйге оқуға беріледі.

1- тапсырма . Мәтінді кесте бойынша  алгоритмге салу. Ауызша қорғау.

абзац

Тірек ой

тақырыпша

Көркемдеуіш сөз

Сөздік

жұмысы

Мақал-

Мәтел

сұрақтар

1

 

Қарабатырдың көрген қиыншылығы

 

 

 

 

 

2

Құстардан көмек сұрауы

 

 

 

 

 

3

 

Қарлығаштың көмегі

 

 

тұлым

 

 

4

 

Еліне аман орлуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығарманың композициялық құрылысы.

1.Басталуы. Қарабатырды ұрлап,қой бақтыру.

2.Байланыс. Құстар мен Қарабатырдың диалогі

3. Дамуы.   Қарлығаштың Қарабатырдың әке – шешесін іздеуі

3. Шарықтау шегі. Мұратына жетуі

4.Шешімі. Үйіне оралуы

2-тапсырма. Сахналау.   Оқушылардың шеберліктері бағаланады.

3-тапсырма. Кейіпкерлердің мінездемесін кестеге түсіру.

Жүктеу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Қарабатыр" ертегісінің қысқа мерізімді жоспары
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні
Ертегі
«Ертегілер еліне саяхат»
Арналы бұлақ- асыл сөз
Жылдардың біл қасиетін!
Халық ауыз әдебиеті
Ыбырай Алтынсарин
Алтынсарин әңгімелері
Менің сүйікті кейіпкерім
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 11603 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык