Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Наурыз - жыл басы»


«Наурыз - жыл басы»

«Наурыз - жыл басы»

 Сабақтың тақырыбы«Наурыз - жыл басы»

 Сабақтың мақсаты:

  1.Білімділігі: оқушыларға наурыз туралы түсінік беру, ән үйрету.

  2.Тәрбиелігі: оқушыларға рухани – адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

  3.Дамытушылығы: наурыз мейрамына деген қызығушылықтарын арттыру.

 абақтың әдісі: Сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: баян ,домбыра, үн таспа, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

  1. Жаңа сабақ
  2. Ән үйрену.
  3. Музыка тыңдау.

     5 . Қорытындылау.

Жаңа сабақ:

 Оқушыларға ортақ сұрақ: «Наруыз » сөзін қалай түсінеміз?  Оқушылар сұраққа жауап береді.

Наурыз- шығыс халықтарының ертеден келе жатқан мейрамы.Бұл-күн мен түннің теңелетін, қыс ызғары кетіп, көктем лебі сезілетін уақыт. Бұл кезде мал төлдеп,адамдардың ауызы аққа тиеді. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп аттап, жаңа жылдың басы деп санаған. Наурыздың 21 нен 22 сіне қараған түн осы күнге сәйкес келеді. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті,киелі саналған. Ол күні жаңбыр не қар жауса ,  «нұр жауды,туар жыл жақсы болады» деп қуанған. Бұл күні адамдар бір бірімен төс қағысып амандасады, өкпелері болса, кешіреді. Ұлыс күнінде сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрі бар. Адамдар бір бірімен кездескенде:

 Жасың құтты болсын!

Өмір жасың ұзақ болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Пәле-жала жерге енсін!- деп құттықтайды.

( 14 наурыз күннін өзім түсіндіріп өтемін) Аспаптар және ұлттық ойындар  туралы айтып өтемін.

Музыка тыңдау:  К.Ыбырайұлының «Наурыз» әннін тыңдау.

Маңғыстаулық Көмек Ыбырайұлы балалар ақыны, сазгер ,бірнеше ән –күйлердің авторы.

Әрі көптеген балаларға арналған кітаптардың авторы. Атап өтетін болсақ «Апа ,туған күніңмен», «Көжек» , «Аспаптар сөйлейді» , «Ақ кеме» т.б

Ән үйрену:  К.Ыбырайұлының  «Наурыз» әннін жаттау. Хормен айту.

                                    «Наурыз»  авторы: К.Ыбырайұлы.

1.Наурыз келді тағы да құшақтап гүлін.

   Құтты болсын мереке, той сәні бүгін.

   Құтты болсын жаңа жылым ,

   Думандасын дала қырым.

   Жетсін,жетсін алысқа үнім.

Қ-сы: Уа,халайық,ән салайық , биге басалық.

          Нұр жайнасын жанарлар да,  қарттар жасарып .

          Құтты болсын жаңа жылым,думандасын дала қырым,

          Жетсін, жетсін алысқа үнім!

  1. Әр ошақта жағалық бақыттың шамын,

     Қарсы алалық бдәріміз жақұт түн таңын.

     Қыдыр ата әр үйге енсін,

     Жаңа  өмірге сәби келсін,

     Ұлассын той, той бола берсін.

Қ-сы: Уа,халайық,ән салайық , биге басалық.

          Нұр жайнасын жанарлар да,  қарттар жасарып .

          Қыдыр ата әр үйге енсін жаңа өмірге сәби келсін,

          Ұлассын той, той бола берсін!

Қорытындылау

Үйге тапсырма: әнді жаттау. Әр топ бүгінгі өткен сабақ бойынша ой толғау жазып келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қош келдің, Наурыз!
Наурыз – жыл басы!
Қош келдің-Әз наурыз!
Наурыз – жыл басы!
Наурыз –думан.
Наурызым - әз наз гүлім!
Құтты болсын, Наурыз!
Наурыз - думан
Жыл басы Әз-Наурыз
«Жыл басы- Наурыз»
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 14071 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык