Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кристалл торларының түрлері, заттардың қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі.


Кристалл торларының түрлері, заттардың қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі.

Кристалл торларының түрлері, заттардың қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі.

Сабақтың тақырыбы: Кристалл торларының түрлері, заттардың қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі

 Сабақтың   мақсаты. Оқушыларға молекулалық, атомдық және иондык кристалл торлары туралы түсінік беру, заттардың қасиеттері кристалл торлардың түріне байланысты екенін және кристалл торлардың әр түріне химиялық байланыстың қандай түрі сәйкес келетінін түсіндіру.

Қ ұ р а л – ж а б д ы қ т а р: Натрий хлоридінің, графиттің, алмаздың   кристалл   торларының үлгілері. «Кристалл  торларының түрлері»т.б.таблицалар.Интерактивті тақта 

 Сабақ барысы: Сабақ үй тапсырмасын тексеруден басталады:

 1. Мына косылыстардағы байланыстардың түрін анықта: MgCI2,Br2, HCI, CCI4, NaCI, SO2.

 2. Мына қосылыстардың  қайсысында иондық байланыс бар: калий хлориді, фосфор (V) оксиді, күкіртсутегі, натрий фториді.

       Жаңа сабақты түсіндіру. Қатты заттарды кұрайтын бөлшектердің қатаң заңдылықпен орнала- сатынын рентген сәулесінің жәрдемімен зерттеп дәлелденгендігін айту. Ион, атом немесе молекула күйіндегі бөлшектер кеңістікте белгілі бір қашықтықта, түйіндерде орналаса отырып, кристалл торларды құрайды. Осындай зандылықпен белгілі бір қашықтықта орналасқан кристал дардың бөлшектері кезектескен кәдімгі. торлардың құрылысын еске түсіреді.  Осыдан барып «кристалл торлары» деген ат қалыптасады. Осы кристалл тордың түйінінде қандай бөлшектердің орналасуына байланысты, иондық, атомдық және Молекулалық кристалл торлар деп бөлінеді.

        Иондық, атомдық және молекулалық кристалл торларына сипаттама беріледі. Көрсетілген байланыстың түрлеріне мысал келтіру және физикалық қасиеттеріне сипаттама беріледі.

                                   Оқушылардың берген жауабын жүйеге келтіріп, төмендегі кестені толтыру.

Кристалл торлардың түрлері

Кристалл торларға сипаттама

Торлардың түйіндеріндегі бөлшектер

Түйіндердегі бөлшектердің бір – бірі не әсері

Химиялық байланыстың түрлері

иондық

иондар

электростатыкалық

иондық

атомдық

атомдар

Ковалентті (өте берік)

Ковалентті полюссіз

молекулалық

молекулалар

Вандер-ваальс (әлсіз)

Ковалентті полюсті, полюссіз

       Төмендегі кестенің көмегімен оқушыларға заттардың физикалық қасиеті кристалл торларының түріне тәуелді екенін түсіндіру.

Кристалл торларының физикалық қасиеті

Кристалл торларының түрлері      (заттар)

Балқу t- сы

Қайнау t- сы

Тығыздығы, г/см3

Қасиеті

  1. Иондық

     NaCI

     NaF

 

8000

9950

 

14000

15000

 

2,2

3,2

Қатты заттар, полюсті молекулалардан тұратын сұйықтықтарда ериді.

2.Атомдық

   С – алмаз

   Si – кремний

   Ge - германий

 

35000

14280

9370

 

42000

26000

27000

 

3,51

2,33

5,32

 

Өте қатты.

Қаттылығы жоғары. Қаттылығы орташа.

3.Молекулалық

   F2

   CI2

   Br2

   I2

 

   HF

   HCI

   HBr

   HI

 

-223

-100

-7,2

113,5

 

-114,2

-92

-87

-50,8

 

 

-187

-34

58,75

184,5

 

-99,9

-84,9

-66,7

-35,3

 

1,11

1,56

3,12

4,93

 

0,98

1,19

2,16

2,8

 

Газ тәрізді немесе ұшқыш  заттар.

( кристалл торларының серіктігі фторға қарай төмендейді)

 Молекулалық кристалл торлы заттар қаттылығының төмендігімен, ұшқыштығымен, қайнау ж/е балқу температураларының төмендігімен ерекшеленеді. Оқушылардың білімін бір жүйеге келтіру үшін мынадай сұрақтар қоямыз:

1. Иондық молекулалық және атомдық кристал торлардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

2. Иондық кристалл торлы заттардың физикалық қасиеттері қандай?

3. Атомдық,молекулалық кристалл торлы заттардың физикалық қасиеттері қандай?

4.Кристалл торларының әр түріне екіден мысал келтір.

Үйге тапсырма беру: тақырыпты оқу,   1-3 жаттығулары. Жұмыс дәптерінен тапсырма.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
«Білім кристалын іздеу»
Иондық байланыс,металдық байланыс.
№2 бақылау жұмысы
8-сынып химия пәнінен ІІ тоқсан бойынша бақылау жұмысы
Иондық химиялық байланыс. Иондық және ковалентті байланыстың қасиеттері
Металдық химиялық байланыс
Кристалдық торлар
Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы
Кристалдық торлар
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 5989 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык