Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ата-ананы құрметтеу туралы.Қайқаус.


Ата-ананы құрметтеу туралы.Қайқаус.

 Ата-ананы құрметтеу туралы.Қайқаус.

Сабақтың тақырыбы:  Ата-ананы құрметтеу туралы.Қайқаус

Мақсаты:

а. Білімдік мақсаты:

  Мәтінді оқу,талдау,негізгі ойды ашу.Оқушылардың ата-анаға құрмет, қамқорлық сезімін арттыру. Ішкі сезімдері мен тебіреніс толқындарын ояту.  

ә.дамытушылық мақсаты:

  Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген оқушының ынтасын ояту, қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту. 

б.тәрбиелік мақсаты:

Әке – шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей білуге, құрбыларын сыйлай білуге үйрету. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу.Мейірімділікке,парасаттылыққа,адалдыққа,имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақты ұйымдастыру түрі: дамыта оқыту,  іздену,зерттеу

Сабақтың типі:Жаңа білімді игерту

Әдістері:сұрақ-жауап,іздендіру,өзіндік жұмыс,талдау,пікірлесу,ой толғаныс , проблемалық

Пәнаралық байланыс: музыка,өзін-өзі тану

Көрнекілігі:   нақыл сөздер,бейнероликтер,қима қағаздар,сабақ мазмұнына сай дайындалған слайдтар

 

  I. Ұйымдастыру кезеңі

 Психологиялық дайындық

             «Қызығушылығын ояту»

  Суретке назар аудару

   Ұядан ұшып бара жатқан балапан

Суретке қарап ойымызға не келді?

«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің»

    II. Үй тапсырмасын сұрау

 «Ұшқан ұя».Б.Момышұлы

Оқыту,мазмұнын айту

 Топтарға тапсырмалар беру.

1.Б.Момышұлы бала кезінде қандай болды?

2.Б.Момышұлы ержеткен кезінде қандай болды?

3.Б.Момышұлы кім?Ол жайында не білдіңдер?

 

   Сызбаны толтырып келу.

 

   Жеті ата                             

Сенің ата тегің

 

 

 

Ой қорыту     «Жеті атасын білген ұл

                        Жеті жұрттың қамын жер»

«Балапан ұяда не көрсе ,ұшқанда соны іледі»,яғни әрбір адам өз отбасынан тәрбие алады.

Тыныштық сәті. /баяу ән/

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздерімізді жұмамыз. Терең демалайық. Жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдерші. Бұл бақыт, қуаныш жарығы. Бұл жарық жүрегімізге тыныштық, сүйіспеншілік әкелді. Жүрегімізден әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі. Түрлі түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сендердің аталарың, әкелерің, әжелерің, аналарың. Бұл гүлдің ортасындағы дөңгелек сенсің. Бұл жай гүл емес. Ол – сүйіспеншілік гүлі деп аталады. Сендер жап-жасыл алқапта аналарыңмен, әкелеріңмен жүрміз деп сезініңдер. Алқапта әдемі гүлдер, өсімдіктер жайқалып тұр. Қандай тамаша!
  • Балалар, көз алдарыңа не елестеді? Қандай сезімде болдыңдар?

Ата-аналарың сендерді еркелеткенде қалай атайды?

Жаным,құлыным,балапаным т.б.

 

 III   Жаңа сабаққа кіріспе

Ой өрбіту              әңгіме-сұхбат

                 Суреттерге назар аудару

Ол кім?» жұмбақтар шешу.

1) Айтары мол ғұлама, көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол көкеңнің , білер оны сұраған.  Ол кім?      /ата/

2) Ол - өте мейірімді, ақ шашты.Дәмді тағамдар пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі  айтып береді.Бұл  кім?(әже)

3) Бала,бала, бала деп,түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған.   Бұл кім?     /ана/

4) Ол – асқар тау. Атаңның баласы. Ол қабағын шытса «байқа, балам» дегені.

 Отбасын қорғаушы, сақтаушы. Ол  кім?                               (әке)

 

-Бұлардың барлығы нені құрайды?

-Отбасын

-Отбасындағы ұл-қыз кімді құрметтеу керек?

  • -Ата-ананы  ?

 

IV.  Жаңа сабақ

 Ата –ананы құрметтеу туралы

        Кабуснама . Қайқаус

  Күн ретін,тақырыпты  жазу.

Енді сендер менен не білгілерің келеді?

Оқушылар сұрақтар қояды.

   1.Кім жазды?

   2.Не  жайында?

   3.Қай жанрда жазылған?

   4.  Кабуснама деген не?

   5. Қайқаус деген кім?

 «Қабуснама» — парсы тілінде 1082-1083 жылдар iшiнде жазылған аса бағалы педагогикалық мәнi бар туынды. «Қабуснаманың» авторы — Кайқаус Каспий теңiзiнiң оңтүстiк жағалауында мекендейтiн Гилан ру-тайпасының ұсақ феодал семьясында (1021-1022 жылдарда) дуниеге келедi.

Кайқаус 63 жасында «Қабуснаманы» өзiнiң ұлы Гиланшахқа арнап жазады. Өзiнiң қартайғанын баяндай келiп: «Мeнің дүниедегi жиып-терген ең қымбат асыл затта рым — саған арнап жазған осы үгiт-насихат кiтабым», -дейдi.

Оқулықпен жұмыс

1. Мәтінмен танысу

2. Мәтінді талдау.

3.Сөздік жұмысы

Сөздік жұмысы

Перзент –бала

Парасат –сана,ақыл-ой

Қаяу –реніш

4. Мәтінді оқу.

                                  -тізбектей оқыту

5.   Мәтінді төмендегідей бөліктерге бөліп,әр бөліктің шегін тауып оқу.

  1. Ата-ананы құрметтеу
  2. Ата-аныңды ешқашан режітуші болма
  3. Сен ата-анаңа не істесең,саған перзентің де соны жасайды.

  Бейнесюжет. Ата-анаға құрмет

  Ой қозғау. 

 Осы мәтіндегі айтылған ойларға сай келетін қандай шығармалармен таныстық?                             

4.  Сен ата-анаңды қалай құрметтейсің?

   Оқушы ой-толғаныстары.Дәптермен жұмыс

V. Шығармашылық тапсырма.Деңгейлік тапсырма

 1-топ     Мақал айту.Ата-ана,бала туралы

           Сәйкестендіру тест

        Анаға қарап қыз өсер                   Алдыңа сол келер                

        Ата –бәйтерек                               Әкеге қарап ұл өсер

       Атаңа не істесең                              Бала-жапырақ

 2-топ   Ата-анаңды неге теңейсің? Оқушыларға таудың,күннің,ағып жатқан судың,бәйтеректің суреттері беріледі.Суреттің қасына кімді неге теңейтінін жазады.

 3-топ  Олар қандай?

Аяулы анам ....

Қадірлі әкем.....

Әлпештеген әжем  ....

Еркелеткен атам  ....

VI  Қорытындылау

Бейнеролик   «Қарттар үйі»

Пікір айту

                      Тұжырымдау

«Қарты бар үй қазына»,    «Атаңа не қылсаң,алдыңа сол келер»

 

VII.Үйге : Мәтінді оқу. «Менің отбасым» шығарма

Оқушыларды бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ана
Ата-ананы құрметтеу туралы.Қайқаус.
Ыбырай Алтынсарин. Бәрінен де жақсы.
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Ана
Құрметтей білейік
Баубек Бұлқышев Ана
Жылу. Ф. Оңғарсынова
Ағаш тостақ
Ағаш тостақ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 13083 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык