Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Ертегілер еліне саяхат»


«Ертегілер еліне саяхат»

«Ертегілер еліне саяхат»

Тақырыбы:   «Ертегілер еліне саяхат»

Мақсаты:  1.  Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, суретке қарап сөйлем құрау, буындату, дыбыстық талдау жасату арқылы білімдерін қорытындылау;

  1. Тапсырма беру арқылы тура және кері санату, шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды өлшеу, геометриялық пішіндерді ажырату, логикалық есептер, таңбаларды білу арқылы балалардың білімін тиянақтау;
  2. Балаларды табиғатты сүйе білуге, аялауға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу;
  3. Сурет салдыру арқылы өз сезімдерін дұрыс жеткізе білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, салыстыру.

Көрнекіліктер:Ертегілер суреттері, атрибуттар, текшелер, жолақтар, 1-ден 10-ға дейінгі сандар, ауыр, жеңіл, сұйық, сусымалы заттар, музыка, қылқалам, бояу, сүлгі. 

Сөздік жұмысы:  Ертегі, кейіпкер, сөз, сөйлем, дыбыс, буын.

Жұмыс барысы

Тәриешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-шығармашылық

 

 

Ән-күй залына кіріп, дөңгеленіп отырады. Тақтаға ілінген ертегілер, үлестірмелі материалдар қойылады. Интерактивті тақта пайдаланылады.

Таңғы жиын:

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу сыйлайық,

Жинаған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық.

Балалардың назарын ертегілер саяхатына аудару.

 

 

 

 

 

 

Балалар шеңберге тұрып, жүреккке жинаған жылы шуақтарын сыйлайды.

Ізденіс-ұйымдас-

тырушылық

 

-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-Қай қалада тұрамыз?

-ҚР-ң елбасы кім?

-ҚР-ң рәміздерін ата

Енді балалар біз қазір ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Ертегілер еліне паравоз болып барайық.

«Қарлығаш пен Дәуіт»

-Қандай ертегі еліне келдік?

-Сендер бұл ертегі туралы білесіңдер ме?

Ертегі туралы сұрақтар қою:

-Қарлығаш балапандарын құтқаруға нелерден көмек сұрайды?

-Қарлығашқа не көмектеседі?

-Дәуіт қандай дос?

-Қарлығаш қай мезгілде ұшып келеді?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

 

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

 

-Кім көктем туралы тақпақ біледі?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Көктемде қандай құстар ұшып келеді?

-Құстар туралы кім тақпақ, мақал-мәтел, тыйым сөздер біледі?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойын: «Құстарды ажыратып, орналастыр» 

Ойынның шартымен түсіндіру.

Сергіту сәті:

Кәне қанат жазайық, қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.

Қарлығаш болып ұшайық, торғай болып қонайық.

Сауысқан болып секіріп, тоқылдақ болып тоқиық.

 

«Жыл басына таласқан хауанаттар»

 

Балалар әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.

-Балалар қандай ертегі еліне келдік?

Дұрыс, айтасыңдар.

-1 жылда неше ай бар?

- 12 айды кім атап береді?

 

 

- Жыл басын ең бірінші көрген кім?

 

 

 

 

 

 

 

Енді балалар тышқан деген сөзді буынға бөліп, сөйлем құрап, дыбыстық талдау жасайық.

Ең алдымен сөйлем құрайық.

 

-Неше сөзден құралып тұр?

- Неше буын бар?

Дыбыстық талдау жасайық.

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Кім атап береді?

Үстел үстіне отырып, жолаққа  текше арқылы  дыбыстық талдау жасайды.

Тақтаға бір бала шығарып, дыбыстық талдау жасату.

-Неше дауысты және дауыссыз дыбыс бар?

Шаршағанымызды басып, мына жердегі кедергілерден қоян, аю, түлкі т.б жануарлар тәрізді өтейік.

 

 

«Қасқыр мен жеті лақ»

 

Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.

-Қандай ертегі еліне келдік?

-Ой, балалар мына жерде ешкі жылап отыр екен. Кәнекей, не үшін жылап отыр сұрап көрейік.

-Ешкі, ешкі сен неге жылап отырсың?

Ешкі: Менің лақтарымды қасқыр босатпай жатыр, егер тапсырмаларымды орындасаң ғана босатамын дейді. Ал, мен  тапсырмаларды орындай алмай отырмын.

Балалар ешкінің жағдайы мәз емес екен. Кәнекей, тапсырмаларды орындауға көмектесеміз бе?

1.1-ден 10- ға дейін тура және кері санау.

Дидактикалық ойын:

«Жоғалған санды тап»

 

2. Кім санамақ біледі?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Сандардың көршісін тап.

 

4.Ауыр және жеңіл, сұйық және сусымалы заттарды ажырат.

 

 

 

 

5.Мына суреттер қандай пішіндерден құралған?

6. Қандай таңбаларды білесің?

7.Логикалық есептерді шеш:

Жан-жаққа кетті зымырап,

Мысықтан қорыққан тышқандар

Қорапқа кірді біреуі,

Артынан кетті екеуі,

Тығылды сонда нешеуі?

 

Ағаш басында сегіз торғай отыр, оның үшеуі ұшып кетті. Барлығы қанша қалды?

Қасқыр: Жарайсыңдар, сендер барлық тапсырмаларды белсенді орындадыңдар, мен лақтарды босатамын.

Ешкі риза болып, қоштасып кетеді.

Балалар кілемшеге отырып, психологиялық жаттығу жасап  шаршағанымызды басайық.

 

Психологиялық жаттығу:

Кәнекей, балалар шөпке отырайық, көзімізді жұмайық (құстардың, судың дыбысы естіледі), не естіп тұрсыңдар? О, қандай әдемі салқын жел соғып тұр. Сездіңдер ма? (балалардың бетіне желпеуішпен желдету), Кәне, терең демалып, тыныс алайық. Таза ауа сезілді ма? (балаларға хош иіс сездірту). Енді көзімізді ашайық. Орманның таза ауасы, құстардың дыбысы сендерге ұнады?  

 

«Менің сезімдерім»

Балалар енді өзіміздің осы сабақтан алған әсерлерімізді мына жүрек арқылы білдірейік. Жүректі боятып, өз көңіл-күйлерін білдіртіп, қиып жапсырту.

Кәнекей, балалар өзіміздің салған суреттерімізді мына үлкен жүрекке жапсырайық.

 

 

 

 

-Қазақстанда

-Астана

-Н.Ә. Назарбаев

-Ту, Елтаңба, Әнұран

Балалар ертегілер еліне саяхатқа даярланады.

 

 

-«Қарлығаш пен Дәуіт»

-Ия, білеміз.

 

 

-Көкек, Қарға

 

 

-Дәуіт

-Жақсы дос

 -Көктемде

 

-Көктем

-Күн жылынады, ағаштар бүршік атады, құстар ұшып келеді.

- 3 ай бар,Наурыз, Сәуір, Мамыр

-Дос:

Көктем келді шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау, алақай!

Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты.

Дала гүлге толыпты,

Аққу көлге қоныпты.

Алақай-ау, алақай!

Көктем қандай көрікті.

-Қарлығаш, Көкек, Тырна,

 

Айнұр:

Кезек-кезек шөп әкеліп,

Ұлпа жүнді көп әкеліп.

Таңдап алып қия жарды,

Қарлығаштар ұя салды.

Альтайр:

Жаршысымын көктемнің

Көкек дейді мені жұрт

Өз атын айтар құс менмін.

Көктемді күтсең мені күт.

Мақал-мәтел:

Мая:

Қарға-қарғаның көзін шұқымас.

Дана:

Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.

Айғаным:

Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.

 

Балалар құстарды ажыратып, өз орындарына орналастырады.

 

Қимыл-әрекеттер арқылы жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- «Жыл басына таласқан хауанаттар»

 

-12 ай бар

-Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз.

-Тышқан

Әлібек:

Тышқан деген батырың,

Таңды көзбен атырды.

Төбесінен түйенің,

Жылды көріп қатырды.

Барлығына қараңдар.

Жылды көрген тышқанды,

Жылбасы деп санаңдар.

 

 

 

-Тышқан ін қазды.

-Тышқан  жыл басы.

- 3сөзден құралып тұр.

-Екі буын бар.

 

-Естиміз, айтамыз.

- 2 бөлінеді

-Дауысты, дауыссыз.

Өз беттерімен дыбыстық талдау жасайды.

 

 

 

-Екі дауысты, төрт дауыссыз дыбыс бар.

Балалар кедергіден жануарлар тәрізді өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

-«Қасқыр мен жеті лақ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Көмектесеміз

 

-Балалар тура және кері санайды.

 

 

 

Санамақ:

Ернар:

Бір дегенім - бесік,

Шықтым содан өсіп.

Екі дегенім - елім,

Далам, тауым, көгім.

Сымбат:

Үш дегенім - үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім - төзім,

Төзе білем өзім.

Ислам:

Бес дегенім - бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Алты деген - ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

Адина:

Жеті деген - жалау.

Жүректегі алау.

Сегіз деген - сөзің,

Серт беретін кезің.

Мұхамедәлі:

Тоғыз деген - тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім - Отан,

Қорға соны ботам!

5,3,6 сандардың көршісін табады.

Тас ауыр, мақта жеңіл.

Сұйық заттар: су, айран, сүт, қымыз.

Сусымалы заттар: құм, қант, күріш, тары.

 

Сурет бойынша пішіндерді ажыратады.

Қосу, азайту, тең

 

-Үшеу

 

 

 

 

 

- Бесеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар кілемшеге отырып, психологиялық жаттығу жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жүрек арқылы өз көңіл-күйлерін бейнелейді. Өздері салған жүректерін қиып, үлкен жүрекке жапсырады.

Рефлексті-коррективті

Сабақты қорытындылау:

Диаграмма жасау: 

-Бүгін біз қайда саяхат жасадық?

-Бірінші қандай ертегіге кездестік?

-Онда қандай тапсырма орындадық?

 

- Екінші қандай ертегіге кездестік?

 

- Онда қандай тапсырма орындадық?

 

-Үшінші қандай ертегіге кездестік?

-Онда қандай тапсырма орындадық?

 

 

 

-Өз сезімдерімізді қалай білдірдік?

Жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.

 

Кәнекей балалар шеңбер құрайық,

Қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Ертегілер еліне

-«Қарлығаш пен Дәуіт»

-Тақпақ, мақал-мәтел, тыйым сөз, дидактикалық ойын ойнадық.

-«Жыл басына таласқан хауанаттар»

-Сөйлем құрадық, буынға бөлдік, дыбыстық талдау жасадық.

-«Қасқыр мен жеті лақ»

-Сандарды тура және кері санадық,ауыр, жеңіл, сұйық,сусымалы заттарды, пішіндерді ажыраттық.

-Жүрек арқылы білдірдік.

 

 

 

Шеңберге тұрып, қонақтармен қоштасады.

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ертегілер еліне саяхат»
Қ қ дыбысы мен әрпі
Құстар
«Көңілді көктем»
Түлкі туралы ертегілер еліне саяхат
3 көлемінде санау
Көрікті көктем
Әртүрлі дөңгелектер
Менің сүйікті кейіпкерім
О дыбысы мен әрпі.
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 6488 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык