Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Зат мөлшері.Молярлық масса.


Зат мөлшері.Молярлық масса.

 Зат мөлшері.Молярлық  масса.

Сабақтың тақырыбы: Зат мөлшері.Молярлық  масса.

 Сабақтың мақсаты: Білімділік: Зат мөлшерінің өлшем бірлігі – моль туралы, Авогадро саны жөнінде ұғым қалыптастыру. Заттың берілген өлшемі бойынша құрылымдық бөлшектердің санын анықтауға үйрену. 

Дамытушылық: Молярлық масса ұғымын, заттың молярлық массасын есептеп шығару білігін қалыптастыру. Масса, зат мөлшерінің өлшем бірлігі, молярлық масса деген ұғымдарды өзара байланыстыра отырып, есеп шығаруға үйрету. Молярлық және салыстырмалы молекулалық массалар сандық мәні бойынша тең болатындығын түсіндіру.

Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: аралас сабақ. Пән/қ байланыс: физика, биология.

Құрал жабдықтар: зат мөлшері бір моль болатын металлдармен бейметаллдар үлгілері (күкірттің, темір ұнтағының,  мырыштың, )

         Тірек біліммен біліктер: Зат мөлшері, заттың салыстырмалы молекулалық массасы, зат мөлшерінің  өлшем бірлігі, заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

Жаңа материалды оқыту. Мұғалім өткен сабақтан байланыстыру мақсатымен оқушыларға бірнеше сұрақ қояды:  

      1.   Заттың құрам тұрақтылығы дегеніміз не?

      2.   Темір сульфидінде темір мен күкірттің тұрақты масса қатынасы қанда?

Оқушыларға  ұнтақтар 4 г. күкіртте күкірттің қанша атомы болса,  7 г. темірде темірдің сонша атомы болатынын түсіндіреді. Демек, әрбір темір атомы күкірттің бір атомымен қосылысады деген тағы бір тұжырымды оқушы өз бетімен жасайды.

Бұрын алған білімін еске түсіріп, талдау нәтижесінде жасаған қорытындыларына сүйене отырып, мұғалім заттардың атомдары мен молекулаларының қажетті санын алу іс жүзіне мүмкін еместігін айтады. Сондықтан химияда «зат мөлшері» деген физикалық шама қолданылады.

Ал зат мөлшері сол заттың құрылымдық бөлшектерінің санымен анықталады, яғни атом, молекула немесе басқа бөлшектер саны. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі  – моль. Моль–берілген заттың құрылымдық бөлшектері 12г көміртегіндегі атом санына сәйкес келетін зат мөлшері.  ν (ню) әрпімен белгіленеді, құрылымдық бөлшектер саны Na  әрпімен белгіленеді.

         Заттың керекті мөлшерін қалай өлшеп алуға болады?

Осы жерде молярлық массаны пайдаланатындығын айтып, оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Зат мөлшерін моль арқылы өрнектеген сияқты молярлық масса зат массасын грам арқылы көрсетеді. Демек, мұғалім «Заттың молярлық массасы М зат массасының зат мөлшеріне қатынасына тең шама» деген анықтаманы айтып, оқушылардың дәптеріне жазғызады.

   Молярлық масса г/мольмен, яғни граммен алынған мольмен өрнектеледі:     М=m / ν                                                              Мысалы:      1) M(H2)= 2 г/моль;       2) M(O2)  =32 г/моль;            3) M(H2O) =18 г/моль

Оқушылардың өздігінен шығаруына берілетін есептер:

  1. Массасы 112г темір неше моль болады?
  2. Массаса 132г көміртегі(IV) оксиді неше моль болады?
  3. Массасы 272г мырыш хлориді неше моль болады?
  4. Мөлшері 0,3 моль көміртегі(IV) оксидінің массасын есептеп шығарыңдар;
  5. Мөлшері 0,2 моль мыс (ІІ) оксидінің массасын есептеп шығарыңдар;
  6. Мөлшері 0,5 моль судың массасын есептеп шығарыңдар;

Оқушылардың шығарған есептерін тексеріп, қателерін түзеткеннен кейін, жаңа тақырып бойынша қорытынды жасалады. 

 Сабақ соңында төмендегі сұрақтар көмегімен оқушыларда жаңадан қалыптастырылған ұғымдарды бекітуге болады:

  1. Заттың молярлық массасы дегеніміз не?
  2. Заттың молярлық массасының өлшем бірлігі не?
  3. Қай формуланың көмегімен заттың молярлық массасын, массасын, мөлшерін анықтауға болады? Зат мөлшерінің өлшем бірлігі не?
  4. Зат мөлшері қалай белгіленеді?
  5. a) ν (C) = 4 моль деген жазу нені білдіреді?

      б) ν (H2O)=2 моль деген жазу нені білдіреді?

  1. Үш молекула су қанша моль болады?

Үйге тапсырма.  


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Физика пәнінен бақылау жұмысы
Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімін есептеу
Күкірт оксидтері және олардың қосылыстары
Жай және күрделі заттар ,салыстырмалы атомдық масса және молекулалық масса.
№1 бақылау жұмысы
Химия сабағында Ривин –Баженов әдісімен жасалған карточкаларды қолдана отырып есеп шығару
Зат мөлшері. Молярлық масса
Молекулалардың өлшемі мен массасы. Молекулалар саны. Зат мөлшері. Молярлық масса
Химиядан «Әртүрлі типтегі есептеу есептерін шығару» қолданбалы курсы бойынша 10 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспар
Зат мөлшері. Молярлық масса
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 9691 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык