Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Арулар - асыл жандар.


Арулар - асыл жандар.

Арулар - асыл жандар.

Тақырыбы:Арулар - асыл жандар.

 Мақсаты: Өзін-өзі таныстыра білу және өз өнерлерін көпшілік алдында көрсете білуге үйрету.

Танымдық , шығармашылық және эстетикалық  талғамын дамыту.

Әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрибиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, шарлар, гүлдер.

Жүргізуші: Қайырлы таң құрметті қонақтар, аналар, ұстаздар, бүлдіршін қыздар. Сіздерді көктемгі ең алғашқы мерекесімен  8-наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен  құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

    Гүл өссе - жердің көркі, қыз өссе елдің көркі дей отыра бүгінгі арулар – асыл жандар атты тәрбие сағатымызды  ашуға рұқсат етіңіздер. Ендеше байқауға қатысатын қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Мың бұралған арулар аңдап басып,  

 Келеді міне ортаға толқып тасып

 Аруларын сыйлаған халқым менің,   

 Көңілді қошеметпен қарсы алайық

(Әділқазылармен таныстыру)

1-Таныстыру:

1-Ару:Армысыздар,  аяулы асыл халқым

Бас иіп сәлемдесу – ата салтым

Русланның қызымын мен, атым – Дильназ

Тізейін жыр маржаннын сөзден  алтын

  2-Ару:

 Иіліп сәлем беремін

Бағымды сынап көремін

Жиналған жұртқа өзімді

Таныстырып берейін

..... атты руданмын

Өнер жолын қуғанмын

Сағдат пенен Анардай

Ата-анадан туғанмын

  3-ару:

 Армысыздар аяулы апаларым    

Ұстаздарым аналарым, аталарым

Ортаға шыққан қызың – Томирис

Сіздердің қабыл болсын баталарың

  4-ару: Иіліп сәлемімді беріп тұрмын

Әділдік боларына сеніп тұрмын

...... қызымын мен , атым Сабина

Сіздерден бата сұрап келіп тұрмын

 5-ару  Қазақтың Дариға атты қызымын мен

 Әдепті қыздардың бірімін мен

Әкем ... мен анам Айгүл

Ән салып ,би билейміз сіздерменен

 6-ару  

  Уа халайық, армысың

Салмақтап сөз бастайын

Әдептен мен аспайын

Ясмина атты қызыңмын

Өнер қуған жастайын

 7-ару Мені өсіріп баптаған

Мейірімін маған сақтаған

Ақ ниетті жан анам

Ләззатты айтып мақтанам

 Сызылтып мен ән салам

Өнерді биік шындатам

Менің атым Жансая

 8-ару 

 Иіліп көпшілікке сәлем бердім

Өз күшімді шамалап соған сендім

«өнерде бар әркімнің үлесі» деп

Үкілеп үмітімдіАружан мен де келдім

 2- Сұрақтарға жауап беру

Енді осы ару қыздарымыздың аналарын ортаға шақырайық. Қыздар қоржыннан кез келген сұрақты алып шығады. Аналары жауап береді.

 (Қыздар 3-ші сайысқа дайындалады)

Ұл балалар тақпақтарын айтады.

Арсен, Жандос, Дамир, Бибарыс Рахат.

3-сайыс. Сән үлгілері.

(Арулар кезекпен шығып әртүрлі нәрселерден тіккен көйлектерін көрсетеді)

Әділқазылар бағасын береді.

 Ән Жанаев Талғаттың орындауында.

 Алмат, Бахтияр, Абзал тақпақ айтады.

4-сайыс. Кедеймін деп қысылма

                Өнерің болса қолында

                 Өнерлінің ырысы

                Жарқырап жатар жолында

Қыздарымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен өнер көрсетеді.

 -Ал, енді сайыстың қорытындысын шығару үшін әділқазыларға сөз берейік.

(Сайыскерлерге өнеріне қарай атақ беріледі, мадақтау қағазымен марапатталады.

 Ұл балалардың орындауында «Ақ мамам» атты әнмен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
“Қыздар сұлу көрінер өнерімен”
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
«Күз ханшайымы»
Айналайын ана, мерекеңізбен!
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.
«Күз ханшайымы»
Аяулы анашым.
Сүйкімді арулар
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 3365 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык